АҚЫННЫҢ ЖАРЫ
15.01.2016
1841
0
824411_1304986902_______________Осы аптаның дүйсенбісінде жамбасы жерге тиген Қанағат Қараш Қанипа Бұ­ғыбаеваның жан жары еді. Табиғат ананың ақындықты жомарт сыйлаған адамға есімінің қосақталуы біреулерге ерсі көрінуі де мүмкін-ау. Сөйтсе де бұл қосақтың ішкі жарасымын тым жақын бі­летіндер ғана аңғарар. Күні кеше дү­ниеден озғанға дейін сол ақын жа­ры­ның атын ардақтады, тіпті қосағының өлеңімен өнер жарыстырғысы келгендей қадамға батыл да барды. Бұл қа­дам өзгеге жараспаса да, Қанағатқа қо­нымды болатын. Өйткені, ол Ұзын­ағаш сах­насына бірқатар қойылымдар шы­ғарды. Даңқты өнер шебері Ыдырыс Но­ғайбаевқа серіктесіп, спектакль тұ­жырымдарын жұртшылыққа жаңаша түсіндірді. Болашақ өнерпаздардың та­л­абын шыңдады. Жұп-жұқа жара­тылы­с иесі қарасөз де жазды, ақын­дар­дың өлеңдеріне де «жан бітірді». Қа­зір қолыңа шам алып іздесең де осын­дай ерекшелігі бар Қанағат Қарашевты табу оңайға соқпайды.
Бұл шындықты дүниеден өткеннен соң барып түсінетініміз өкінішті.
Қош бол, Қанағат!
«Қазақ әдебиеті» газеті.
ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір