Қошалақтағы шаңқай түс
27.11.2015
1774
0
index222Тіршілікте тыпыршып, ғұмыр бойы әлдебір жоқ іздеп жүргендей түртінектеп өтетін адамда өкініш аз ба? Зәу сайтан артында қалып  сағыныш сөзін айтамын деген үш ұйықтасам түсіме енген емес. Кезінде қадір-қасиетін білдік пе, жоқ па, Жұмекен Нәжімеденов десе поэзия пірі келе жатқандай сезінетінбіз. Бокста Әбдісаланды, қол добы волейболда Октябрьді, күресте Әбілсейітті исі қазақ қаЛ-қадерінше төбесіне хан көтеріп өтсе, ұлт әдебиетіне өзгеше  бір әлем, екпін, ырғақ, ой-сезім әкеліп, шабыт шыңына қырандай самғаған ақын тосын тыныс, ыстық леп сыйлап тосырқатпай жалт қаратты. Рауаяты келгенде айтайын, бұл Жұмекентануға кішкентай үлес қосса, өз міндетін атқарғаны болып табылады.

Сонау Сыпыра жыраудан басталған ішкі өжет үн күн нұрындай бойға тарап, етене әуен еркін енді. Ол – Жұмекен рухы. Базбіреулер оның шығармашылығын жатырқап, тым түсініксіз, бояулары қалың баттасып жатқан бірнәрсе дейтін күң­кіл­десіп. Ол дәстүршіл болғанмен жаңашыл еді. Әрине, ол кім үшін жазып отырғанын білді. Онда туған елінің, әсіресе, ұлы дала мен теңіз табиғатының күрделі құбылысы бар болатын. Қоңырқай мамыражай өмірді күйттемей, тереңнен қопарып, жан-жақты қамтып, кейде астаң-кестең толқындардай буырқанса, ал кейде сахараның самалындай рахаттандырып желпитін. Жұмекен жырлары сұрапыл дауылға қарсы ұшқан сұңқардай  өршіл болса, өзі жібектей есіл­ген жұмсақ мінезімен ерекшеленетін. Өңмендеп өзеуремей, бірте-бірте өзекті өртейді. Асау үлкен дауылдай шымырлап, ас­тыңғы ағыстарын білдірмей ағатын. Арман арнасы әрдайым алға тартады.
Өткен ғасырдың сексенінші жылда­ры­ның басында Алматыға артынып-тартынып алыстағы Арыстан жидектің жұпар исін аңқытып, Темірланнан тамаша ақын, менің нағашым Нармахан Бегалыұлы келді. Қол­қа салып, жырларын жатқа соғатын Жұме­кенмен жақын танысқысы келетінін айтты. Сол сырлас күндер енді сағынышпен еске түседі. Небір тағдыр тауқыметін тартып, алыс ауылда өсіп, күйбеңгершілік қамытын сыпырып тастап, шабытты шақтарды бас­тан өткерген аға әріптесіміз тым сабырлы, салихалы, сарабдал санаткердей көрінетін бізге. Оның әдеби жолы ауырлау болғаны рас. О заманда, бұ заман ақындарға тақ­тай­дай түзу соқпақты кім төсепті? Ол жеңіл­дің асты, ауырдың үстімен жүрген жоқ. Қызықты қолтаңбасы қайда да болса қалды. Қиянкескі оқ пен оттың ортасында жүріп, қанды шайқастардан   оралмай қалған майдангер әкенің маңдайдан сипайтын жылы алақанының табын жоқ­тат­пай өсірген ата-әже мен ана әлпешінен ержет­кен балаң жігіт ерте есейіп Қара­ған­ды шахтасында көмір қазды, Қазақтың мем­лекеттік Құрманғазы  консерваториясында тәлім алды. Күмбір-күмбір кеуде­сін­де күй мен жыр жаратылыс егіз жарыса өрілгендей. Бір орыс ақыны айтқандай, оның өмірбаянының басқа өрнектері өлеңдерінде. Жұмыр басты пенде болған соң ол да күйінді, ол да сүйінді. Бірақ бә­рі­­нен де: ұсақ-түйек кәкір-шүкірге араласпай, етекбасты енжарлыққа бұрыл­май, ырду-дырдудан аулақ, майда-шүйде кі­ші­гі­рім­ді талақ етіп, жанына азаматтық асқақ мұратты мият етіп өткендей.

• Темір қызған кезінде…
Жұмекеннің ақындық үні, тас түйін ойлар шоғыры, ойлар үзігі шағын жырлар аясымен шектелген жоқ. Қиял өрісі, ой тасқыны, кемерінен асқан сыршыл сезім бұлқынысы, ақындық төтенше тегеурін өзгеше өз мәнеріне, стиль еркіндігіне алып келді. 
Жұмекен бір кезде көк зеңгіріндегі Темірқазықты ұшар биігін нұсқаған, адастырмас Ар мәйегіндей, арман шынарындай жанына сүйеніш тұтып, әдемі бір толғанысын жазып кетті.
Зейнолла СЕРІКҚАЛИЕВ.

Мәскеудегі М.Горький атындағы Әде­биет институты жанындағы Жоғарғы курсты тәмамдап, КСРО орталығынан бірнеше роман мен хикаяттар жазып оралды. Бәлкім, бұрыннан ойын мазалап, сонда жүріп пісіп жетілген шығар. Әйтеуір  сақа тар­тып, кемеліне келгендей еді. Әйтсе де оған ешкім құшақ жаймады. Өгейлік көр­сетті. Бәрібір тамыры  қуатты шыңар тасты жарып шықты.
Орайы келді ме, Сарыарқаны аралап, Абай елінен келген хабарын естіп сә­лем­десу­ге бардым. Жалпы хал-ахуалды сұ­рап:
– Жырақтағы ел-жұрттың жайы қалай екен? – дедім әңгімеге қыстырылып. Ойымда  еш нәрсе жоқ.
– Ешкімнің сәлемдесуге мұршасы жоқ­тай.  Алақ-жұлақ етіп, жолды тілімен жалап жатыр.
– Солай, Аян шырақ! – деп қойды тағы да.
Кейіннен білгендей, сөйтсем, респу­бли­каның бірінші басшысы Д.А.Қонаев ке­летін болып, барлық назар тазалық мә­селесіне ауып кеткенге ұқсайды. Ақын соны меңзеген екен. Шымыр әр сөзі мірдің оғындай еді. Байқағыш. Сезімтал. Тоқсан ауыз сөзден тобықтай түйін түйетін.
Бірде Ж.Нәжімеденов бақилыққа аттанардан бұрын бірлесіп соғым союға уағ­даласқанымыз бар. Сол кездегі «Соц­иа­листік Қазақстанның» жау хатшысы жақсы жазбагер, айтарықтай жүйрік аудармашы Мыңбай Ілес жат та жастанып жабыса  кетті. Не керек, үшеуміз  Талғар­дың бер жағындағы Белбұлаққа барып, бір бордақыны пышаққа жықтырттық. Бәріміз қазақпыз ғой. Ет дегенде бет бар ма? Сондағы Жұмекен­нің өзін айрықша көрсеткені есте қалыпты. Ол соғымға байланысты ұғым-түсінікті, ырым-жырымды бес саусақтай білетініне көз жеткізді.
Бірде қажырлы қайраткер, Қазақ КСР Тұтыну қоғамдары одағының төрағасы С.Тәнекеевтің басшылығымен аудан ор­та­лығы Аққыстауға (Новобогат) жаңа жобамен салынған кітап дүкені ашылып, соған соғып, Хамаңның атасы Ерғали қыс­тауын аралап көріп, Теңіз (қазіргі Құр­ман­ғазы) ауданының орталығы Қанішкенге жол түсті. Аудандық партия комитетінің бірінші хатшысына Қажы – Тарханға барып, жолай  Қошалақ құмына бұрылып, Жұмекеннің атақонысын көрсем деген тілегімді айттым. Қош көрді.

• Аурухана – 83
Август, 11
Кеше кешке қарай Әбіш пен Клара кіріп шықты. Тахауи, Хамит, Естөре, Әбу-шал, Қалтай… бұлар да бір-бірден /ең азы/ келіп кетісті. Жалпы, мен ауырсам… ауырғандағы беделім – мынадай, өлсем, тіпті, мықты болам-ау деймін. Әттең, оны тек /өзімді, беделімді/ өзім көре алмаймын ғой. Бұ да бір өкінішті жай. Қай қазақ не біліп жүр.
Түнде телевизордан ядролы қарудың қауіптілігі туралы дискуссия болды. Сөйлеушілердің бәрі шешен екен. Әттең, іс жүзінде – тіл емес, қол шешен болса ғой – сол айтылғандар іске асып жатса… Пайдасыз жиналыстың көптігі содан. Сөйлеп кетсе – бәрі дұрыс айта алады, бірақ сөз жүзінде. Біздің Жазушылар одағының жиналыстары да сондай ғой: ақылды сөз көп, ақылды іс жоқ. Барлық қасірет – қоғамның көзіне түсу  болып көріну, т.б. Абай айтады ғой: «…десін, десін деп жүріп, демесінді ұмытып кетеді». 
«Ат-шапаннан кем көрме, 
Біреу атын қойса қу дейді».
Мұны Абай айтады. Күні бүгін Абайдан актуальды ақынды көргем жоқ. Дәл түседі-ау, дәл түседі. Бір құрдасым /менің/ терең, өте күрделі, ойшыл кісі боп көрінем деп отырып – ұйықтап қалды. Тентек, шадыр. Сотқар болып көріну – «қаламгерге» кірген көп қаламгердің алдарына қоятын мақсаты сықылды. Шын ақылы бар адамдар анау-мынау ақынды ақымақ етеді. Ерсілеу, есерлеу бірдеңе істесе ө ештеңе етпейді, ақынның мінезі ғой деп, өп-өтірік кешіре салады. Какая глупость! Ақынның мінезі ең алдымен өлеңіңде, сонсоң өміріңде /іс-әрекетінде көрінер болар! Жүз грамм ішіп, біреуге жұдырық түю – ақындық емес, ақымақтық.
Неге біздің поэзия орталық аренаға шықпайды? Абай аударылған жоқ. Махамбет аударылған жоқ. Қасым аударылған жоқ. Аударылғандар; С.Сейтхазин, М.Айтхожина, Ж.Молдағалиев /ең мықтысы/,  –    Қ.Жұмағалиев, Ө.Күмісбаев, Т.Әбдірахманова, Х.Салыхов, Ә.Жәмішев, Е.Әукебаев, т.б. Алдағы жылдары Жазушылар Одағының Басқармасы А.Шамкенов, Г.Сейлжанова, Қ.Баянбаев, Ә.Райымбековтерді аударту үшін Москвадан ақындар шақыртып, жанталасып жатыр дегенді естиміз. Евг.Евтушенко сықылды біреу мұрындық бола қалса, кім біледі, жоғарыда аталғандардың ішінен де біреулер мықты болуы әбден мүмкін. Сондай мұрындықтардың арқасында бізде Олжастың өзіне сынар шекесімен қарайтын ақындар шықты. О, соры қайнаған қазақ жыры! Сенің бағың ешқашан ашылмас. Қазақ өлеңін аудармақ болған орыс ақынының көзіне тек қана ақша елестейтін шығар. Өйткені, қазақ өлеңіне жоғарыда аударылған ақындардың деңгейімен қараған кісіге ақшадан басқа не керек? Ал жұртқа бәрібір. Аударуға оңай, тек ақшасы бар өлеңі болса – ондай ел Қазақстан болмағанда кім болады? Кітап оқыған жұрт қайсыбір сөз, сөйлемдердің астын сызып оқиды. Мұндай әдет менде де бар. Бірақ мен кейін бір керегіме жарату, цитатқа алу үшін сызам. Өлеңімді, не мақаламды басқа біреудің /онша дуалы болмаған күннің өзінде/ аузымен бекіту, санасы сырғақтау, өзіне-өзінің сенімі жоқтау /аздау/ адамға жеткізу, көбіне-көп ойымды шыншылдығына өткізу үшін цитата алам. Себебі, өз талғамы, пікірі жоқ адам – кітап сөзінен /бұ жерде әйтеуір бір кітаптан алынған цитата/ басқаға сенбейді. Менің жазып отырғанымның да кітап екенінде шаруасы жоқ. Қайран халқым-ай!
Фантастикалық әңгімелер жинағын оқыдым /виток истории /көп беттер сызылыпты. Таң қалдым. Сызған тұстарын қадағалап, не үшін олай еткенін түсінуге тырысып ем – болмады. Ешқандай мақсат-мүдде жоқ сықылды. Әйтеуір сызу үшін сызған сын-ды. Сызып оқитын жұрт оқымыстылығын көрсету үшін солай етеді деп ойласа керек. Қазақтың психологиясы.

Еділдің төменгі сағасында Алтын Ор­да­ның соңғы ханы Жәнібек салдырған шаһар­ды аралап, ондағы ығы-жығы базарды көріп, тіршілік тауқыметін көп  тартқан ноғай ұрпақтарының шет жағасымен танысып, пароммен ары да, бері де өтіп, Қи­ғаштың жағасында көгіне аунап-қунап жатқаным қандай! Не дегенмен бұл  қа­ла­ның біздің ұлтымыздың өткеніне  қатысты оқиғалар аз емес. 1858 жылы бұны  француздың атақты жазушысы Александр Дюма (әке) саяхатта болып, баласына хат жазып «Парижден Астраханға дейін» атты жолжазбаларында қазақтар мен қал­мақтар хақында өз тұмса әсерлерін біл­дір­ген болатын. Бұлар мені қалай қызық­тырмайды?..
Рахман нұрын мейірлене төгіп тұрған көктем еді. Жазға салым Еділден қашқан су ойдым-ойдым шалқар құрай шалқып, жағаға тебетін болып шықты. Аққулар мұн­ша көп болар ма? Құстар күнгейден қай­тып, атамекеніне әлі етене бауыр баса ал­мапты. Топ-топ болып, құс төресі айдынға ұшып-қонып жатты. Соларды қызықтап отырып күн кешкірген екен. Іссапарда жүрген жолаушы серіктерім күтіп қалыпты. Қиырдан Қошалақпен қимай қоштастым!
…Сол сапарда бала Жұмекен шаңдағы­на аунап, шеңгел мен шөңгесіне табанын  тіл­дірген туған топырағына тәжім ете алмадым. Бірақ бәрі көкірегімде сайрап тұр. Жұмекен – ұлы ақын. Талант табиғаты бөлек еді. Бірте-бірте енді ашылып келеді.  Оның іңкәрлікпен іздейтін Таңмен таласып оянатын (Әнұранның мәтіні Ж.Нәжімеденов) туған елі бар. Ол десе ішкен асын жерге қойып, әруағына шаң жуытпай күтіп сақ­тай­тын шаңырақ мол мұраны қызғыштай қорып, көз қарашығындай сақтап, бірге болашаққа бара жатыр. Әли болсын!
Аян-Сейітхан НЫСАНАЛИН.
ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір