Мейірім мен кешірімге бастаған мүбарак мейрам
24.10.2015
1304
0
57453_1961541765_NUR_1645Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ,
Қазақстан Мұсылмандары діни
басқармасының төрағасы,
Бас мүфти
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!
Құрметті бауырлар!
Баршаңызды мұсылман қауымының ұлық мерекесі – Құрбан айт мейрамымен құттықтаймын! Айтқа аман-есен жеткізген Алла Тағалаға сансыз шүкірлер мен мақтаулар болсын!

Халқымыздың сан ғасырдан бергі саналы ғұмы­рында рухани тірек болған асыл дініміздегі айтулы мереке – Құрбан айт мейрамы айрықша аталып келеді. Ұлттар мен ұлыстарды бірлік пен игілікке, мейірім мен кешірімге бастаған мүбәрак мей­рам – Құрбан айт құтты болсын!
Айт – ағайын арасын жақындастыра түсетін, адамзат баласын имандылыққа ұйытып, қанағат пен тәубеге үндейтін ұлық мереке. Бұл күндері барша мұсылман ізгі амалымен Алланың разылығына бөленеді. Айт күндері қасиетті Меккеде қажылық парызын өтеп жатқан мұсылман үмбеті Жаратушыға жалбарына дұға жасап, құрбандық шалады.
Қаржылық мүмкіндігі жоқ адамға құрбан шалу – мін­дет емес. Құрбандық еті ағайын-туыс, көрші-қолаң, тұрмысы төмен отбасыларына, жетім мен жесірлерге, мүгедектер мен науқас жандарға таратылады. Алланың разылығы үшін құрбан шалу – пенденің иманын күшейтіп, тақуалығын арттырады. Қасиетті Құранда: «Ұмытпаңдар, олардың еті де, қаны да ешқашан Аллаға жетпейді. Оған жететін нәрсе – жүректеріңізге ұялаған тақуалық, Аллаға деген құрмет» («Хаж» сүресі, 37-аят), – деп баян­дал­ған.
Мүбәрак мейрамның құрметі үшін барша жама­ғат­ты, азаматтарды мүгедектер, жетімдер мен же­сір­лер, әсіресе, қараусыз қалған ата-аналарға қайы­рымдылық жасауға шақырамын.
Алла Тағала дұға-тілектеріміз бен ізгі амалдарымызды және шалған құрбандықтарымызды қабыл еткей! Отбасыларыңызға амандық, мықты денсаулық, жұмыстарыңызға береке тілеймін.
ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір