ӘУЕЗОВ ҚОЛТАҢБАЛАРЫ
06.11.2015
1592
0
775299_1283836524______________01Бұл кітап басқа кітаптардан ерекше. Ерекше болатын себебі – мұнда Мұхаңның перзенттеріне, жора-жолдастарына, замандастарына, әріптестеріне, қазақтың біртуар тарихи тұлғаларына, қоғам қайраткерлеріне берген қолтаңбалары дәл осы кітапта тұңғыш рет жүйеленіп, зерттеліп, жарияланып отыр.

Мұхтар Әуезовтің жеке кітап қоры-нан алынған қолтаңбалар суреткердің шы­ғармашылығы үшін ғана емес, жалпы қазақ әдебиеті үшін де қажет дүние. Ұлт­тық әдебиеттану ғылымында тұңғыш рет зерттеліп отырған еңбекте автографтың өзін­дік стилі, тілі, тағдыры, тарихы бар ерек­ше жанр екені жан-жақты талданады. Монографиялық еңбек үш бөлімнен тұ­рады. «Автограф» деп аталатын бірінші бө­лімде қолтаңба жанрының анықта­ма­лары, тарихы мен М.Әуезовтің жеке кітап­ханасындағы қолтаңбаларға талдау жасалса, «Жүректер жүрекке» деген екінші бө­лімде М.Әуезовтің жүрек қалауымен өз туындыларына түсірілген қолтаңба­лар­дың фотокөшірмесі берілген. «Әлем та­ныған М.Әуезовке ұсынылған қол­таң­балар» атты үшінші бөлімде жазушыға ар­налған автографтар жүйеленіп, фо­то­көшірмелері беріліпті.
Жалпы, тарихи тұлғалардың қолтаң­ба­ларын қадірлеу бұрыннан бар дәстүр. Мә­селен, Францияда автографтар ғы­лыми мақсатпен жиналып, ғылыми құ­жат­тарда қатталған екен. Кейінгі уақыт­тарда да белгілі бір тұлғалардың қол­­­­таңбаларын жинау таза кол­лек­цио­нер­­лік дағдыға айналып, Батыс жұрт­шылығында үлкен қызығушылықтар туғы­зыпты. Тіпті, уақыт өте келе тарихи тұл­ғалардың қолтаңбалары саудаға тү­сіп, сатыла да бастайды. Қолтаңбаның нақты сол тұлғаға жататын-жатпайтынын анық­тап, талдау үшін факсимилиенің жи­нақтарын да жариялаудың дәстүрге еніп жүргені сол уақыт. Тіпті, қолтаңба жинаушы коллекционерлерге арнап бірнеше бас­па өнімдері арнайы материалдар да ба­сып тұрған. Әлемдегі әдебиеттану ғы­лымы Париждің Ұлттық кітапханасы мен Лондондағы Британ музейінде қолтаң­ба­лардың ең бай коллекциясы жиналғанын айтады.
Алайда, қазақ әдебиеті тарихында же­ке шығармашылық тұлғалардың кітап­ханасы, ондағы автографтар әлемі әзірге ар­найы зерттеле де, жариялана да қой­ған жоқ.
Кітап авторы, филология ғылымда­рының докторы, профессор Гүлзия Пірә­лие­ва: «»Қаламгердің өзіне ұсы­нылған кітап, журнал, газеттер, авторефераттар, су­рет, құттықтау парақ­ша­лары секілді көңіл білдіретін барлық басылым түрлерінде бар автографтар мұра­жай­дағы кітапханада молынан кез­деседі. Біз ең мазмұнды

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір