КӨЛЕҢКЕСІН ҚОРЕК ЕТКЕН АДАМ
03.06.2019
1092
0

Кешкі ас мезгілі болатын. Асханаға ұзын бойлы, жылы жүзді, бет әлпетінде біраз имену мен шарасыздықтың белгісі бар бір адам кіріп келді. Ол жеңіл басып алға шықты да, саңқылдап сөйлей жөнелді:

– Құрметті ханымдар мен мырзалар! Пақырларыңыздың сіздерге бұрын ешкім байқамаған бір хикмет көрсеткелі отырған жайы бар. Бірнеше жылдан бері мен өзімнің көлең­кеммен әуестеніп, оны беріле зерт­теп жүрмін. Бүгін соның мән-жайын сіздерге көрсетіп, қалауларыңыздан шықсам деген үмітім бар. Мінеки, менің жанымнан екі елі айырылмас, өмірлік жан жолдасым болған көлеңкемнің нақты бейнесін тамашалаңыздар!
Ол жартылай жанып тұрған шам жарығында ақырын басып тамның жанына барды да, сырықтай ұзын бойының көлеңкесін ап-анық етіп қабыр­ғаға түсірді. Зал іші үнсіз тыныш­тыққа шомып, отырған жұрт «не болар екен?» дегендей аңтарыла қарасты. Сосын ол бейне ұшатын кептер сияқты қомданып, екі қолын жұптап, нөмір жариялай бастады:
– Атты сарбаздар қамалдан секірсін!
Дереу атты жасақтың бейне­сіндегі көлеңке қабырғадан жарқ ете қалды.
– Қояндар көкөніс жесін!
Іле-шала қоянның бейнесін­дегі көлеңке пайда болды да, көкөністі кеміре бастады.
– Ешкілер, тауға шығыңдар!
Айтқанындай, ешкі бейнесін­дегі көлеңке тырмысып беткейге шыға бастады.
– Мен қазір осы жарқ етіп ғайып болған қысқа көрініс арқылы сіздерге жеке-дара тіршілік ету қабілетіне ие, дыбыссыз жаңа бір дүниені көрсететін боламын.
Ол осыны айтып болды да, там қабырғасынан алыстай бастады. Көлеңкесі ойын көрсету үшін әшекейлеп қойған жерге жеткенше созыла түсті.
– Құрметті қонақтар! Мен кө­­лең­кеме өзімнен жеке-дара тұр­мыс көрсету үшін ұқсамаған тәжі­рибелер жасап көрдім. Мен оған азғана бұйрық берсем болды, ол әртүрлі тіршіліктің бейнесіне ене алады. Тіпті, тамақ та жей алады. Мен тезірек сіздерге оны көрсетейін. Қане, көпшілік, оған қандай жейтін нәрсе ұсынар екен?
– Мә, оған мына күркетауық­тың етінен берші. Дауысы құлақ тұндырардай біреу гүр ете түсті.
Көпшілік ду күлді. Ол қолын созып, табақты алды да, дуалға қарай жүрді. Көлеңкесі де лезде әшекейленген тақтайдың үстінен жиырылып кеп, оның денесіне жабысардай дәрежеде жақындаса қалды. Көпшілік ап-анық көріп тұр: оның денесі қозғалған жоқ, керісінше, әлгі көлеңке жіңішке, сидиған екі қолын табаққа қарай созып, етті ақырын алып, аузына апарды да, жей бастады…

Лей БАРЛЕЙ
(Аргентина)

Қытайшадан аударған
Мұрабек САЙЛАУ

(Толық нұсқасын газеттің №21 (3655) санына оқи аласыздар)

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір