Бәйге
29.01.2016
1771
0

mQVcCsVRQd8Талантты ақын С.Томановтың 60 жылдық мерейтойының қарсаңында «Адасып қалған ақ бөкен»  атты жас ақындардың республикалық жабық жыр мүшәйрасының

 ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережесі:
Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының қолдауымен 2016 жылдың 31 наурызында талантты ақын С.Томановтың 60 жылдық ме­рейтойының қарсаңында «Адасып қалған ақ бөкен» атты жас ақындардың рес­пуб­ли­калық жабық жыр мүшәйрасы Талас ау­даны, Қаратау қаласында өтеді.

2. Мүшәйраның мақсаты:
• Ақын Серік Томановтың өмірі мен шы­ғар­машылығын халыққа кеңінен насихаттау;
• Ақындарға қолдау көрсету, жоғары дең­гейлі шығармаларды өмірге әкелуге ын­та­ландыру, шеберліктерін шыңдау, шығар­ма­ларын оқырмандар арасында насихаттау;
• Жас буынды ұлттық мәдени құнды­лық­тар рухына, қазақстандық патриотизмге тәр­биелеу;
• Қазақ әдебиетінің дамуына ақынның қос­қан үлесі мен қалдырған мол мұрасын, кейін­гі ұрпаққа үлгі ету, дәріптеу.
3. Мүшәйраның талаптары мен шарттары:
Мүшәйраға төмендегідей тақырыптар бойынша екі өлең қабылданады:
Бірінші өлең – Ақын Серік Томановтың өмірі мен шығармашылығына, оның қазақ әдебиетінің дамуына қосқан үлесі мен қалдырған мол мұрасы туралы.
Екінші өлең – Жамбыл облысына арнал­ған.
• Мүшәйраға жасы 35-тен аспаған әр ұлттардың өкілдері қатыса алады.
• Әдеби журналдарда, жинақтарда бұрын жарияланған шығармалар қабылданбайды.
• Ұсынылған өлеңдер компьютер арқы­лы те­ріл­ген болуы тиіс. Қолмен жазылған шығармалар қабылданбайды.
• Мүшәйра жеңімпаздары қосымша жа­рия­ланып, шақырылады.

4. Құжаттарды қабылдау тәртібі:
• Құжаттар 2016 жылдың ақпан айының 29-на дейін төменде көрсетілген мекен-жай­ бойынша «Қазпошта» арқылы қабыл­дана­ды.
• Мүшәйраға қатысушылар 9х13 см
2 фотосуреті мен жеке төлқұжатының көшір­месін, шығармашылық өмірбаянын (резюме) кіші конвертке салады. Сонымен қатар, мүшәйраға қатысатын өлеңін және кіші конвертті үлкен конверттің ішіне салып, сыртына лақап атын жазуға тиіс.
• Мекен-жайы:
080000, Тараз қаласы,
Төле би даңғылы 35 үй, 514 бөлме.
Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқар­масының облыстық халық шығармашылығы орталығы («Мүшәйраға» белгісімен).
Байланыс телефондары: 8/726/2 43-88-01.

5. Ұйымдастыру комитеті:
• Ұйымдастыру комитеті дайындау және өткізу бойынша басшылықты жүзеге асырады, жүлделі орындардың саны мен ақшалай сыйақының мөлшерін анықтайды.
• Ұйымдастыру комитеті мүшәйраға қатысқан шығармаларды жариялауға немесе жинақ қып шығаруға құқылы.
6. Мүшәйраның қазылар алқасы:
• Қазылар алқасының құрамы мемлекет­тік органдардың өкілдерінен, мә­дениет және өнердің көрнекті қайраткерлерінен құрала­ды.
• Қазылар алқасының шешімі түпкілікті және қайта қарауға жатпайды.
• Қазылар алқасының шешімі хаттамамен рәсімделеді және барлық мүшелері қол қояды.
• Қазылар алқасы жүлделерді бөлуге немесе бермеуге құқығы бар.

Жүлдегерлерді марапаттау:
• Бас жүлде.
• Бірінші орын.
• Екінші орын.
• Үшінші орын.
• Ынталандыру сыйлықтары.

7. Қаржыландыру:
• Мүшәйра өткізуді қаржыландыру жер­гі­лікті облыстық қаражат шегінде жүзеге асы­рылады.
8. Қорытынды ереже:
• Осы Ережемен реттелмеген барлық мә­селелер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шеші­леді.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір