Ұлы қаған ұлықталды
04.12.2015
1598
0
710772_896329696_AH1Z2358Алматы қаласындағы Д.Қонаев атындағы Еуразиялық Заң академиясында Қазақ хандығының 550 жылдығына және республикалық «Шыңғысхан» журналының 5 жылдығына орай Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы мен Қазақстан Жазушылар одағы аталмыш басылыммен бірлесіп жариялаған «Шыңғыс қаған шындығы» атты жабық бәйгенің қорытындысын жариялады.


Аталмыш шарада Қазақстан Респу­б­ли­касының Мәдениет қайраткері, бел­гілі ақын, «Шыңғысхан» журна­лының құрылтайшысы, бүкіләлемдік Шың­ғыс­хан академиясының акаде­мигі, Алматы об­лыс­тық «Жетісу» газе­тінің бас редакторы Әміре Әрін ал­ғашқы болып сөз сөйледі:
– Жер тырмалап өскен жетімек Те­мір­шін жаһанды жұдырығына жұмыл­ды­рып, көк түріктерді Көк Тәңірінің сүйік­ті пенделеріне айналдыру жолында бар ғұмырын сарп еткен Шыңғыс қаған хандық билікті ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырған даңқты бабаларымыздың бауыр етінен жаралған жалғызымыз ғой! Мынау Ұлы Далада кешегі Кенеса­ры­ға дейін, кемінде төрт мың жыл мұғ­­дарында басты билік ұлық ұлыстан арылып көрген емес! Ал, Аллаға да, адамға да аян жалғыз тарих, ақиқат ал­­дас­паны ендігі  бетте біздің еншіміз­де! Бұл шырқыраған шындықтың айғақты дәлелін Алты Алаштың ардақ­тысы Қаныш Сәтбаев 1941 жылы қылы­шынан қан тамып тұрған Сталиннің көзі тірісінде-ақ: «Алаша хан деп жүргеніміз – Шыңғысхан» деп шегелеп жазып кеткен. Бұдан былайда да Алла бізді көзсіз адасудан, рухани көрсоқыр­лық­тан сақтасын. Бүгінгі таңда Алаш жұр­ты­ның айбыны асқан жылдың құша­ғын­дамыз. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев­тың баянды бастамасы, перзенттік пәрменімен өткізілген Қазақ хандығының 550 жылдығы аясында асқақ рухтың нәрі тамыр-та­мырыңды баурап алар айтулы шаралар байтақ жұртымыздың түкпір-түкпі­рінде барынша бар қадір-қасие­тімен өткерілді, – деді.
Алты Алашқа күні бұрын сауын айтып, жар салып жеткізген сөз бәй­гесіне 70 шақты өлең, дастан және 30-ға тарта зерттеу еңбегі бойынша бүр­кен­шік есіммен барлығы 100-ге жуық шы­ғарма келіп түскен. Шыңғыс қағанға жарияланған мүшәйра мен зерттеу шығармаларды Қазақстан Жазушылар одағындағы атағы алысқа кеткен сыншылар мен ақын-жазушылар сараптап, жүлдегерлердің есімін анықтады. Мүш­әйра бойынша ынталандыру сый­лығын иеленген ақындар бесеу. Атап айт­сақ, Саят Қамшыгер, Ха­мит Есаман, Жомарт Игіман, Дәу­лет­бек Бай­тұр­сынұлы, Асыл Сұл­тан­ғазы сынды қа­ламгерлер диплом мен арнайы тігіл­ген 100 мың теңге көлемін­дегі қаржыны қанжығасына бөктерді. Ал зерттеу шы­ғармалары бойынша Бек Тоғысбаев атындағы сыйлықтың иегері атанған Алмас Нүсіп; Рахметолла Толқым­беков атындағы сыйлықтың жүлдегері Гүлбаһрам Жебесін – ынталандыру иегері болды. Ал мүшәйрадан (200 мың теңгелік жүлде) 3-ші орын ал­ған Қуан­дық Шолақ Жұматай Жа­қып­баев атын­дағы жүлдені, Гүлба­қыт Қасенова Бақ­тыбай атындағы жүлдені, Ғалым Қа­либекұлы Мәулім­бай атын­да­ғы жүл­дені иемденсе, зерттеу жұмы­сынан 3-ші орынға ие болған Ерден Жолшыбай Ораз Исмаилов атындағы жүлде мен 200 мың теңге көлеміндегі сыйақы иегері атанды.
Дәуір өткен сайын даңқы артып, ЮНЕСКО шешімімен екінші мың­жыл­­дық адамы атанған Темірші қаған қа­ламгерлердің шығармасына алтын арқау болып жатса, бұл заңдылық. Сөй­тіп, қазақтың маңдайына біткен ақын­дар Серік Ақсұңқарұлы Сүйінбай Аронұлы атындағы жүлдені, Төреғали Тәшен Пышан Жәлмендеұлы атындағы жүлденің иегері атанды. Адуынды қос ақын мүшәйра қорытындысы бойынша 2 орын (300 мың теңгеден) алды. Зерт­теу шығармасына көлдей тер төгуі­нің арқасында Кемел Тоқаев атындағы жүлденің иегері атанған Балтабек Өмі­рияев екінші орынды қанжығасына бай­лап, 300 мың теңгенің жүлдесін ие­ленді.
Жыраулық поэзияның қалпын бұз­бай бүгінге жалғап жүрген сыршыл ақын­ның бірі  Жәркен Бөдешұлы Қа­бы­лиса жырау атындағы жүлде мен мү­шәй­раның 1 орын иегері атанды. Ал зерт­­теу  жұмысының  жетелі  жазылғаны ар­­қасында 1 орын алған Тілеуберді  Әбе­найұлы Қадырғали  Жалайыр  атын­­дағы жүлденің иегері атанып, 400 мың тең­геден қанжығаларына байлады.
Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ.
ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір