Ырыстың бұлағы, бақыттың шырағы…
25.10.2015
2943
0
569406_1656501620_image«Өздерiңiзге мәлiм, Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтiк жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты тұжырымда­масы қоғамда үлкен серпiлiс туғызып, ел дамуы­ның ұзақ мерзiмдi бағдарын айқында­ды. Елбасы бұл еңбегiнде Қазақ­стан­да әлеуметтiк жаңғыртуды жүзеге асыруға жол ашатын жаңа әлеу­мет­тiк саясатты қалыптастыруды, баршаға Ортақ Еңбек Қоғамын құруды ұсынғаны белгiлi.

ҚР Президентi Н.Назарбаев: «Әрбiр қазақ­стандықтың лайықты, адал және кәсiби еңбек етуi – Қазақстанның ұлы мақсаты, әлемдегi дамыған 30 елдiң қа­та­рына кiруiнiң кепiлi», – деген болатын. Ал, еңбек қауiпсiздiгiн қамтамасыз етiп, жұмысшыларға уақтылы және лайықты жалақы төлеу – жұмыс беру­шiнiң басты мiндетi. Өйткенi, әр қызмет­кердiң артында отбасы мүшелерi тұр. Жұмыс берушi та­ра­пы­­нан жалақыны дер кезiнде төлемеу еңбек дауларына ұласатыны анық. Сон­дық­тан бұл мәселе жергiлiктi атқарушы органның басты назарында.
Елбасы жариялаған «Қа­зақ­стан–2050» стратегиясының басым бағыт­та­рының әрқайсысы өмiрлiк маңызы бар мәселелер. Олар бiздiң болашақ та­быс­тарымыздың бағдары. Бұл стратегиялық бағдарлама алыс болашаққа көз тiккен Қазақстан қоға­ының адастырмас темiр­қазығы сияқты. Ендiгi мiндет – ырыстың бұлағы, бақыт­тың шырағы – еңбекке жұмылу. Барлық құндылықтар мен бай­лық­тар адамның еңбегiмен жасалатыны белгiлi. Халқы­мыз еңбектiң қадiрiн өте жақсы бiлген. «Еңбекпен тапқан нан тәттi», «Бақыт кiлтi – еңбекте» немесе «Еңбек қылмай ер оңбас, бiрлiк қылмай ел оңбас» деген сөздер тегiн айтылмаған. Бұған «Бере­ке­нi көктен тiлеме, еткен еңбектен тiле» деген М.Әуезовтiң сөзiн қосыңыз.
Еңбек әрқашан адам өмiрiнiң мәнi болып қала бермек. Жер бетiнде жақсы­лық атты ұғым барда шынайы бақыт, еңбек бақыты да қоғамның бiр құнды­лығы ретiнде сақталатыны анық. Облысымызда отбасылық құнды­лық­тар­ды ұрпақтан-ұрпаққа жеткiзiп, жоғары кәсiби мамандар әзiрлеуге үлкен үлес қосып отырған еңбеккер әулеттер же­тер­лiк. Бүгiнде өңiр­де тынымсыз еңбек­тiң арқасында есiмдерi ел тарихына алтын әрiптермен жазылған 10 Социа­лис­тiк Еңбек Ерi мен бiр Қазақс­танның Еңбек Ерi тұрады.
569406_98614988_IMGA0807Барлығымыз «Мәңгiлiк Ел» болуға бет түзеген Отанымыздың болашағы үшiн аянбай еңбек етуiмiз қажет. Осы жол­да бiрлесе еңбек етуге шақыра­мын».
Елбасының Жарлығымен Қазақстанда қыркүйек айының соңғы жексенбiсi «Ең­бек күнi» мерекесi болып белгiленіп, елi­мiздiң болашағы үшiн аянбай еңбек еткен азаматтарды құрметтеу, жастар арасында жұмысшы кәсiбiн насихаттау мақсатында биыл екiншi рет аталып өткен іс-шараға байланысты Оңтүстік Қазақстан облысы­ның әкімі Бейбіт Атамқұлов ақпарат құралдары арқылы халыққа жүрекжарды лебізін арнағанда осындай ой-пікірін ортаға салды. Өңір басшысы Б.Бәкірұлы айтулы датаға орай Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияда ұйым­дас­­тырылған «Еңбек күнi» мерекесiне арналған салтанатты жиынға қатысып, әр алуан саланың саңлақтарын «Еңбек ар­дагерi» медалiмен марапаттады. Бірқатар еңбек үздіктеріне облыс әкiмiнiң грамотасы, алғыс хаты тапсырылды. Облыстық мәслихаттың хатшысы Құдайберген Ержан мен Кәсiподақтар кеңесiнiң осы өңірдегі төрағасы Досыбай Шерiмқұлов та еңбегі еленген жандарға төсбелгi та­ғып, «Құрмет грамотасын» табыстады. Өз кезегінде Социалистiк Еңбек Ерi Төле Аға­беков пен еңбек династиясының өкiлi Любовь Почивалова еңбектiң адамға күш беретiнiн, оның әдiл бағалануы қанат бiтi­ре­тiнiн алға тартып, марапат ұсыну­шы­лар­ға ризашылықтарын білдірді. Еңбек инс­пекциясы жөнiндегi басқарма басшысы, облыстың бас мемлекеттік еңбек инспекторы Бастарбек Есқараев алқалы жиын­да «Жұмысшылардың еңбек жағдай­ларын жақсартудағы инновация жобалары» бойынша жарияланған конкурстың қорытындысын хабарлады. Конкурста топ жарған екі маман енді «Шымкентцемент» АҚ, «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС, «Досхан-ЛТД» ЖШС бөлген демеушілік қаржыға Болгарияда бiлiмiн жетiлдiріп қайтпақ.
Сол күні ҚР Президентi жанындағы ор­талық коммуникациялар қызметi ОҚО филиалында Еңбек инспекциясы жөнiндегi басқарманың 2015 жылдың 8 айында атқарған жұмысы да сүзгіден өтті. Бри­финг­­те облыстың Бас мемлекеттiк еңбек инспекторы Бастарбек Есқараев жыл басынан берi мекемелер мен кәсiпо­рын­дарға 617 тексеру тағайындалып, 1659 заңбұзушылық фактiсі әшкереленгені туралы әңгіме қозғады. Оларға басқарма тарапынан 614 нұсқама берiлiп, жалпы сомасы 11 356 860 теңге көлемiнде 229 айыппұл салынған. 1468 заңбұзушылық әрекеттер жойылыпты. Мемлекеттiк еңбек инспекторларының талабына сәй­кес еңбек заңнамасын бұзған 21 адам тәр­тiптiк жауапкершілікке тартылып, құқық қорғау органдарына 69 даулы істің құжаты шара көру үшiн жолданған.
– Жалпы, еңбек атаулыны түнгi ке­зек­шiлiктегi, вахталы, балалар еңбегi сияқты бiрнеше түрге бөлiп қарастыруға болады. Соның iшiнде әйелдердiң еңбегi заңмен ерекше қорғалады. Айталық, еңбек қаты­нас­тарының не екенiн көп адам бiле бер­мейдi. Ол – жұмыс берушi мен жұмыс­шы­ның арасында болатын қарым-қатынас. Соңғы кезде еңбек қа­ты­насына кірмейтін жаңа байланыстар үрдiске айналып барады. Бұл – жалға алу әдiсi. Мәселен, жұ­мыс­кер бiр нысанды жалға алса, ол жерде тапсырыс бе­рушi мен жұмыскердiң арасында еңбек қатынасы емес, азаматтық-құқықтық қатынас туындайды, – дейдi брифингте ағынан жарылған Бастарбек Әуелханұлы.
Облыстың бас еңбек инспекторының сөзіне сүйенсек, балалар еңбегiн қада­ға­лау бизнес субъектiлерiн тексеруге мораторий жариялануына байланысты көбіне тасада қалып келеді. Солай дей тұрғанмен дәмхана, асхана секiлдi қоғамдық тамақ­тану орындарында балалар еңбегiн пайдалану жиі ұшырасатыны жасырын емес. Еңбек инспекциясының таяу арада бала­лар­дың құқығын қорғау инспекциясымен, көшi-қон полициясы және прокуратура өкiлдерiмен бiрлескен түрде арнайы рейд ұйымдастыруды жоспарлап қойғаны осыдан. Сондай-ақ, Бастарбек Әуелханұлы жиi кездесетін еңбек дауларына жұмыс берушi мен жұмыскердiң арасында еңбек шартының түзiлмеуi негiзгi себеп болатынын атап айтты. Мәселен, зейнеткерлiкке шығуға аз қалған әйелдердi қысқартуға жiберу мәселесiн тек жұмыс берушi мен жұмыскерлер тарапынан құралған арнайы комиссия шешетіні ескеріле бер­мейді. Дәлірегі 55 жастан асқан әйелдердi жұмыс берушi өз еркiмен жұмыстан қысқартуға құқығы жоқ. 53 жасында зейнеткер атанса, 5 перзенті болса ондай қыз­меткерді де мектеп басшылары жұ­мыс­тан босата алмайды. «Өйткенi, Қазақстан Республикасының зейнет­керлiк туралы заңына сәйкес әйелдердiң зейнет­кер­лiкке шығу мерзiмi 58 жас деп көрсе­тiлген», – дейдi облыстың бас мемлекеттiк инспекторы Б.Есқараев.
Облыстың мемлекеттік еңбек инспекторлары тарапынан 2015 жылдың 8 айын­дағы тексерулер барысында жалпы 37 ме­кемеде 2819 жұмысшы алдында 204211 016 теңге жалақы қарызы анық­та­лып, оның бүгінгі таңға дейін 35 меке­ме­дегі 2678 жұмысшыға тиесілі 1982­72­216 теңгесі төленіпті. 2 мекемеде 18 жұ­мысшының 5938 800 теңге жалақы қарызы қалып отыр. Бүгінгі күнге жала­қы­дан қарыз мекемелер: «ЭнергоСтрой­Сер­вис-2010» ЖШС (Шымкент) — 2 жұмысшыға 1 329 474 теңге, «Қазсушар» РМК «Таза су» МКК (Шымкент) — 16 жұмысшыға 4 609326 теңге екен. Мекемелердің қаржылық қиын жағдайда қалуы және олардың арасында қаржылық өзара есеп айырысудың уақытылы жүргізілмеуі жалақыны уақы­тылы төлемеудің негізгі себептері болып та­былады. Жалақы қарызы мәселесі об­лыстық үш жақты әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі комиссиясында ай сайын талқыланып келеді. Облыстық дағдарысқа қарсы штаб отырысында бұл мәселе жыл басынан бері екі рет қаралды. Жалақыны уақтылы төлемеу түріндегі еңбек заңна­ма­сын бұзғаны үшін аталған заң бұзушы­лық орын алған кәсіпорындар мен мекемелерге мемлекеттік еңбек инспекциясы тарапынан 37 орындалуы міндетті нұсқама беріліп, 3,64 млн. теңге көлемінде 37 әкімшілік айыппұл салынған. Бүгінгі таңда бұл айыппұлдардың басым көпшілігі өндіріп алынған.
2015 жылдың 1 қыркүйегіне дейінгі мәліметке жүгінсек, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша шетелден жұмыс күшін тартуға рұқсаты бар 63 мекеме тіркелген. Бұл мекемелерде 23254 Қазақстан Рес­пу­бликасының азаматтары және 1548 шетел мамандары жұмыс істеуде. Шетел мамандары қатысуы тіркелген мекемелерде азаматтардың арызы бойынша 16 тексеру жүргізіліп, 50 заң бұзушылық фактілері анықталған.
Мемлекеттік еңбек инспекторлары жүргізген алдын алу шараларына қара­мас­тан облыс кәсіпорындарында 2015 жылдың 8 айында 69 жазатайым оқиға орын алды. Осының салдарынан 76 адам зардап шегіп, оның 14-і қайтыс болды. 6 топ­тық жазатайым оқиға орын алып, 13 адам зардап шекті. Өндірістегі жазатайым оқиғалардың негізгі себептері ретінде қауіпсіз еңбек тәсілдеріне жеткілікті үй­ретпеу, жұмыстарды қанағаттанғысыз дәрежеде ұйымдастыру, өндірістік және еңбек тәртібінің бұзылуы, жоғары қауіп­тілік жағдайында жұмыстарды қауіпсіз жүргізуге қадағалаудың болмауы, ақаулы машиналарды пайдалану, техника қауіп­сіздігі бойынша нұсқаулықтың өткізілмеуі, зардап шегушінің өрескел абайсыздығы секілді тағы басқа себептерін айтуға болады.
«Еңбек күні» мерекесі өңірдегі әрбір ау­дан, қалада кеңінен аталып өтті. Соның бірі Мақтаарал ауданында. Мақтаарал ауданы әкiмi аппараты ұйымдастыру инспек­тор­лық бөлiмiнiң бас инспекторы Кәмира Өмірбаеваның да осынау мерекеде өз айтары бар. «Жыл сайын қыр­күйек­тiң соң­ғы жексенбiсiнде атап өтiлетiн «Еңбек күнi» мерекесiнiң маңызы ерекше. Елбасы «Қазақстанның әлеуметтiк жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты еңбе­гiнде баршамызды ел игiлiгi жолында қажырлы қайратпен еңбек етуге шақы­рып, өнiмдi еңбек еткендердi әрдайым қолдап, жұмысшы әулеттерiнiң көпжыл­дық дәстүрлерiн нығайту, жастар арасында жұмысшы кәсiптерiн насихаттау қажеттiгiн атап көрсеттi.
Бiздiң қасиеттi Мырзашөл халқы да ең­бектiң қадiрiн жақсы бiледi. Сонау Кеңес дәуiрiнен берi «ақ алтынды» өңiр­ден қаншама еңбек озаттары шықты. Өзiнiң адал еңбегiмен маңдай терiн тө­гiп, топ жарған асыл ағалар мен апа­ла­ры­­мыздың есiмдерi көпке үлгi-өнеге. Тынымсыз еңбектiң арқасында айма­ғы­мыздан 33 Социалистiк Еңбек Ерi, бiр­неше Жоғарғы және республикалық Ке­ңестердiң депутаттары шыққанын мақ­тан етемiз. Мақ­та­аралдың бұл даңқты перзенттерiнiң есiм­дерi аудан тарихында алтын әрiптер­мен мәңгiлiкке жазылып қалды.
Еңбектiң ерен үлгiсiн көрсетiп, «Мақ­та өсiрудiң академиктерi» атанған Шаблан Дiлдәбеков, Жолдасбай Ералиев, Жұмагүл Сәуiрбаева, Дiнәсiлбек Бөрт­беков, Әжiхан Есқараев, Жолбарыс Қал­шораев, Қыс­таубай Аманов, тағы бас­қаларын ел еш­қа­шан да ұмыт­пай­ды.
Ауданымызда ата кәсiптерiн жалғас­ты­рып, алтын арқауды үзбей келе жат­қан әулеттер аз емес. Жақында осы «Ең­бек күнi» мерекесiне орай «Шаңырақ» отбасы клубының ұйымдастыруымен «Еңбеккердiң мерейiн асыратын мереке» деген тақы­рып­та өткен кешке әуле­тiмен еңбексүйгiш отбасыларды арнайы шақырып, жастармен кездесу өткiздiк. Осы iс-шарада Қазы­бек би ауыл окру­гiнде тұратын Еркiн Бота­бековтiң отбасы «Еңбек әулетi» деген атаққа ие болды. Бұл жиынға ұлттық қолө­нер бұйымдарын жасаумен айналысатын ерлi-зайыпты Аюбхан, Злиха Әбдiрах­ма­нов­тар отбасы да шақырылып, олар өзде­рiнiң ата кәсiптерi жайлы әңгiмеледi.
Халқымыз «Еңбек қылмай ер оңбас, бiрлiк қылмай ел оңбас» деп бекер айтпаса керек. Адал, қажырлы еңбек қана адам­­ды үлкен абырой-беделге, құрметке бөлейдi. Ерiнбей еңбек ету арқылы тұр­мы­­сың түзелiп, бай, қуатты боласың. «Елдi ел ететiн–еңбек, еңбек бәрiн де жең­бек» деген қағида осыған байланысты айтылған ғой деп ойлаймыз», – дейді ол.
«Еңбек күнi» мерекесiне орай сот са­ласы қызметiнiң ардагерлерi мен бiрқатар судьялардың қатысуымен Оңтүстiк Қаза­қ­­с­тан облыстық сотында «Дөңгелек үстел» мәжiлiсi ұйымдас­тырылды.
– Шындығында, бұл мереке еңбек ада­мы­ның қоғамдағы мәртебесiн арт­тыруға, қазақстандық патриоттық пен кәсiптiк мақ­танышты дәрiптеу мен көп­жылдық ең­бек дәстүрлерiн нығайтуға және өндiрiстiк қыз­меттердi ынталандыру, сондай-ақ, жұмысшы маман­дық­тарын насихаттауға бағытталған. Ежелден берi еңбек – адам өмiрiнiң мәнi болып келдi және болашақта да осылай қала беретiнi ақиқат. Жер бетiнде жақ­сылық атты ұғым барда шынайы бақыт, еңбек бақыты да қоғамның бiр құнды­лығы ретiнде сақталатыны анық… Бiлiм, мәдениет, денсаулық сақтау салала­рын­дағыдай сотта да ұзақ жыл абы­роймен еңбек еткен судьялар бiздiң өңiрде жүз­деп саналады, – дедi мәжіліс тізгінін ұс­таған облыстық соттың төрағасы Нұрсерiк Шәрiпов.
«Қоғамдағы еңбектiң ролi» тақы­ры­бында ОҚО сотының жанындағы қоғамдық кеңестiң төрайымы, «Құрмет» орденiнiң иегерi, отставкадағы судья Гүлбану Аға­дiл­ова, «Еңбек туралы» кодекстiң жаңа жобасы» бойынша ОҚО сотының судьясы Серiк Дзюлиев бұл басқосуда есте қалар­лық баяндамалар оқыды. Басқосуда сот саласы қызметiндегi әулеттiк жалғас­тық­тар мен судьялық ұстаздық мәселелер де әңгіме арқауына айналды.
«Еңбек күнi» мерекесiне орай сот са­ла­сының ардагерлерi Лариса Ермакова Жоғарғы сот төрағасының қаулысымен «Сот iсiнiң ардагерi» медалiмен, Людмила Стаценко, Гүлзада Байғабылова, Мейiрхан Әмi­ров және тағы басқалар ОҚО соты тө­р­ағасының Алғыс хатымен марапатталды.
Ал жақында «Қазақстан Республикасы мүгедектерінің құқықтарын қамта­ма­сыз ету және өмір сүру сапасын жақ­сарту жөніндегі 2012-2018 жылдарға ар­налған іс-шаралар жоспарының» екін­ші кезеңі 2014-2015 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысында орындалу барысы туралы әкімдікте кезекті мәжіліс өтті. Мем­лекеті­міз­дің мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны қабылдағандығы мүгедек­терге қатысты дискриминацияға жол бер­меу үшін халықаралық нормалар мен с­танд­арттардың сақталуына тиісті шаралар қабылдауға дайын екендігін көрсетті. Қазақстан Республикасы кон­венцияға қатысушы мемлекет ретінде 2012-2018 жылдарға үш кезеңнен тұратын (2012-2013, 2014-2015, 2016-2018 ж.ж.) «Мүге­дек­тердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сапасын жақсарту» бойынша ұзақ мерзімді Ұлттық іс-қимыл жос­парын дайындап, оларды іске асыруға бағыттал­ған қаулылар бекітті. Аталған іс-шаралар жоспары облыс деңгейінде де қабылданып, бүгінгі таңға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес облыс әкімдігінің 2015 жылғы 9 шілдедегі №215 қаулысымен жүзеге асырылуда.
Бүгінде облыста 108 923 мүгедек аза­мат­тар есепте тұрады, бұл көрсеткіш рес­публикадағы мүгедектердің 17,4 пайызын (627,2 мың адам), облыстың жалпы тұр­ғындарының 3,9 пайызын (2 813,6 адам) құрайды.
Мүмкіндігі шектеулі мұндай жандар үшін бірінші кезекте мемлекет тарапынан оңалту құралдармен және әлеуметтік қыз­мет­пен қамтамасыз ету мәселесі маңыз­ды. Осы мақсатта 2012 жылы 1,5 миллиард теңге бөлінсе, биыл 3,1 миллиард тең­­ге бөлінген, яғни соңғы үш жылдың ішінде қаралған қаражат көлемі екі есеге артты деген сөз. Алайда, мұнымен мүге­дек­тердің мұң-мұқтажы толық шешіліп отыр деп біржақты айтуға болмайды. Атал­ған қаражаттың арқасында биыл 11 254 адамға оңалту құралдары сатып алынып, мүгедектерге толығымен жеткізілген. Ал, әлеуметтік қызметпен жыл соңына дейін 19 мыңнан астам мүгедек қамтылады деген жоспар бар. Бұл туралы мәжілісте облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бас­қар­масының басшысы Әсия Темірбаева өз баяндамасында мәлім етті.
Әсия Құралқызының айтуынша, бүгінге дейін жоспарланған сурдотехникалық құ­ралдардың 80,6, қоларбалардың 82 пайы­зы мұқтаж мүгедектерге жеткізіліп берілген. Мүгедектер мұңы көтерілген жер­де олардың қолжетімділігін қамтама­сыз ететін бірден-бір қажеттілік – пантус мәселесі екені түсінікті. Өйткені, біздің қоғамда мүгедектердің төрт мүшесі түгел азаматтармен бірдей деңгейде қажетті жеріне барып, керек мекемесінің табал­дырығын аттауға, яғни қолжетімді орта қалыптастыруға жағдай толыққанды жасалуы тиіс. Дерекке жүгінер болсақ, облыс бойынша 4083 әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының 81,2 пайызына, яғни 3316-сының пантусын бейімдеуден өткізу қа­жет­тігі белгілі болған. «Нұр Отан» партиясы «Кедергісіз келешек» бағдарламасы бойынша 2014 жылы 198 нысанның пан­ту­сының мүгедектер үшін қаншалық қо­лай­­лы екенін тексеріп шығуы да бекер емес.
Жоғарыда аталған 108 923 мүгедектің 27740-ы еңбек жасындағы, жұмыс істеуге қабілетті есептеледі. Бірақ бұлардың 64 пайызының бүгінгі таңда мүлдем маман­ды­ғы жоқ. Бұл олардың жылдам және тұрақ­ты жұмысқа орналасуына кедергісін келтіреді. «Мүгедек жандардың көпшілі­гінің мамандығы жоқтығын, орта білімді екенін ескерсек, қысқа мерзімде білік­тілі­гін арттыру жұмысын жандандыруымыз керек. Өз тарапымыздан қашықтық­тан  оқыту  жобасын  дайындап  отыр­мыз», – дейді баяндамашы. Мүмкіндігі шектеулі жандар­дың арасында табысы жеткілікті, бала күтімінде отырған немесе жұмыстан бас тартқан азаматтарды қос­па­ғанда жұмыс істеуге ынталы 5269 аза­матты 3 жылдың ішінде жұмыспен қамту қажеттігі анықта­лып, үш кезеңге бөлінген меже жасалған. Осы меже аясында 2014 жылы 2221 азамат жұмыспен қамтылды. Ал, 2015 жылы 2267 адамды жұмыспен қамту жоспарланып, 8 айда жұмысқа нақты орналасқаны – 1424. Бұл – 63 па­йыз­ды құрайды. Облыс­тық дең­гейде меже орындалып келе жат­қа­нымен, кейбір ау­дан-қалалар – Бәй­ді­бек, Ордабасы, Со­зақ, Шардара, Кентау, Түркістанда бұл мә­селе қатаң бақылауды қажет етеді. Айта кеткен жөн, мүгедектерді жұмыспен қам­туда жыл сайын ұйымдасты­рыла­тын бос жұмыс орындарына арналған жәр­мең­кенің көп жәрдемі тиіп отыр екен. Айта­лық, 2014 жылы облыс бойынша 35 жәр­мең­ке ұйымдастырылып, 542 мү­гедек жұмыспен қамтылса, биыл өткізілген 16 жәрмеңкеге қатысқан 557 мүмкіндігі шек­теулі жанның 40 пайызы екі қолға бір күрек тапты.
Регламент бойынша негізгі баянда­ма­шыға берілген 15-20 минуттың ішінде мүгедектердің мұңы осылайша баяндалды. Мұны облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов бірден «шикарный баяндама» деп бас бармағымен бағалады. «Әп-сәтте әр адам­­­ның басына түсуі немесе әр отбасы­ның бір мүшесі жолығуы мүмкін мүгедек­тік мә­се­лесіне, оларға жағдай жасауда жүрек­пен жұмыс істеу керек, бүгінгі ай­ты­лып отырған мәселеде формализм жүр­­мейді. Сол себепті, мүгедектердің мұңын шешуге қатысты кез келген ұсы­ныс­та­рыңыз­ды талқылауға, шешім­дері­ңізді қолдауға дайынмын. Бай-бағлан­дармен байланыстарыңыз жақсы, Сіз­­дер мүгедек­термен де байланысты кү­шей­тіңіздер, олардың қалай өмір сүретінін назарға алыңыздар, оларға қандай қиын екенін көріңіздер. Алдағы уақытта мүгедектер мәселесін әрқай­сыңыз­дан жеке-жеке сұрайтын боламын», – деді жиында облыс әкімі Бейбіт Бәкірұлы. Өңір Басшысы жиынды қоры­тын­дылай келе, еңбек заңна­масын сақтау­ды, оның ішінде жалақы қарыздарын бол­дырмау жөнінде нақты тапсырмалар берді.
Еліміздің әлеуметтік жаңғыртылуы ең әуелі әрбір азаматтың санасын өзгерту қажеттігін білдіреді. Яғни кешегі масыл­дықтан, жатыпішерліктен бас тартып, белсенді өмір позициясына ауысу уақыт талабына айналды. Осы тұрғыда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев­тың «Жал­пыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты идеясы қысқа мерзім ішін­де өзінің өмір­шеңдігін көрсеткені талас тудырмайды. Мемлекет басшысы ұсын­ған Ұлт жос­пары қоғам өмірінің ше­шуші салаларын жаңғыр­туға бағыт­талған­дықтан, бұл елі­мізді әлем­нің ең үздік әрі дамыған елде­рінің қата­­рына жетелейтін бірден-бір идеоло­гия­ға айналғаны сөзсіз.
Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамын құру туралы идея қатардағы бастама емес, мемлекеттік және қоғамдық құрылым­дар, әр Қазақстан азаматы үшін ұлттық тренд болып табылады. Осы стратегия­лық құжат еңбек, білім, жастар саясаты, ден­­сау­лық сақтау, тұрғын үй сияқты қо­ғамның маңыз­ды және өзекті жақ­тарын қамтиды. Түптеп келгенде, Жалпыға Ортақ  Еңбек  Қоғамы – бұл Қазақстанның жаһандық дағдарысқа берген жауабы.

Айнұр Оңғарбаева.
Оңтүстік Қазақстан облысы.
ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір