«Ар азабы» – қоғамның бітеу жарасы
18.06.2019
1010
0

Мамырдың 20-сы күні Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрында облыстық Мәдениет басқармасының қолдауымен, Тасқала ауданы әкімдігінің және аудандық мәдениет бөлімінің ұйымдас­тыруымен жазушы, Халық­аралық «Алаш» әдеби сыйлы­ғының иегері Мира Шүйін­­шәлиеваның «Ар азабы» драмасы көрермен назарына алғаш рет ұсынылды. Қойылымды Тасқала аудандық халық театрының режиссері Мағжан Жұмағалиев сахналады.

Жазушы Мира Шүйіншәлиеваға облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов игі тілек білдірді.
– Мира Хамзақызы үлкен дәрежедегі Халы­қ­а­ралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері атанды. Қо­ғамда қандай жағдай болып жатса да, адам­гер­шілік қасиетімізді әрқашан сақтауымыз қа­жет­тігін жазушы өз шығармасында шебер сурет­тейді. Сондықтан бүгін сахналанатын туындыны сарапшыларымыз, әдебиет саласының майтал­ман­дары Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығына лайықты деп санады. Алдияр Сансызбайұлы бастаған тасқалалықтарға ерекше алғысы­мызды білдіреміз. Өйткені аудандық деңгейге қарамас­тан, шығармашылық топ облыс орталығына келіп, Мира Хамзақызының туындысын халыққа ұсынып отыр. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, – деді Ғабидолла Абдоллаұлы.
Бұдан соң сахнаға көтерілген Қазақ­станның Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, ҚР Мемле­кеттік сыйлықтың лауреаты Ақұштап Бақтыгереева:
– Қымбатты Ақ Жайық жұрты! Әдебиет дегеніміз не өзі?! Рухани жаңғыру дейміз. Нені жаңғыртамыз? Міне, соның бәрін ойлау үшін біз­ге осындай кештер керек. Жасыратыны жоқ, бұл күндері кітап оқуға қол тимейтін болды. Ол рас. Қазіргі әдебиет шынын айтсақ, бардың ісі болып кетті. Жазғысы келген жазып, ақшасы барлар том-том кітап шығарады. Кейбіреулер ақшамен әдебиетті жасағылары келеді. Бірақ, уақыт деген төреші, халық, ұрпақ – сарашы. Соларға сенеміз. Уақыт екшейді, ұрпақ орнына қояды. Тарих сызып тастаған Алаштың әулиелерін қайта «ояттық». Міне, әдебиет деп соны айт! Бүгінгі кеш туралы айтар болсақ, мен өз басым қалам ұстаған қазақ әйелінің бәрін ұқсас деп білемін. Өйткені әйелге қалам ұстау, қорқаққа қару ұстатумен бірдей. Сондықтан ізімнен ерген Мира сіңлімнің шығармашылық жолда үлкен абыройға ие болғаны, қиын тағдыр­лармен, өз өмірімен күресе жүріп, шығарма жазуы, ол шығарманың көптің көңілінен шығуы – үлкен қуаныш. Сен ардың азабын, ақылдың керегін, ұяттың барын, адамдықты сезіну керегін ойланып қайтсақ, ой салсаң – ол сенің жетістігің, бәріміздің қуанышымыз, – дей келіп, Жайықтың мақтан тұтар қызына сәт сапар тіледі.
– Мен театрға бес тал гүлімді алып, үлкен үміт­пен келдім. Себебі, Ақ Жайық­тың тағы бір қызы, батыр қызда­ры­ның соңынан ілесіп келе жатқан, қаламымен халқына қызмет етіп жүрген тағы бір қызының еліміздің абыройын асқақта­тып, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығына ие болу – біздер үшін үлкен қуаныш. Ортақ қуа­нышымыз құтты болсын, ағайын. Біз – алдыңғы буын ұрпағымыз­ды «ар азабынан сақтасын» деп тілейтіндерміз. Сол тілегімізді бүгінгі сахналан­ған шығармадағы шытырман оқиғалар дөп көрсеткенін байқа­дыңыз­­дар. Мен «Ар азабын» оқыдым. Қоғамның бітеу жарасы. Қоғамның шиқаны. Ол бүгінгі біздің көзімізбен көріп, жүрегімізбен сезініп ей, «Алла осыдан сақта» деп жүрген оқиғалардың кө­рінісі. Ұлттық тәрбиеден алшақтаған ұрпақтың санасының көрінісі. Сол санасыз ұрпақтың ұрпа­ғын бағып, зар жылап отырған қазақ анасының көрінісі. Бұндайдың беті аулақ болсын. Ал, сахналанған шығарма шынайылығымен құнды, – дей келіп, ҚР-ның Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, «Құрмет» орденінің иегері, Қаратөбе ауданының Құрметті азаматы, ақын, қоғам қайраткері Шолпан Қыдырниязова жазушының көркемдік әлеміне, шеберлік үлгісіне тоқталды…

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

(Толық нұсқасын газеттің №24 (3658) оқи аласыздар)

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір