Жолдауға – Қолдау
11.12.2015
1887
0
2014Үнемді өмір сүрсең – ұтасың
Елбасы Н.Ә.Назарбаев өз Жолдауын: «Қа­зіргі заманды күрделі бейімделу кезеңі,  сондықтан  әрбір қазақстан­дық­­­тың мақсаты: бірлікті сақтап, ел үшін еңбек ету болуы тиіс», – деп бас­тады. Яғни «Біріміз – бәріміз үшін, бәріміз – біріміз үшін» деген қағидатты толық ұстап, әрбір ісімізді терең ойланып, үлкен жауапкершілікпен ат­қа­ру.
Мемлекет басшысы қалыптасқан экономикалық жағдайда оған бейім­делу­ді және әрі қарай дамуға қажет мүмкіндіктерді табу жолдарын халық­қа кеңінен түсіндірді. Мемлекет бас­шы­сы қазіргі экономикалық қиындық­тар­­дың басты себебі, әлемдік эко­­­номи­ка өсімінің баяулауының не­гізі шикізат тауарларына деген сұраныс пен бағаның төмендеуі жағдайында, теңгенің еркін айналым бағамына көшуге байланысты дағдарысқа қарсы жүйелі және жедел шаралар қабылдау қажеттігін негіздей келе, нақты тапсырмаларды атап көрсетті.
Жолдауда ел экономикасын қайта құрылымдау, оның бәсекеге қабілетін арттыру үшін қажет жаңа мүмкіндік­тер­ге тоқталды. Бұл мүмкіндіктерді  іске асырудың елімізде барлық жағдай бар, ал біз үшін болашағымыздың кемел жолы:
–  өсу;
– реформалар;
– даму, – деді  Н.Ә.Назарбаев.
Елбасының Жолдаудағы көрсеткен маңызды да, қажет шараларының бірі  – бюджет шығындарын оңтайландыру. Елбасы  халыққа «Қолдағы қаражатқа сай өмір сүру» деген талап қойды. Қа­зақ­­та «Көрпеңе қарай көсіл» деген ақыл­ды сөз бар. Міне, бүгінгі өмір талабына қарай мемлекет басшысы өз хал­қы­на осы қанатты сөзді қайталап айтты.
Жолдаудағы тағы бір жаңалық, ол салық жүйесін тиімді, бәсекеге қа­бі­лет­ті ету.  Салықтық әкімшіліктің са­пасы мен тиімділігіне қол жеткізу, салық жеңілдіктерін негізсіз беруді тоқтату. Бұл өте дұрыс, себебі, салық мемлекеттік бюджеттің негізгі кіріс көзі екені баршаға мәлім. Халықтың әлеуметтік  жағдайы, қорғаныс, мемле­кет­тік басқару, әкімшілік  шығындары   салықтық түсімдерге тікелей тәуелді. Сонымен қатар мемлекет басшысы бюджеттің мемлекеттік шығындарын да тиімді жұмсау қажеттілігін терең не­гіздеп ашық түсіндірді. Бюджет шығындарының  қысқаруы  әлеуметтік салаға ешқандай әсерін тигізбейді. Жаңа экономикалық  жағдайда қар­жы­ландырудың негізгі көзі ішкі ре­сурс­­тарды тиімді пайдалану керектігін Елбасы негізгі міндеттердің бірі деп белгіледі.
Бюджет шығындарын оңтайлан­ды­рудың маңызды шараларын атай келе, мемлекет жекеменшік серік­тес­ті­гінің маңызына кеңінен тоқталды.
Біз, әл-Фараби атындығы Қазақ Ұлттық университетінің ұжымы Жолдауды үлкен тебіреніспен және бол­а­шаққа деген үлкен сеніммен қа­был­дадық. Жолдауды іске асыру мақ­­­са­тында өзіміздің ұжымның дағ­да­рысқа қарсы бағдарламасына қосым­ша шаралар мен түзетулер енгізуді ғы­лыми кеңесте талқылап, шешім шы­­ғардық. Астана мен Алматы қала­ла­рын ғылыми сыйымды өнім өндіру­ші қала  деген – Елбасының сөзі, біздің ғылыми-зерттеу бағыттағы  орынымыз бен мақсатымызды айқындап, ел үшін еңбек етуімізге үлкен жігер мен жауапкершілік жүктеді.
Баян Ермекбаева,

әл-Фараби атындағы
Қазақ Ұлттық университетінің
Экономика және бизнес
жоғары мектебінің деканы,
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

Дағдарыс тұсындағы заманның беталысы
Елбасының «Қазақстан жаңа жа­һан­­дық нақты ахуалда:  өсім, рефор­малар, даму» атты Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауы мынадай маңызды бөлікті қамтығанын атап өту керек: қаржы секторын тұрақтандыру; бюджет саясатын оңтайландыру; же­ке­шелендіру және бәсекелестікті ынталандыру; заман талабына сай ин­вестициялық және әлеуметтік саясат.
Еліміздің сыртқы сауда ұйымына ену күнімен тұспа-тұс келген бүгінгі Жол­дауда  еліміздің экономикалық дағдарыстан шығудың нақты бағдары айқындалып, ұлттық валютамызға деген сенімділікті арттыру, инве­с­тициялық  тартымдылықты белсендіру, салық әкімшілігі тиімділігін көтеруге қа­тысты, т.б. көкейкесті мәселелер көтерілді.
Егемендіктің бір нышанындай ұлт­­тық валютамыз – төл теңгенің тұғы­рын  биіктету – әрбіріміз өзіміздің күнделікті іс-әрекетімізде көрсетуміз шарт. Теңгемізді еркін бағамға жі­бе­ріп,  ұлттық  қор  қолдауын шектегеніміз  тағдыр тәлкегіне салу деген сөз емес.  Яғни күнделікті дүкенге барып сауда жасағанымызда, банктен несие алға­ны­мызда, депозит рәсімдегенімізде, т.б.  Аумалы-төкпелі қазіргідей заманда халқымыздың қанатты сөзімен айтқанда, «көрпеге қарай көсіліп» әр теңгені үнемді жұмсай отырып, бюд­жетті оңтайландыру мәселесі Елбасы Жолдауының өзекті тақырып­тары­ның бірі болды. Елбасы адам өмірінің сапасын одан әрі көтеру жолында мемлекет халық алдындағы әлеуметтік міндеттемелерін, әсіресе, халықтың әлеу­меттік жағынан аз қамтылған бөлігіне  қатысты мүлтіксіз орындайтынын мәлімдеді. Алайда, әлеуметтік теңдік елдің жұмыс жасаушы бөлігіне қатысты әлеуметтік теңсіздікті тудырмау қажет екендігін де назарда ұстауды тапсырды. Демек, өз мамандарымызды даярлау, отандық өндірісті дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашуға, нә­тижесінде бюджетке төленетін салық­тардың өсуі арқылы бюджет кірісін арттыруға мүмкіндік береді. Осы орай­да, отандық өнім «сапалы-ың­ғайлы-әдемі-арзан» деген төрт қағида негізінде өндірілуі керектігін назарда ұстауды тапсырды. Еліміздің жаһандық дағдарыс тұсындағы болашақ бағыты айқындалған әрі нақты қадамдар көрсетіліп, тапсырмалар белгіленген бұл Жолдау өзін Қазақстан патриотымын деген әрбір азаматқа, әсіресе, Жо­ғары білім мен ғылым саласының өкіл­деріне де қатысты. Мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағыттары бел­гіленген аталмыш Жолдау барлы­ғымызға  және  әрбірімізге  тапсырылған міндет деп қабылдаймыз. Жастарды патриоттық пен еңбексүйгіштікке тәрбиелей отырып, экономиканың ғылыми сыйымды секторын жандан­дыруға, Жолдау бағыттарын насихат­тауға өз үлесімізді қосуға атсалыса ала­мыз. Елбасы өзі атап өткендей, «Бәрі – өткінші, сол сияқты, бұл дағ­да­рыс та өтеді», демек, «мың өліп, мың ті­рілген» бабалар ұрпағы үшін ауыз­біршілік пен еңбекқорлық танытқан тұста алынбайтын қамал жоқ. Тәуелсіз­діктің 25 жылында қол жеткізген же­тіс­тігімізді одан әрі үстемелей түсу жо­лында әрі Қасиетті елімізді әлемнің 30 елі санатына қосу жолында  Мәңгілік Ел идеясы одан әрі жалғасын тапқан аталмыш Жолдау ел өркендеуінің жаңа сатысы, дағдарыстан шығу бағыты болады деген сенімдеміз.
М.Ж. Арзаева,
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
Қаржы кафедрасы.
ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір