Тағы бір нақты қадам
25.10.2015
1287
0

imagesТағы бір нақты қадам

Лиссабон қаласында өткен Еуропаның ұлттық инженерлік қоғамының бас Ассамблеясы «FEANI» отырысында инженерлік білім беретін қазақстандық Ассоциация (KazSEE) жоғарыда аталған ұйымға толық құқылы мүше болып қабылданды. «KazSEE» Қазақстанда 2007 жылы құрылған болатын. «KazSEE» қазақстандық инженерлік білім беру ассоциациясының президенті, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, академик Ғалым Мұтанов: «KazSEE»-дің «FEANI»-ге толық құқылы мүше болуы келесідей мүмкіндіктерге: жаратылыстану, инжиниринг және технология саласындағы мамандарға біліктілігін арттыруға, инженерлік карта (Engineering Card) мен еуропалық сертификат алуға және де ең бастысы еуропалық инженерлер реестріне (EurEng) қосылуға жол ашады. Бұл отандық инженерлерге Еуроодаққа мүше елдерде еркін жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді», – деді.


Қазақстандық инженерлік білім берудегі әлемдік қауымдастыққа қарай жасалған тағы бір нақты қадам халықаралық серти­фи­каттарға ие инженерлік білім беруде және заманауи техникалық мамандар дайындауда Елбасының «Қазақстан–2050» стратегиясын жүзеге асыруда оң нәтиже бе­реді деп сенеміз. 1951 жылы құрылған «FEANI» қазіргі таңда Еуропадағы беделді кәсіби бірлестіктердің бірі. «FEANI» Дү­ние­жү­зілік Инженерлік Ұйымдар Федерация­сы­­ның (WFEO) негізін қалаушы ретінде еуро­палық білім берудегі сарапшылармен рес­ми мойындалған. Оның UNESCO-да, БҰҰ жа­нынан құрылған өндірісті дамыту жө­нін­дегі ұйымда және Еуропа кеңесінде кон­суль­тациялық беделі бар. Кәсіби бірлестікке әр елден бір ғана ұйым мүше бола алады. Ол сол елдің барлық инженерлік бірлестік­тері­нің мүддесіне жұмыс жасауы шарт. «FEANI» бүгінде 350-ге жуық ғылыми және ин­женерлік ұйымдарды, Еуропаның 32 елі­нен 4 млн. кәсіби инженерлерді біріктіріп отыр.


ҚазҰУ-да Korea Sanhak Foundation стипендиясын салтанатты табыстау рәсімі өтті.

Іс-шара қонақтардың “Smart Health” ме­дициналық орталығына баруымен бас­талды. Содан соң әріптестік жөніндегі ке­ліссөздер жүргізілді. Мерекелік шараның шымылдығын түре отырып, әл-Фараби атын­дағы ҚазҰУ-дың бірінші проректоры Мұ­хамбетқали Бүркітбаев Оңтүстік Корея мен Қазақстан арасындағы білім, ғылым және денсаулық сақтау саласын дамытудағы әріптестіктегі еңбектің нәтижелі екенін атап өтті.
Korea Sanhak Foundation қорының бас хат­шысы Ким Му Хан мырза стипендия сер­тификаттарын табыстай отырып, сту­дент­терді еңбектерінің жоғары бағаланғанымен құттықтап, алдағы уақытқа сәттілік тіледі. «Бүгінгі таңда екі ел арасында әріптестікті ары қарай дамыта түсу үшін корейтану саласында білікті маман дайындау өте маңызды. Сондықтан қор басшылығы Қаз­ҰУ-дың үздік студенттерін ынталандыруға мүд­делі», – екенін Ким Му Хан мырза ерекше айтты. Қор 1974 жылы құрылған болатын. Мақсаты – техникалық білім беру мен ғылыми зерттеулерге, кіші және орта ғы­лыми өнеркәсіпке және университеттерге қолдау көрсету. ҚазҰУ-дың шығыстану, химия және химиялық технология, биология жә­не биотехнология, физика-техникалық жә­не халықаралық қатынастар факуль­теті­нен 10 студент стипендия иегері атанды.
Стипендия сертификаттарын GPA көр­сеткіштері жоғары кәріс студенттер, оқу озат­тары мен корей тілін үйреніп жүрген жә­не сол елдің мәдениетіне қызығушылық та­нытып жүрген студенттер алды.
Стипендияны салтанатты табыстау рә­сіміне ҚазҰУ-ға Оңтүстік Кореядан Хван Ен Сам және Пак Ли Бан профессорлар, Ко­рея­ның бейбітшілік және демократиялық бір­лестік кеңесінің төрағасы Ли Дже Ван мыр­за арнайы келді.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір