«АСПАНДА ҰШҚАН АҚ КӨБЕЛЕКТЕР»
22.01.2016
1438
0

20160120_105347Қазақтың көрнекті жазушы-драматургі Рахымжан Отарбаевтың «Шыңжаң әсемөнер фотосурет» баспасынан шыққан «Аспанда ұшқан ақ көбелектер» атты бір томдық таңда­малы әңгімелер жинағы арнайы Үкіметтік тап­сырыспен он мың тиражбен қайта басылып шықты. Ондағы мақсат – жазушы шығармасын Қытайдағы қазақ қауымына түгелдей тегін тарату. Бұл Аспан асты елінде тұңғыш рет тәжірибеге еніп отырған шара.

Сонымен бірге, қытай тілінде шыға­тын «Мәдениет» журналында жазушы, аудармашы Еркеш Құрманбек­қы­зы­ның тәржімасымен, суреткердің бір­неше әңгімесі және «Қазақ әдебиеті» газетінің әдеби қызметкері Сержан Тоқ­та­сын­ұлы­ның қытай тіліндегі  «Р.Отарбаев прозасын­да­ғы психологизм мәсе­ле­лері» атты мақаласы да жария­лан­ған.

Ал Мәскеудің «Художественная ли­тература» баспасы жазушының «Плач Чингис-хана» атты хикаят және әңгімелер жинағын жарыққа шығарды. Сонымен бірге, бұл жинақ 2015 жылдың қорытындысы бойынша «ТМД елдері әде­биетіндегі ең үздік кітап» номинациясын жеңіп алды.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір