Делимитация термині Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін пайда болды
25.10.2015
2491
0

567892_1105728646________________________________Берекет Кәрібаев,
тарих ғылым­да­ры­ның докторы, профессор


Халықтың тарихы аңыздарда, әңгі­мелерде, шежірелерде, жырларда, дас­тандарда көрініс беріп отырады. Қазақ хандығы туралы түсінігімізге «зар заман» мен «Қаратаудың басынан көш келетін» тұстардың қасіреті кері әсерін тигізгені рас. Жаңа заман туған кезде бұрынғының қасіреті қалып, қуанышын шайып кетіп жататыны да бар. Әйтпегенде қазақтың жадында қазақ мемлекеттілігінің барлық кезеңі сайрап тұр. Қобыланды батыр мен Ақжол би туралы аңыз әңгіме 4-5 ғасыр уа­қыт өтсе де халықтың санасынан өш­кен жоқ. Одан өзге қаншама жыр-дас­тан­дарды алып қараңыз, бәрінде ел үшін, жер үшін, Отан үшін, бүгінгі тілмен айтсақ, мемлекет үшін талай билеуші, батыр, би күресіп жүр. Иә, ауыз әдебиеті солай, шежіре атадан балаға берілген кезде не­гізгі суреттер қалады да, көптеген нақ­ты мәліметтер сызылып қалып отыруы мүмкін. Сөйтіп, көп жағдайда аңыздар биліктің символы ретінде хан ұғымын ғана сақ­тап қалып, оның нақты кім еке­нін анықтамайды. Әйтеуір, «Ертеде бір бір хан болыпты» деумен оқиға басталады. Ол ханның қырық уәзірі болады. Баһадүр батыры болады, қазынашысы болады. Бұ­лардың бәрі айналып келгенде, мем­ле­кеттік басқару жүйесінің өкілдері. Ол хан­ның ішкі-сыртқы жағдайын ойлайтын «ми­нистрлері» – кеңесшілері, уәзірлері бар.
Ал территориялық делимитация жасай алмады деген сөздер – өтірік. Делимитация термині Бірінші дүниежүзілік со­ғыстан кейін пайда болды. Оның үстіне біз­дің территорияға орналасқан халық Еуропадағыдай тығыз емес еді, мұндай жағдайда делимитация жасаудың қажеті де болмай қалды. Сіз айтып отырған дел­ми­тация – шекара белгілі бір тау, өзен, көл, ормандармен белгіленді. Орта ға­сыр­ларда Түркістан уәлаяты мен Дешті Қып­шақ арасындағы шекара белгілі бір тө­бе арқылы анықталды. Одан өзге, құм, теңіз­дер де шекара міндетін атқарып отыр­ған. Ел билеушілерінің барлығы да бұл шекараларды бес саусағындай біліп отырған. Ол кездің мемлекеттік  жүйесіне, басқару аппаратына, әкімшілік құрылы­мына бүгінгі күн тұрғысынан кінә арту дұ­рыс емес. Қазақ хандығы дәуірінде мем­лекеттік аппарат, мемлекеттік жүйе халықтың мүддесіне сай қызмет етті. Ха­лықтың ол кездегі мүддесі не еді? Ол – ел­дің тұрмыс-тіршілігі, мал бағатын қыс­тауы мен жайлауының қауіпсіздігі еді. Бұл қазақ халқының өмір сүруі мен шаруа­шы­лық жағдайының формасы болған. Ол за­манда қазақ халқы бақытты өмір сүргісі келсе өзінің этникалық шаруашы­лық аумағын сақтап қалу керек еді. Сақ­тап қала алды да.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір