ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҮЙІ ШИПАЖАЙҒА АЙНАЛДЫ
17.06.2019
1583
0

Ақын-жазушылар қоғамның алақанында әлпештелген соноу жылдары қаламгерлердің арнайы Шығармашылық үйі болды. Бұл үйде заманауи қазақ әдебиетінің іргетасын қалаған алыптар шоғы­рының қатарында есім-сойы сол тұста ауызға іліне бастаған жас ақын-жазушылар да жыл он екі ай жата жастана демалып, шығармаларын жазып қайтатын.
Өкініштісі: әлгі игіліктен Жазу­шылар одағы тоқсаныншы жылдардың тоқырауында айры­лып қала жаздаған-ды. Алайда, одақ басшылығы әупіріммен Шығармашылық үйінің басын ұстап отырды, шетелдік компания­ларға жалға берді. Әйтсе де, ол үйден қаламгер қауымы қол үзе бастаған-ды. Одақтың жаңа бас­шы­лығы бұл олқылықтың ор­нын толтырып, кеше Шығарма­шылық үйін қайтадан ашты. Енді Шығармашылық үйі жазушыларға, тек жазушылар ғана емес, дертіне – дауа, жанына – шипа іздеген немесе денсаулығын нығайтып демалатын көпшілікке қызмет түрлерін көрсететін болды. Орта­лық­тың ашылу рәсіміне Әбдіжәміл Нұрпейісов, Қабдеш Жұмаділов, Бексұлтан Нұржеке-ұлы, тағы да басқа қаламгерлер қатысты.
«Іле Алатауының бөктерінде орналасқан «Әл-Фараби» емдеу-сау­ықтыру орталығы деніңізге саулық, дертіңізге шипа сыйлайды. Таза та­биғат аясы сіз үшін тап­тыр­мас де­малыс орны да. Біздің кәсіби маман­дар келушілерге қалтқы­сыз қызмет көр­сетуге дайын. Орталығымыз­дың қо­нақ­үйінде мейрамхана, кон­ференц-зал, ойын-сауық бөлімі және балалар алаңқайы да бар», – дейді Шипажай қызметкерлері.

Мекен-жайы: Алматы қ., Медеу ауданы, Тайманов к. 222 «а»
Байланыс нөмірі: 8 705 747 47 47; 8 727 386 77 83
Электронды пошта: b.kadyrovna@mail.ru
Сондай-ақ орталық жайындағы мәліметтерді www.hotelalfarabi.kz сайтынан біле аласыздар.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір