Жазушы парасаты
24.10.2015
2350
0
62813_206291834_425856_100549716772624_1104651350_nЕсбол Нұрахмет
Бұндай әсердің болуын, өз ойымша, бір-екі себептермен түсінем. Кез келген шебер жазушы оқырманға да шығармашылық жол қалдырып отырады. Мысалы, біз керемет туындыны оқығанда, көп жағдайда оның астарына үңілгенді ұнатамыз және оқиға желісімен қиял кешеміз, яғни сол кітаптың кейіпкеріне айналамыз. Бұл деген сөз біз сол кітаптағы өмірді сүреміз деген сөз. «Көп жасағаннан емес, көпті көргеннен сұра» дейді қазақ мақалы. Онда қарттық жаспен өлшенбейді, көрген-білген, түйгенмен өлшенеді. Сол себепті, кітап оқу да өзінше өмір сүру, өзінше көру, түю. Жазушы қаншалық шебер болған сайын біз сол кітаптағы өмірге қызыға кірісеміз. Осы себептен шығарманы оқып бітіргенде, артта қалған ғажап күндер секілді әсер береді де, бұдан керемет жазушы жоқтай санаймыз. Келесі оқығаныңда, әрине, өмір тосындығымен қызық қой, бұл шығарма бізге жаңалық болмай қалады. Ал әр оқыған сайын өзінің жаңалығын ашып отыратын авторларды Абайша айтқанда, «заманды билеген» данышпан деп ұққан абзал шығар. Егер бір оқығанда түсініп, тамсанып, биікке көтерген шығармаңыз болса, онда оны қайтара оқудың керегі жоқ. Ол шығарма қайталай сіздің үмітті ақтамайды.
Біз айтып отырған «заманын билеген», яғ­ни озған автор ешқашан бірінші оқығанда сыр бере қоюы екіталай. Оның бірнеше се­бебі бар. Әуелі сол авторды оқуға сіздің дайын­дықтың болуы. Бұл – парасат дайын­ды­ғы. Бала кезде мүлдем тіс батпаған шы­­­­ғарманы енді оқып тамсанатының бар. Кей­де бұл түсінбестік жеке адамның ғана емес, бүкіл бір заманның басында болады. Абай жасаған дәуірдегі жұрттың Абайды қай деңгейде қабылдағанын толық біл­мей­міз. Көбінше қоғамда болып жатқан үрдіске, мі­незге тура диагноз қоюшы ретінде қара­ған болуы мүмкін. Ал жалпы көпшілік бәрі-бір тани алған жоқ. Кеңес заманына келер бол­сақ, Абайды, байды, феодализмді, зор­лық­шыл үстем тапты айыптаушы деп ұқты. Қа­зір күн өткен сайын біздің Абай тура­сын­дағы түсінігіміз де тереңдей түсті. Бұ­рын­да­ры мән берілмеген тұстарда қаншама ма­ғына жатқанын аңғардық. Қоғамдық үрдіс со­лай болды деп қарапайым жеткізуге де бол­мас бұл түсінікті. Кеңес кезінде алдыңғы қа­тарлы әдебиет сыншылары мен абайтану­шы­­лардың өздері ойлап көрмеген жаңа­лық­тар ашылуда. Мұның сыры менше мына­да, Кеңес дәуірінде өзгеше ойлауға жол бе­­рілмеді, тек социалистік реализм бағы­ты­мен ғана талданды дейміз. Дегенмен, кез келген адамның өзгеше ойлауына, іш­тей болса да өзгеше талдауына болар еді ғой, бірақ оқырман қанша көп болғанымен өз­геше түсіне алатындар негізінен жоқ бол­ды. Тәуелсіздіктен кейін басқасы болмаса да еркін ойлау кеңістігі ашылды, сол кезде барып саналы оқырман ұғына бастады. Оның себебі, Кеңес кезінде сондай бір ой­дың уақыт кеңістігінде болмауы, ал тәуел­сіз­діктен кейін уақыт кеңістігінде пайда бол­ған жаңа ойдың себебінен біз біраз нәр­сенің сырын, мәнін автоматты түрде тү­сіне бастадық. Көз алдыңызға келті­ріңіз­ші, қызыл жалауын іліп, «коммунизм ісі үшін!» деп ұрандатып жүрген және соған шын ниетімен, ынты-шынтысымен беріліп жүр­ген сол тұстағы адамды сіз түсіне аласыз ба? Оның ойына өз мұратының жал­ған­ды­ғы ешқашан да келген емес. Міне, осы се­кілді, тіпті ешқандай ақпарат көздеріне тәуел­сіз, әрбір өлкенің, әрбір уақыттың кеңіс­тігінде өзіндік өзгеше ой болады. Жақ­сы шығарма сізді сол оймен қабыстырады. Кейбір шығарма өз уақытының кеңістігіндегі ғана ойды қармай алады, сіз ол шығарманы екінші оқығанда ұнатпай қаласыз. Ал екінші уақыттан, өлкеден озып кеткен парасатты ав­тор өзінен әлдеқайда алыста жатқан ой­лар кеңістігіне сапар жасай алады, біз­дер де сол кеңістікке таяған сайын сол авторды, сол шығарманы жақсы түсіне бере­міз. Біз әр жолы сол авторды оқыған сайын ол бізді сол ойға қарай жақындата түседі де, әр жолы әр түрлі жаңалық көріп отырамыз.
ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір