Шоқанның досы
25.10.2015
27622
15

748166_296145737_DSC_0003Өткен ғасырда қазақ елін, жерін аралап, оның фольклоры мен этнографиясын жинап, жарыққа шығарған әрі ғылыми тұрғыда зерттеген ғалымдардың ішінде Г.Н.Потанин есімі үлкен құрметпен аталуы тиіс. Г.Н.Потаниннің әкесі Н.И.Потанин Сібірлік крепостной (басыбайлы) казак, Омбыдағы әскери училищені тәмамдаған соң қазақ даласында қызмет атқарған. 1829 жылы Николай Потанин Қоқанға ханның елшісіне жол бастаушы болып барған. Жас офицер өзіне берілген тапсырманы ойдағыдай орындап шығады. Оның Қоқанға сапар туралы жазбалары мәліметінің көптігімен әрі жақсы жазылуымен өзіне жұрттың назарын аудартады. Григорий Потаниннің бір замандасы оның әкесін еске алып, былай дейді: «Беретін мәліметтері мен жүзеге асқандығы арқасында хорунжий  Н.И.Потаниннің Қоқанға барған сапары осы күнге дейін ғылыми маңызын жоғалтқан жоқ. Россияға қосылғанға дейін қазақ сахарасы мен Орта Азия хандықтары жайындағы біздің аз ғана тарихи-географиялық білімімізге ол қазірдің өзінде де бағалы үлес болып саналады».

Ол 1835 жылдың 22 қыркүйегінде Баянауыл округіне қарайтын Ямышево по­селкесінде Николай Ильич Потанин деген есауылдың отбасында дүниеге келген. Григорий Николаевич Потаниннің бала­лық шағы қазақ жерінде, қазақ арасында өтіп, ол жастайынан осы халықтың тұр­мы­сымен, тіршілігімен таныс болып өсті. Он жасқа толғанда ата-анасы Гри­горийді Омбыдағы Кадет корпусына оқу­ға береді. Осы оқу ордасы қабыр­ға­сында ол Шоқан Уәлихановпен танысып, онымен достасып кетеді. Екеуі болашақ туралы бірге армандап, тарих, география пәнде­ріне қатты ден қояды, белгісіз елдерге саяхат жасауды ойлап, қиялдайды. Кадет корпусында болашақ офицерге қазақ даласы­ның географиясы туралы программадан тыс деректер мен мәлімет­тер берілетін, өйткені, олардың әскери қызметі, негізі­нен, Қазақстанда өтетін еді. Потанин кейін­­тін­де былай деп жазды: «…Қазақ даласы туралы корпуста алған менің геогра­фия­лық білімім басқа жерлер жайын­да­ғыдан әлдеқайда артық еді».
Алайда, Потанин үшін ғылым жолына түсу оңай болған жоқ, Кадет корпусынан кейін ол 25 жыл бойы казак станциясы­ның офицері болып қызмет атқаруға тиіс еді. Бірақ корпуста оқып жүрген кезде-ақ өзі­нің әскери мансапқа ынтықтығы жоқ екенін сезіп, бар мүмкіндігін Петербург университетіне оқуға түсуге жұмсамақ бо­лады. Ал университетке түсу үшін, әрине, ұзақ жылдар қажет еді.
Кадет корпусын бітіргеннен кейін Гри­горий Потанин Іле өлкесінде, Алтайда, Омбыда әскери қызметте болды. Қай жер­ге барса да Потанин сондағы ел-жұрт өміріне, табиғатқа ерекше көңіл бөліп, фольклор үлгілерін жазып алып жүрді, гербарий жинады. Дегенмен, ғылыми зерт­теу жүргізуге білімінің аздығын сезген офицер 1859 жылы отставкаға шыға­ды да, Петербург университетінің физика-математика факультетіне қарайтын та­биғаттану бөліміне ерікті студент-тыңдаушы болады.
Университетте оқыған жылдар Потанин үшін өте жемісті болды. Мұнда оның саяси-қоғамдық көзқарасы қалыптасты. Бұл кезеңде Россияда крепостниктік пра­во жойылуына байланысты қоғамдық қозғалыс етек алған болатын. Осы тұста Г.Н.Потанин мен оның М.М.Ядринцев, Ф.Н.Усов, С.С.Шашков, Н.И.Наумов сияқ­ты достары үйірме ашып, оған Сібірден шыққан студенттерді тартады. Сібірлік студенттер туған өлкесіне қызмет етуді өздерінің басты мақсаты деп білген. Сол уақытты есіне алып, оқымысты кейін: «…алпысыншы жылдары жалпы орыстың патриотизмі жергілікті, өлкелік және бас­қа ұлттық патриотизмді жоққа шығарған жоқ. Әрі жеке патриотизм екеуі де бір адамның ішінде қатар өмір сүріп
жат­ты», – деп жазды. Тегінде, Потанин сол кездің өзінде саяси-қоғамдық тұрғы­дан алып қарағанда мәдени-ағартушылық реформалар жасау идеясын ұстанған. Ол өзінің публицистикалық еңбектерінде Россия­ның шет аймақтарын мекендейтін халық­тарға білім беріп, оларды қанаудан азат ету қажеттігін, олардың өмірін, экономи­калық жағдайын жақсарту керектігін ашық айтып, батыл жазған.
Сонымен, «Сібір кружогін» ұйымдас­тыр­­ғаны, студенттердің толқуларына қа­­ты­сқаны үшін және ой-пікірлері мен сая­си-қоғамдық көзқарасының патшалық режимге қарсы болғандығы үшін өкімет «Кейбір жастардың Сібірдегі билікті өз­гер­­туге және Сібірді империядан бөліп әкетуге бағытталған қастандық әрекет­тері» деген іс қозғап, 1865 жылы Г.Н.По­та­­нинді бір топ достарымен бірге тұтқынға алады.
Достарының тағдырын жеңілдету үшін жас Потанин барлық кінәні өз мойнына алады да, «бас қаскүнем» делініп, ең ауыр жаза­ға кесіледі. Абақты мен айдауда оның сегіз жыл өмірі өтеді. Тек содан кейін ға­на, ғалымның өзі айтқандай, «осы өмір станцияларынан» өткеннен соң ғана Г.Н. Потанин сүйікті нәрсесі – саяхат пен ғы­лым­ға біржола өзін бағыштайды. Сөйтіп, ол 1876 жылдан бастап Орталық Азияға, Сібірге, Қазақстанға жеті рет сапар ше­гіп, ғылымның бірнеше саласына – геог­ра­фияға, ботаникаға, этно­гра­фияға, фольк­лорға, т.б. қыруар жаңа деректер қосты, жиналған материалдарын жүйе­леп саралады, зерттеді. Экспедиция­лар­дың ара-арасында Петербургке, Моск­ваға, Иркутскіге барып, баспаханаларда да жұмыс істеді. Ғылым жолына бүкіл өмірін сарп еткен атақты саяхатшы-ға­лым Григорий Николаевич Потанин 1920 жылы, 85 жасында Томск қаласында дүние салды.
Бұғанға дейін оның ғылыми мұрасын бағалауда біржақтылық басым болды. Көп жағдайда Потанинннің саяхатшылық қызметі мен табиғаттануға байланысты еңбектері ғана қарастырылды. Әсіресе, оның Орталық Азияға қатысты зерттеу­ле­рі, ол аралаған елдердің мәдениеті мен әдебиетіне, тарихына, фольклорына қатысты қыруар зерттеу материалдары дер кезінде бағаланбады. Революцияға дейін де, одан кейін де ғылымда Г.Н.По­та­нин­нің орасан еңбекқорлығы, терең білімі мен ғылыми маңызы зор экспедициялары жайында ғана тиісті дәрежеде ай­тылып келді. Мысалы, атақты жиһангез П.П.Семенов-Тяньшанский былай деп жазды: «Григорий Николаевич өз бойына ішкі Азияға сапар шегетін кісіге аса қа­жетті қасиеттерді жинаған еді. Ол қасиет­тер: еңбек пен жоқшылықта шыңдалған денсаулық, адам сезгісіз төзімділік пен қайырымдылық, жергілікті тұрғындардың тілінен хабардар болу, олармен оңай тіл табысу, география мен табиғаттану ғылымдары саласында тамаша білімділік, Сібір мен Азия туралы географиялық әдебиетті жақсы меңгергендік, соның ішінде, әсіресе, өзі қалап алған іске деген сүйіспеншілік пен ғылымға бүтіндей берілгендік».
Г.Н.Потаниннің саяхатшы-ғалым ретінде еліне сіңірген еңбегі ерен. Сол себепті де өткен ғасырдағы Россия ғылы­мы оның бұл еңбегін өте жоғары бағалап, орыстың географиялық қоғамы оны «география ғылымына пайдалы қызметі үшін» алтын медалімен үш рет марапаттаған болатын.
Алайда, Потаниннің ғылыми-зерттеу еңбектері жалғыз географиямен шектел­мейді. Оның ғылыми мұрасының басым көпшілігі – фольклор мен этнографиялық және әдеби-публицистикалық еңбектер. Бірақ бұл еңбектер әлі толық зерттелген жоқ. Бірлі-жарым шағын ғылыми мақала­ларда ғана ғалымның Сібір халықтары фольклоры мен этнографиясына қатысты еңбектерін қарастырады. Ал Г. Потаниннің қазақ фольклорын жинап, жариялап, зерттеу ісінде атқарған қызметі әлі күнге дейін кең түрде, фольклористика ғылымы тарихында арнайы сөз болған емес. Рас, Г.Н.Потанин жинаған материалдар жайында, оның кейбір мақалалары мен жекелеген ой-пікірлері туралы кезінде
М.Әуезов, Е.Ысмайылов, М.Ғабдуллин, Н.Смирновалардың еңбектерінде деректер келтіріліп, қазақ фольклоры туралы ғылымда алатын орны бар екені айтылды. Әсіресе, Г. Потаниннің қазақ фольклорына қатысты жинап, жариялаған материалдарын елге танытып, дұрыс бағасын беруде «Казахский фольклор в собрании Г.Н.Потанина» атты жинақтың ролі ерекше болды. Ал Н.Смирнова осы жинаққа кіріспе ретінде жазылған «Г.Н.Потанин – собиратель и исследователь казахской народной поэзии» деген очеркінде ғалымның бұл салада сіңірген зор еңбегін ғылыми тұрғыдан талдап, мәнін ашып, қазақ ғылымындағы орны мен маңызына тоқталды. Атап айтқанда, Н.Смирнова Потаниннің қазақ ауыз әдебиетін жинап, жариялап, зерттеу саласында атқарған қызметін баяндап, оның негізгі сипатын, сондай-ақ, ғалымның фольклористік көзқарасын анықтап, кейбір негізгі еңбектеріне талдау жасаған. Соған қоса, Н.Смирнова өзі жазған очерктің толық емес екенін, жалпы Г.Н.Потаниннің фольк­лористігі жайында арнайы монография жазу қажеттігін ескерткен. Демек, қазақ фольклористикасы Г.Н.По­таниннің ғылыми мұрасын толық зерттеп болған жоқ. Қазақ фольклористикасының тарихы тұрғысынан Г.Н. Потаниннің қазақ ауыз әдебиеті туралы ғылымға қосқан үлесін ашу, оның теориялық еңбектерін зерттеп, қазақ фольклористикасының қалыптасып, дамуына сіңірген еңбегін нақтылау, сондай-ақ, оның ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы фольклористикада алатын орнын және ол айтқан тұжырымдардың қазіргі ғылым үшін маңызын анықтау міндет. Сонымен бірге, оқымыстының қазақ ауыз әдебиеті үлгілерін жазып алу методикасы мен жариялау шарттарын да талдау, олардың ғылыми мәнін ашу – біздің уәзипамыз. Міне, осындай мақ­сат­тарға байланысты Г.Н.Потаниннің фольк­лористігі мынадай үш салада – жинаушылық, жариялаушылық, зерт­теу­шілік қырлары қарастырылады.
Григорий Николаевич Потанинді замандастары көзі тірісінде-ақ қажымас фольклоршы деп атаған. Шынында Қазақстан мен Сібірді, Орталық Азияны мекендейтін ондаған халықтың фольклорын жинау, жариялау және зерттеу – оның өмірлік ізденісі болды десе, артық емес.
Г.Н.Потаниннің фольклорға, оны жи­нау­ға ынтасы Омбы Кадет корпусында оқып жүрген жылдарда-ақ (1845-1852) ауған болатын. Кадет корпусы сол кездегі Қазақстан мен Сібір аймағындағы ең жақсы оқу орны болғаны белгілі. Мұнда сол кездегі ең озық ойлы ұстаздар сабақ берді. Әсіресе, тіл мен әдебиет пәнінен сабақ беретін Н.Ф.Костылецкий, тарихшы П.В.Гонсевский, географ В.Старков сынды мұғалімдер шәкірт Г.Потаниннің көңі­ліне Сібір мен Қазақстанда тұратын ха­лықтардың ауыз әдебиетіне, мә­де­ниетіне, этнографиясы мен тарихына құмарлық ұялатқан еді. Қазақ даласында туып-өскен Потанинге ұлағатты ұстаз­дардың дәрісі, туған өлкесі туралы берген білімі тегін кетпеді. Оның үстіне Шоқан­­мен дос болып, бірге жүріп, бірге өсуі Потанин­нің келешегіне игі әсер етті. Ол бір естелі­гінде былай деп жазды: «…Мен Шоқанмен қатты араласа бастадым. Бұл уақытта мен үшін ең сүйікті нәрсе қазақ даласы­ның географиясы мен этнографиясы болды. Ал Шоқан өзінің әңгіме­лерімен маған дәптерімді толтыруға жәрдем етті. Ол айта беретін, мен жазып ала беретін­мін, содан кейін ол мен жазып алған текстерге сурет салатын (…). Осы кезден бастап біз достасып кеттік те, біздің ойларымыз ешқашан ажыраған емес, екеуі­мізді де қызықтыратын бір нәрсе – Қазақ даласы мен Орта Азия еді». Г.Н.Потаниннің Шоқанмен достығы, Шоқанға деген сүйіс­пеншілігі өмір бойы суыған емес. Досы мезгілсіз қайтыс болғаннан кейін де Г.Н.Потанин оның ата-анасымен, ауылымен, туыстарымен байланысын үзген емес. Оларға арнайы барып, қонақ болып, ауыз әдебиеті үлгілерін жинап жүр­ген, ал Шоқанның әкесі мен нағашысынан қажетті материалдар да алып отырған. Демек, Шоқанмен бірге болған шағы Г.Потаниннің кейінгі бүкіл саналы өмірінде із қалдырып, оның фольклорист ретінде қалыптасуына зор ықпал еткен деуге негіз бар.
Г.Н.Потанин Кадет корпусының шә­кірті кезінде фольклорды көбіне конспект түрінде топтаса, оқуын бітіріп, Іледе, Алтайда және Омбыда қызмет еткен (1852-1857), одан кейінірек Петербург универ­си­тетінде оқып жүрген шағында (1858-1863) ол өзінің жазбаларын халық тұрмысы мен өмірі туралы деректермен толықтырып отырған. Бұл кезде Потанин көбінесе Сібір қазақтарының ертегілерін, хикаяларын, жұмбақтарын жинаған. Оның бұл материалдары кейін белгілі фольклорист И.А.Худяковтың жинақ­тарында жарияланды.
Қазақ ауыз әдебиеті үлгілерін Г.Н.Потанин ең алғаш 1863-1864 жылдары астроном К.В.Струвенің Тарбағатайға шыққан экспедициясында болған кезде жазып алған. Зайсан көлі маңайының табиғатын бақылай жүріп, ол сол жерді мекендейтін қазақтардың фольклоры мен этнографиясына қатысты материал жинайды да, оны журналда жариялайды. Бірақ осы игі бастама оның жер аударылуына байланысты тоқтап қалып, тек 1876 жылы ғана әрі қарай жалғасқан еді.
Г.Н.Потаниннің қазақ ауыз әдебиетін жинаудағы методикасы мен шарттары оның фольклористік концепциясымен тікелей байланысты болды. Ал оның фольклористік концепциясы, сөз жоқ, ғалымның демократиялық көзқарас­та­рынан шыққан еді, әрі оның жинаған материалдары оқымыстыны осы бағытта жұмыс істеуге құлшындыра түсті. Г.Н.По­таниннің: «Атқарып жүрген ісімнің ерек­шелігіне қарағанда мен далалық Шығыс фольклорымен шұғылданатын топта болуым қажет және батыс фольк­ло­рын­­дағы кейбір құбылыстардың сырларын Шығыс­тан іздейтіндердің қата­рында саналуға тиістімін», – деп жазған еді. Сөйтіп, По­танин­нің жинау­шылық жұмысы мен зерт­теушілігі бір-біріне ықпал етіп, қатар жүріп отырды. Теория­лық ізденістері оның жинаушылық методикасын жетіл­діре, географиялық және ұлттық ауқымын кеңейте түсті және ауыз әдебиеті үлгілерін белгілі бір мақсатта жинауға бағытталды. Мәселен, ол Көк­ше­тауға сапар шегер алдында: «Сібір түркілерінің ертегілік сюжеттерін зерттеп, моңғолдардың ертегілері мен аңыздарын салыстыру үстінде мен кейбір сюжеттердің қазақтар арасында қан­шалықты кең жайылғанын білгім келді, өйткені, менің осы күнге дейін қазақ сахарасында жинаған материалдарымда да, жарық көрген қазақ ертегілерінің жинақтарында да ондай сюжеттер жеткілікті түрде орын алмаған», – деп жазды. Сондықтан ғалым тек қана фольклор жинаумен шектелмей, қазақ халқының тарихын, тұрмысын, рухани мәдениетін жете білуге пайдасы тиеді деген пікірдің бірде-бірін назардан тыс қалдырмаған. «Мені қызықтырған сюжеттерден басқа, – деп жазады ол, – мен қазақтар арасынан аспан мен хайуанат эпосы бойынша және қазақ шежіресіне қатысты материалдар жинамақпын; сон­дай-ақ, қазақтардың ежелгі діни нанымдарына да көңіл аудармақпын». Міне, осындай жан-жақты зерделеушіліктің арқасында Г.Н.Потанин қазақ фолькло­рының, барлық жанрын (эпос, ақындар мен жыраулар поэзиясы, айтыс, ертегі, аңыз, хикаят, миф, тұрмыс-салт жыры, жұм­бақ, мақал-мәтел, өлең, нақыл сөз) қамтыған.
Өмірін түгелімен осындай экспе­диция­лық жұмыспен өткізген Потанин туралы С.Ольденбург дұрыс айтады: «Оның жұмысы тыныш кабинетте, я болмаса тар қапас қалада өткен жоқ. Оның өмірі шексіз далада, аспан астында, үңгір ішінде, киіз үйде өтті, еңбектері осындай жағдайда дүниеге келді. Сол себепті де ол адам баласының ең жоғарғы жетістігі мен рахаты қу дүниеде емес екендігі жайында ұлы сабақ алған еді».
Экспедициялық әдіс Потанин үшін ауыз әдебиетін жинаудың негізгі формасы болды. Мұнымен қатар ғалым фольклорды жер-жердегі энтузиаст адамдар арқылы да жинап отырды. Сөйтіп, ол тұрақты хабаршы корреспонденттер мағлұматтарына да сүйенді. Олар көне-көз қариялардан Потаниннің нұсқауы бойынша қажетті материалдар жазып алып, оған жіберіп тұрған.
Тарбағатай экспедициясынан кейін (1863-1864) Г.Потанин География қоға­мының ұйғарымы бойынша Солтүстік-Батыс Моңғолияға екі рет саяхатқа шы­ғады (1876-1877 және 1879-1880 жыл­­дары). Бұл екі экспедицияда ол өзі аралаған жерлердің табиғатын ғана қызықтап қоймай, сондағы халықтардың өмірі, тұрмысы, мәдениеті туралы өте мол мағлұмат жинады. Моңғолстанға бара жатқан жолда жиһангез Ақмола облысында, Баянауылда, Тарбағатай мен Зай­санда болып, қазақтардың фольклоры мен этнографиясына қатысты көптеген материал тапты. Кейін бұл материалдар оның «Очерки Северо-Западной Монголии» атты еңбегіне енді.
1892-1893 жылдары Г.Н.Потанин екінші рет Тибетке, оның шығыс өлкесіне экспедициямен сапар шегеді. Алайда, саяхат­шылар Тибеттің биік таулы мекен­деріне жеткенде кенеттен Потаниннің жұбайы Александра Викторова қайтыс болып, экспедиция жұмысы тоқтап қала­ды. Ол кісі ерімен бірге талай саяхатқа қатысып, аралаған елдердің тұрмысы, мә­дениеті туралы зерттеулер жазып, ғылымға белгілі дәрежеде үлес қосқан еді. Сүйікті жарынан әрі жәрдемшісінен айырылғанымен Г.Н.Потанин саяхатқа шығуын қойған жоқ. Ол 1895 жылы өзінің бала кездегі досы, марқұм Шоқан Уәли­хановтың ауылы – Сырымбетке арнайы ғылыми экспедицияға шығады. Мұнда Шыңғыстың ауылымен бірге жайлауда, одан соң қыстауда болып, қазақ тұрмы­сын, этнографиясын зерттейді, ауыз әдебиеті үлгілерін жазып алады. Өзінің осы сапары жайында ол кейінірек тамаша очерк жазды да, хатқа түсірген фоль­клорлық шығармаларды жинақ етіп жариялады.
Г.Н.Потаниннің өмірі мен творчествосы оның өзін ғылымға арнаудың үздік үл­гісі. Ол өз хатында: «Менің ойымша, бар­лық шарттың ішіндегі ең бастысы – адам өзін іштей таза арына сәйкес дайынмын деп сезінуі керек, яғни адамда ғылымды тек ғылым мен адамзатқа қыз­мет ету үшін ғана іздейтініне және аң­сайтынына сенім болуға тиіс; ғылымды тек тамақ табудың кәсібіне айналдырмау керек», – деп жазған еді. Потанин осы пікірін жүзеге асыра білді.
Жанбота ЕСЕПБАЙ.
ПІКІРЛЕР15
Аноним 12.09.2019 | 12:04

Сыз жындысызба мен шоканнын досы десем кайдагы жокты жазып жынды тупой мал ешек Саган тукыргеным бар

Аноним 12.09.2019 | 12:10

Енды осынын барын жазыыып отырамызба уф осындай адамдарды баргой жек корем

Аноним 10.11.2019 | 23:57

Соны айтам да ертен апай 2 койсын сены😠👿🤺🤛🤛🤛🤛👊🤜

Аноним 14.11.2019 | 11:17

Өте жақсы

Аноним 13.04.2020 | 21:54

Керемет

Аноним 28.04.2020 | 14:19

Мынау шокан туралы емес кой

Аноним 06.05.2020 | 15:31

Керемет🔥🔥🔥👍

Аноним 11.05.2020 | 16:10

Сомен Шоқанның досы кім болды?

Аноним 13.04.2021 | 14:34

Досы десем Менде ешак мал

Аноним 16.04.2021 | 12:11

;-;

Аноним 16.05.2021 | 20:23

Достарының фамилясын кыскартпай толык жазшы түсінбей атрк ко наякта■

Аноним 24.10.2021 | 10:34

Досының есімін жазбаған ба неме не

Аноним 06.12.2023 | 11:20

қое

Аноним 30.01.2024 | 22:08

Досы жок кои ишинде

Аноним 22.04.2024 | 09:34

Блять мынаны енді көшіремінба 10 сағат? НЕ ЕСІМДЕРІ ДҰРЫС ЖАЗЫЛМАҒАН. ЕШАК НАҚТЫ ЖАЗБАЙСЫҢБА ТУПОЙ ҚОТОҚБАС

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір