БҰҰ мінберінен
25.10.2015
1340
0

747817_1019033702_359f615a1931bbb80d9199c3087

БҰҰ Бас Ассамблеясы 70-ші мерейтойлық сессиясының жалпы пікірталасында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың өз ойын қазақ тілінде жеткізуі біраз әңгіменің тамызығына айналды. Мұны жақсылық нышанына балаған біздің көкейімізге халықаралық мәртебелі төрден сөйлене­тін сөз бұдан былай қазақ тіліне көшеді деген сенім ұялатқандай… Қазақы әуезбен бастаған Президент сөзі әлемнің алқалы жиынына түгел жету  үшін жаңа құрлыққа 5-ақ минут керек болғаны көңілді біршама демдей түсті. Оппозициялық газеттер оған кеткен минут, секундына дейін тәптіштеп айтып жатыр.  

747817_741718652_edb613a4ed8d048b532b69fb336Кезінде дәл осы төрде Н.Тілендиевтің «Аққуы» Қаршыға Ахмедияровтың орындауында талайды елең еткізіп, өзгеше сазға еліткенін білетін едік. Қазақтың сазы мен сөзі дүниежүзінің беделді мінбелерінен естіліп, тыңдармандарының құлақ құрышын қандырады деген үмітіміз ақтала бергей.  

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір