«МЕЙІРІМ ҒАЛАМШАРЫ»
22.01.2016
1442
0

Рисунок1Жуырда Шымкенттегі А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапханада Түркістан қаласындағы  Халықаралық қазақ-түрік университеті журналистика факультетінің IV-курс студенті, көптеген халықаралық, республикалық жыр додасының жеңімпазы, 2014 жылғы Халықаралық «Шабыт» фестивалінің Гран-при иегері Батырхан Сәрсенханның «Мейірім ғаламшары» атты жаңа жыр жинағының  тұсаукесері өтті.

Кітап  Қарағанды қаласындағы «Тенгри» баспаханасынан  ақын Қалқаман Сариннің қолдауымен жарық көріпті. Алғысөзін жазған ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ұлық­бек Есдәулет. Жиын барысында белгілі қаламгерлер Нар­махан Бегалы мен Мархабат Байғұт кітаптың тұсауын кесіп, қоғамнан, адамдар арасынан мейірім іздеген жас ақынға ақ баталарын берді.

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір