Тербет жырым! Әділеттің бесігін…
29.01.2016
2161
0

17

Ділдәгүл Нұрмаханбет

ӨМІР ДЕРТІНЕ

Қасіретім жөргегінде қағынып,
Тағдырымнан мың айласын асырып.
Мұң мен жырдың арасында сабылдым,
Жүрегімнен қуанышты жасырып.

Жаным алау, өмір мынау құбылған,
Адалдығы зұлымдықпен жуылған.
Ұрпағымын әділетсіз қоғамның,
Бақыт тірлік құшағында суынған.

Өртенемін өлең – өмір дертіне,
Жалбарыну тең келмейді сертіме.
Дүниенің не болары белгісіз,
Адам бәрін салып қойса еркіне.
Көре тұра көзіңді ойып алдайтын,
Жезөкшелер тәнін пұлға жалдайтын.
Қасиетсіз тіршілікке не шара,
Пенде шіркін бірін-бірі қорлайтын.

Жақсылықтың жиі ұрып есігін,
Тербет жырым! Әділеттің бесігін.
Маған одан артылатын бақыт жоқ,
Естілмесе туған елде кесір үн.

ӘКЕ РУХЫМЕН СЫРЛАСУ

Бақилыққа сен кеткелі көп болды,
Тағы бір жыл тұр мінеки, өткелі.
Сыңар көңіл толқындарын мұз қарып,
Сағыныштан жүрегіме мұң толды.
Әке! Сенің үмітіңді ақтадым,
Адалдық пен имандылық таңдауым.
«Көгере бер, қызым!» деген сөзіңді,
Бойтұмардай жүрегімде сақтадым.

Ізгілігім бастау алған өзіңнен,
Санам саяқ соқыр, надан сезімнен.
Тек жетпейді жүрегіңнің жылуы,
Қорғап қалар дауылды өмір тезінен.

Түстім талай дауыл – тағдыр сынына,
Жетті көзім жалғандықтың шынына.
Өзім деген пендешілік әуресі,
Татымайды жақсылықтың нұрына.

Өттім біраз белестерден сүрінбей,
Жүздім арман айдынында көз ілмей.
Сүйенерім өзің көрген бастауын,
Жырлар жазу нақ өмірдің өзіндей.
Кешір, Әке! Болса ісім қисынсыз,
Өртенемін өз отыма амалсыз.
Көйлегі көк, кеудесі бос пендедей,
Сүре алмаймын мен өмірді алаңсыз.

ЖЫР ӘЛЕМДІ СЫЙДЫРА
АЛМАЙ КЕУДЕМЕ

Нәзік сезім күңіреніп кеудемде,
Бір жалындап, бір суынып, бір демде.
Сағынышым бір ғұмырға жететін,
Жүрегімді жатыр тіліп бұл күнде.

Өлең – ойдың дәмін татып кезекпен,
Пенде – ғұмыр жатыр теуіп өзектен.
Қақыратып көңілімді қазағым,
Жүр «таяқтап» өз қандасын өсекпен.

Жауыздықты үсік шалса жатырда,
Ұрпақ азап тарта бермес тақырда.
Мұқалмайтын
Махамбеттер табылар,
Арқа сүйер ұланына батыр да.

Үмітіңді алдарқаусыз ақтайтын,
Адалдықты иманындай сақтайтын.
Күндер туар ізгіліктен нәр алған,
Қасіреттің ізін
тауып таптайтын.

Нәзік сезім жай таппақшы қай күні,
Сілкініспен серпіп мұнар қайғыны.
Тағдыр салған тауқыметтен арылып,
Арманымның шалқыр алдан айдыны.

Қасиетті муза жанды тербесе,
Жыр әлемді сыйдыра алмай кеудеме.
Қуанышқа толып сезім арнасы,

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір