КЕЛЕШЕК ҮШІН АЛАҢДАР КӨҢІЛ…
15.01.2016
1655
0

822747_570947057___________Ескен Елубай

 

АДАМ ТҰЛАБОЙЫНДА…

Адам тұла бойында

Туа біткен –

Бояу көп.

Көзім жеткен,

Онымда,

Еш күмәнім болған жоқ.

 

Денесінде әр кісінің

Зейін қойсаң, табасың,

Алуан бояу түсінің

Барына жоқ таласым.

 

Қалай  білдім?

Оны  мен,

Дәлелдейін ретімен.

Тізіп шығам,

Сонымен,

Бірте-бірте шетінен.

 

Шаш дегенің,

Бір кезде

Қап-қара еді бастағы,

Қартайғанда ол

Лезде,

Ақ түске ене бастады…

 

Оңбай таяқ жегеннен

Күндердің бір күнінде,

Көздің асты көгерген,

Жүрдің сондай күйіңде.

 

Бір кездері –

Тістерің

Әппақ еді.

Не дейік,

Ол сарғая түскенін

Атап, атай кетейік.

 

Қан да  қызыл

Адамда,

Ағатұғын тамырда…

Көп түс барын,

Содан да,

Рас екен деп қабылда.

 

Шаштың –

Қара болмағы,

Онда тұлабойдағы

Қара бояу болғаны,

Бір дәлелім –

Сол-дағы.

 

Шаштың  әппақ болмағы,

Онда тұлабойдағы,

Ақ бояудың болғаны,

Бір дәлелім –

Сол-дағы.

 

Көз асты –

Көк болмағы.

Онда тұлабойдағы

Көк бояудың болғаны,

Бір дәлелім –

Сол тағы.

 

Тіс –

Сап-сары болмағы,

Онда тұлабойдағы

Сары түстің болғаны,

Бір дәлелім –

Сол тағы.

 

Қанның –

Қызыл болмағы,

Онда тұла бойдағы

Қызыл бояу болғаны,

Бір дәлелім –

Сол тағы…

 

Ашуланса –

Сұрлану,

Ұялғанда –

Қызару,

Ауырса бауыр –

Сарғая,

Өңі қашса –

Бозару…

 

Айта берсек,

Табам да,

Тағысын-тағы… және бар,

Бояу көбін –

Адамда,

Теріс деші,

Кәне, ал…

 

БІЗ НЕГЕ КҮЛДІК

Астанаға баратын боп баламыз,

Әуежайға шығарып сап оны біз.

Енді үйге кері қайтып барамыз,

«Орбитада» тіке тартар жолымыз.

 

Сәл уақытта звондады бала да:

Белгілі боп Астанаға жеткені.

Ал автобус біздер мінген қалада,

Жаңа ғана «Көк базардан»  өткені.

 

Жол бойында кептелістен-кептеліс,

Машина көп, қала ішінде көп жүрдік.

Бұл бір қызық басымыздан өткен іс,

«Астанадан «Орбита» алыс», –  деп күлдік.

 

ТАЛАНТ  БІРГЕ ТУМАЙДЫ

Бесіктегі баланы

Кім өсірер саналы?

Бойында бар ма талант,

Жоқ оған еш гарант.

Өсіретін тек өрені

Кітаптың көп берері,

Кезінде ақыл толыспақ,

Кітап қана болыспақ.

 

Оқырман боп өскен соң,

Айтам, бастан кешкен соң.

Сол кітаптар еңбегі,

Болса ақындық мендегі.

Кітап оқу соңына,

Қоймай түстім…

Соңыра

Осы әдетім ұтымды,

Қаламгер қып құтылды.

 

Туғам жоқ бірден,

О бастан,

Дарынды боп ойы асқан,

Келді ол маған кейіннен,

Кітап берген зейіннен…

 

БОЛЖАМ

Алдағы заман,

Ойласам жайын,

Болжамым онша,

Жақсы емес лайым:

Бір кило жемістен –

Мандарин дейтін,

Болады-ау –

Қымбат,

Кило нан жейтін…

 

Бір литр –

Судан,

Бір литр –

Бензин,

Болады-ау –

Арзан,

Бағасы кемшін…

 

Бір кило –

Қанттан,

Бір кило –

Жем-шөп,

Болады-ау

Қымбат,

Сол кезде көрсек.

Бір телім –

Жерден.

Бір кило –

Алтын,

Болады-ау

Арзан,

Түсірген нарқын.

 

Тізсем, көп тағы…

Айтқанда расын,

Осыны болжап,

Қатады басым.

Не болмақ сонда,

Адамның күні,

Не болмақ сонда,

Тіршілік күйі.

Байлығы жердің,

Сарқылса –

Мұнай,

Таусылса –

Кені

Оңбас-ау сыңай…

Сүре ме өмір,

Кейінгі ұрпақ,

Қазіргі

Біздей,

Алаңсыз жырғап.

Келешек үшін

Алаңдар көңіл,

Өзіме осы

Соқпай тұр жеңіл…

 

«АҚ СОРПА» МЕН  «БОЗ СОРПА»

«Ақ сорпа» бұл»  деген не?

Етті асып жегенде.

Оны тауысып болған соң,

Алдыңа сорпа қойған соң,

Аласың да кесесін,

Ішіне қатық езесің.

Болады сонда

«Ақ сорпа»

Сіңімді одан жоқ сорпа…

 

Ал,

«Боз сорпа» деген не?

Етті асып  жегенде,

Оны тауысып болғанда,

Алдыңа сорпа қойғанда,

Күйдіріп ауыз кететін,

Ол ып-ыстық өте тым,

Сууын кім тосады,

Суық су оған қосады.

«Боз сорпа» болды бұл», – дейді,

Енді ауыз күймейді.

Ішеді бірден сіміріп,

Бойларына сіңіріп…

 

ЕШКІ СҮТІ

Ешкі сүтін дәріптеп,

Мақтамайды халық тек.

Ем етуге ішеді,

Базар жақтан алып кеп.

 

Болдым соның куәсі,

Мәселесін сұрашы.

«Сүтінде көп дәрумен» –

Елдің айтар уәжі.

 

«Ешкі-ешкі» дегенде,

Мән береді неге де?

Еті жеңіл сіңімді,

Адам асып жегенге.

 

Ол қалайша?

Себебі

Ешкілердің  көп ебі,

Ең сүйсініп жейтіні –

Таудың өскен көк шөбі.

 

Ағаш көрсе, қасына

Барады да, асыла,

Жапырағын теріп жер,

Қарғып оның басына.

 

Беретін сүт,

Еті де,

Барлық малдың көбіне,

Байланысты болады

Қорек етер шөбіне.

 

«ҚАЛЖА»

Бұл тән –

Қазақ халқына,

Айналған ел салтына:

Бала туған –

Ананы,

Күтімге ерек алады.

 

«Қалжа» сою –

Міндеті:

«Болсын, – деп, –

Жер, Күнде еті.

Жас сорпа ішіп,

Ширасын,

Тездетіп әл жинасын…».

 

«Қалжа» соймас,

Білерім,

Әлемдегі бір елің

Жатпайды еш ұлт түсініп,

Бермесек біз,

Түсінік.

 

Оны аудара ала ма,

Жоқ болса егер,

Балама,

Ол сөз –

Қазақ халқында,

Қалар,

«Қалжа» қалпында…

 

            МИ…

Сенбі күні жетті,

Бұл күні адамның

Уақыты қалай өтті?

 

Мысалы,

Шашы нетті?

Өзін алдыруға –

Шаштаразға кетті.

 

Ал, көзі нетті?

Окулистке қаралуға кетті.

 

Құлағы нетті?

Концерт  тыңдауға кетті.

 

Мұрыны нетті?

Лор-ға тексерілуге кетті.

 

Ауызы нетті?

Асханаға ас ішуге кетті.

 

Тісі нетті?

Стомотологқа емделуге кетті.

 

Өкпесі нетті?

Рентгенге түсуге кетті.

 

Бүйрегі нетті?

Урологқа кетті.

 

Бауыры нетті?

Емханаға көрінуге кетті.

 

Жүрегі нетті

Кардиологиядан өтуге кетті.

 

Бет-әлпеті нетті?

Косметологияға боянуға кетті.

Тамыры нетті?

Қан қысымын өлшетуге кетті.

Аяғы нетті?

Футбол ойнауға кетті.

 

Қолы нетті?

Бассейнге малтуға кетті…

Ал енді…

Миы қайтті…

Сол ғой бәрін жұмсап,

Басқарып отырған жәйтті…

 

Бәріне ие

Миы

Ұмытпайтын мұны.

 

Сондықтан

Әр пенде,

Болмасын мидан кенде.

Ол өйтпесе егер

Әр адамның ұзақ

Көп жасауы бекер…

 

ЖЫЛҚЫ ҚАЗАҚША БІЛЕ МЕ?

Қазақшаны

Жылқының

Осы емес пе –

Білгені,

Шылбыр есіп жүр қылын,

«Шү-шү-шү», – дейді мінгені.

 

Айтқаныңды

Айтқандай,

Естігендей болады,

Мақұл көріп жатқандай,

Оқыранып қояды.

 

«Тәк-тәк», – деп,

Асау жылқының

Желігін көрдік басқаның.

«Құру-құру» – деп

Құлынын,

«Моһ-моһ», – деп қашырар,

Қашқанын…

 

Жылқыменен тілдескен,

Нағыз малсақ –

Қазақ қой,

Төрт сөз айтар үйлескен,

Жерде халық аз-ақ қой…

 

ТҮЙЕ ҚАЗАҚША БІЛЕ МЕ?

Қазақшаны

Түйелер

Осы емес пе білгені?!

Жүк арқаңда тиелер,

«Шөк-шөк-шөк», – деп жүргені.

 

Айтқаныңды

Бұл түлік

Ұққандайын болады.

Түсінгенін білдіріп,

Ыңыранып қояды.

 

Ботасынан айырып,

Ембегенін бақылар.

«Келе-келе», – деп түйе қайырып,

«Көс-көс», – деп бота шақырар…

 

Нағыз малсақ –

Қазақ қой

Түйеге үш сөз үйреткен.

 

Ондай халық аз-ақ қой,

Жер бетінде сирек, кем…

 

ІЗШІЛ АҢШЫ

«Барып тұрған білгір,

Ауылдағы бұл бір,

Аңшы ма», – деп қалдық,

Өзін ертіп алдық.

 

Аң аулап,

Тау,

Түзде,

Шыққантынбыз күзде.

 

Бастап жүрген бізді,

Көрсе жерден ізді,

Аңшы айтады:

«Біл, – деп,

Қасқырдікі бұл, – деп…

 

Бастап жүрген бізді,

Көрсе жатқан ізді,

Аңшы айтады:

– Біл, – деп,

Түлкінікі бұл, – деп…

 

Бастап жүрген бізді,

Көрсе тағы ізді,

Аңшы айтады:

– Біл, – деп,

Қояндікі бұл, – деп…

 

Кездескенін аттың,

Содан кері қайттың…

 

Оған разы күйде,

Кірсек енді үйге,

Лас екен еден,

Былғанған ол неден?

 

Іздер жатыр сайрап,

Сұрағанбыз жайлап:

– Бұл кімдікі? – дедік.

– Киіп жүрген етік,

Баламның бұл ісі,

Соның салған ізі.

 

Сыртта,

Батпақ кешіп,

Ойнаған ғой есіп.

Содан үйге кірген,

Ары-бері жүрген.

Тыстан келген бойы,

Тазартпаған оны,

Үй балшыққа толы,

Мынау өткен жолы…

 

…Танып бірден ізді,

Таң етті тағы ол бізді…

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір