ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ЕЛ ПРЕЗИДЕНТІ ҚЫЗМЕТІНЕ КІРІСТІ
17.06.2019
1884
0

Қазақстан халқы тарихи таңдау жасады. Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ел алдында ант беріп, Қазақстан Президенті ретінде қызметіне кірісті. Қазақ әдебиетінде детектив жанрының негізін қалаған, шығармалары соғыс пен қиын шақ­тар­дағы адам психология­сын дәл суреттеуімен ерекшеленетін қаламгер Кемел Тоқаевты білмейтін оқырман кемде-кем. Президент Тоқаев әдебиетшілердің хал-ахуалымен бала кезден таныс десек, қателесе қоймаймыз. Мемлекет басшысының әкесі туралы естеліктерін оқысаңыз, ХХ ғасырдың екінші ширегіндегі әдебиетшілердің өмір ағысын, әкесімен тағдырлас жазушылардың сан қилы тағдырын тани түсесіз. Президент бір сөзінде «Қазақ әдебиеті» газеті туралы: «Әкелеріміз оқитын газет еді. Сол үшін де өте жылы» деген лепесін айтқаны жадымызда. Президенттің өзі де онға жуық кітаптың авторы. Алдағы уақытта әдебиетіміз бен қаламгер қауымның талай жылдан бері айтылып келе жатқан түйткілді мәселелерін (қаламақы, кітап таралымын көбейту, оқырман өресін қалыптастыру, шетелдің ең таңдаулы қаламгерлерін, Нобель сыйлығы иегерлерінің туындыларын өзгелерден қалыспай, дер уақытында қазақша сөйлету, сол арқылы ұлттық әдебиеттің аясын кеңейту, т.б.) шешуге оңды орай туар деген зор сенім бар.

Халық қай уақытта да көшбас­шысына арқа сүйейді. Ал, Тәуелсіз Қазақ елінің бірден-бір көшбасшы тұлғасы – Президент. Маусымның 9-ы күні еліміз үшін тарихи маңызды сәт – Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауы өтті.

Жалпы, сайлауда 9 млн. 274 мың 034 адам дауыс берген. Нәтижесінде Қасым-Жомарт Тоқаев 70, 96 % пайыз дауыспен жеңіске жетті.
Осыған орай, сәрсенбі күні Елордадағы Тәуелсіздік сарайында Президенттің ант беру рәсімі өтті. Мемлекеттік Ту мен Пре­зидент Байрағы, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Конституциясы Үлкен залға әкелінген соң, жаңадан сайланған Қазақстан Республикасының Президенті Мемлекеттік күзет қызметі бастығының рапортын қабылдап, ішке кірді.
Конституцияның 42-бабына сәйкес Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа ант берді.
– Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Консти­туциясы мен заңдарын қатаң сақ­­тау­ға, азаматтардың құқықтары мен бостан­дықтарына кепіл­дік беруге, Қазақ­стан Республикасы Прези­дентінің өзіме жүк­телген мәртебелі міндетін адал атқаруға салтанатты түрде ант етемін!
Жаңа сайланған Қазақстан Президен­тінің қызметке кірісу құрметіне Мемлекеттік әнұран ойналып, зеңбіректерден 21 рет оқ атылды, Ақорда резиденциясының үстінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы көтерілді.
Орталық сайлау комиссиясының төр­ағасы Берік Имашев Қасым-Жомарт То­қаевқа Қазақстан Республикасы Прези­ден­тінің куәлігін тапсырды…

(Толық нұсқасын газеттің №24 (3658) оқи аласыздар)

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір