«Латынәліпбилі қазақ жазуын меңгеру» конкурсы өтті
Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы «ЛАТЫН» ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен студенттер мен магистранттар арасында «Латынәліпбилі қазақ жазуын меңгеру» атты конкурс өтті.
Конкурс латын графикасына негізделген ұлттық әліпби мен емле ережесін бастапқы деңгейде игерудің талаптары мен ерекшеліктерін сарапқа салды. Конкурс үш түрлі тапсырмаларды қамтыды: оқылым, жазылым, тесттік бақылау.
Конкурс жұмысына әліпби мәселесімен айналысып жүрген әл-Фараби атындағы ҚазМУ, Қыздар Ұлттық педагогикалық университетінің, Қазақ-Британ университетінің мамандары және Абай атындағы ҚазҰПУ-дың оқытушы-профессорлар құрамы қазылық жасады.
Байқауға Филология және көптілді білім беру институтынан 33 білім алушы қатысты. Олардың ішінде 1-4 курс студенттері мен магистранттар болды. Нәтижесінде 4-курс студенті Капарова Эльнара – 1-орын, 2-курс студенттері Сұлтанбек Дулат пен Абаева Камила – 2-орын алса, 3-орынды төрт студент өзара бөлісті. Конкурс соңында «ЛАТЫН» ғылыми-практикалық орталығының директоры, профессор Ф.Ш.Оразбаева қатысушыларға сертификаттар мен әділқазылар алқасына алғысхаттар тапсырды.