«Суықтөбеден Сұлутөрге дейін»
20.11.2015
1786
0
989653_1982298987_IMG_571513 қарашада, Қордай аудандық Мәдениет үйінде белгілі жазушы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Президент сыйлығының иегері, «Қазақ әдебиеті» газетінің Бас редакторы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Жұмабай Шаштайұлының 65 жылдық мерейтойына арналған шығармашылық кеш өтті.

Жұмабай Шаштайұлы алдымен балалар кітапханасында болып, №2 орта мек­теп оқушыларымен кездесті. Өзінің ба­лалық кезеңі мен шығармашылық жо­лы туралы әңгімелеген Ж.Шаштайұлына оқушылар тарапынан қойылған сұрақтар өте көп болды. Қойылған сауалдардың мә­ні мен мағынасына ризашылығын біл­дірген жазушы өзінің өмір жолы туралы айтып, балаларды ең алдымен кітапқа құ­мар­туға шақырды.
«Суықтөбеден Сұлутөрге дейін» деп атал­ған шығармашылық кешке елімізге та­нымал жазушылар мен ақындар, ға­лым­дар және өнер қайраткерлері қа­тыс­ты. «Белгілі жазушы, публицист Жұмабай Шаштайұлының шығармашылық кешіне қош келдіңіздер! Бұл кештің Қордай ауданында өтуі жәйдан-жәй емес. Себебі, Жұмабай Шаштайұлы еңбек жолын Красногор ауданында бастаған», – деп кеш тізгінін ұстаған белгілі журналист Болат Мүрсәлім келген қонақтарды таныстырып өтті. Мерейтой иесін құттықтауға сахнаға көтерілген Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері  Маралтай Райымбекұлы туған жерге арналған өлеңін оқып, мерейтойға жырдан шашу шашса, көрнекті әде­биет­тану­шы, филология ғылымдарының док­то­ры, профессор, «Жамбылтану және ха­лық ақындары» ғылыми-зерттеу инс­титутының директоры Бекен Ыбырайым қазіргі қазақ әдебиетінің жай-күйі туралы әңгімелеп, жазушының «Аспанқора» повесі туралы жылы пікірін айтты. Қа­зақ­стан Жазушылар одағы Жамбыл облысы филиалының төрағасы, Қазақстанның ең­бек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, «Жамбыл» әдеби-көпшілік журналының редакторы Несіпбек Дәутайұлы оқырманды ең бірінші тәрбиелейтін жазушы, соған назар аудару қажеттілігін және Ж.Шаш­тай- ұ­лы­ның күрделі мәселелерді көтеріп жүр­ген қаламгер екендігін айтып өтті. Аталған ақын-жазушылармен қатар, бұл басқосу­ға  Алматы облысының Құрметті азаматы, қо­ғам қайраткері Әскербек Абаев келіп, жақында ғана Сүйінбай Аронұлының   200 жылдығына орай шығарылған 4 томдық кітапты және сол мерейтойдың символы болған домбыраны аудан әкімі Қайрат До­саевқа табыс етті. Кеш барысында жазу­шының әр жылдары журналистика саласында  атқарған  еңбегі, шығармалары жайында үлкен экраннан көрсетілді, сонымен қатар, бұрынғы Красногор ауда­нын­дағы «Коммунизм жолы» газетінде ең­бек ете жүріп етене жақын болған, әріп­­тес, жолдастары, қазіргі Қордай ау­дан­­дық мәслихатының хат­шысы Біржан Әлім­бет пен Кенен ауылының тұрғыны, жур­налист Әскен Бәті­шев өт­кенге шолу жа­сап, сонау 70  жыл­­дардың аяғына қарай жете­ле­ді. Қор­дай ауданының Құр­метті азаматы Шо­пен Молдақалықұлы да ақсақалдар атынан алғысын айтып, шы­ғармашылық та­быс тіледі. Кеш соңында сөз алған аудан басшысы Қайрат Досаев қаламгерді бүгінгі мерейтойымен құттықтады. «Бү­гін­гі кешке жиналған қауым Қазақстанға еңбегі сіңген жазушы Жұмабай Шаш­тай­ұлы­ның өмір жолы, еңбек еткен салала­ры, шығар­машылығы, жеке кісілік келбеті туралы біраз қанық болды деп ойлаймын. Әрі ру­хани байып, жүрек түпкіріндегі әде­биет­ке деген ынтасын, құштарлығын оя­­тып, көркем сөзге қызығушылығын ар­т­­тырды деп сенемін. Осы үшін де әдеби кеш­терді жиі өткізуді дағдыға айнал­дырсақ, одан ұтпасақ, ұтылмасымыз хақ. Қаламынан туған шығармалары оқыр­ман­ның жүрегіне жол тауып, әдебиетке қо­сылған сүбелі үлес болды», – деген ау­дан әкімі Жұмабай Шаштайұлына қа­зақи дәстүрмен иығына шапан жауып, ал­ғыс хатын табыс етті. Кеш барысында Қар­лы­ғаш Қожағазина, Айгүл Мақашева жә­не Алматы қаласы мен Алматы облы­сының жас дәстүрлі әншілері, «Сүйінбай сазы» фольклорлық-этнографиялық ан­самб­лі­нің әншілері Есбол Шаңбаев пен Ұлжан Ағла­қова әннен шашу шашса, күйші Қуа­ныш Ахметов өзінің «Шер» атты туындысын орын­дап беріп, ел алғысына бөленді.
ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір