«ТӨЛЕ БИ» дидары
26.06.2019
754
0

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және Түркістан облысының бір жылдығына орай түсірілген «Төле би» телехикаясы көрерменге жол тартты.

Қазақтың төбе биінің ғибратты ғұмыры баяндалатын көркем туынды Түркістан облысы әкімдігінің тапсырысы бойынша түсірілген. Жалпы бюджеті – 153 млн. теңге. Жазушы Шойбек Орынбайдың «Төле би» романының желісі негізінде таспаланған картина – «Оңтүстікфильм» және «Сақ» киностудияларының ортақ жобасы. Көркемдік жетекшісі – Сатыбалды Нарымбетов, қоюшы режиссері – Батырхан Дәуренбеков. Шығармашылық құрам, негізінен, жергілікті актерлер мен қарапайым тұрғындардан жасақталған. Он бөлімнен тұратын телехикаяда Төле бидің бала биден дана би биігіне көтерілгенге дейінгі өмір жолы көрсетіледі.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір