ТАУЫҚ
22.05.2019
290
0

Меңдібай ӘБІЛҰЛЫ

«Ақырын жүріп, анық басып», майлы ішекке айналдырып отырып, «тіке соққымен» сілейте салатын әзілкештер бар. Соның бірі – қоңырқай мінезді, уытты тілді Меңдібай Әбілұлы. Оның күлкі шақырарлықтай ештеңесі байқалмайтын шығармасына көз жүгіртіп отырып, қалай қытықталғаныңды байқамай қаласың, еріксіз екі езуіңе ерік бересің. «Тауық санау» сондай төлтумалардың бірі.

Мектеп директоры «Н» ауыл­дық округі төрағасының бұйры­ғына бағынғысы келмеп еді, «бар­лық мектеп директорлары келісім берді…» деген соң, «жаманатты боп қәйтем?» деп ойлады да, мектепке келген соң хатшы қызды шақырып алып:
– Хабарландыру жаз! – деді.
– Не деп жазамын?
– Не деп жазасың?! Міне, бы­лай деп жазасың!.. «2019 жылы сағат 12.00-де мектеп мұға­лім­­­дерінің жалпы жиналысы өткізіледі. Күн тәртібінде: …екінші мәселе: «Н» ауылдық округінің есебінде тұратын отбасылардың жекеменшік тауықтарын санау…».
– Мұғалімдерге енді тауық санау қалып еді!..
– Ей, онда сенің шаруаң болмасын!..
Мектеп директоры ашуын кімнен аларын білмей тұрған, мына хатшы қыздың сұрағы «ізде­генге сұраған» болды. Қазақ хал­қы­ның мақалы бар еді ғой, «…ашуын тырнадан алады…» деген. Округ төрағасына батылы барып айта алмай, іштей күйзелген мектеп директоры енді ашуын хатшысынан алып, «іштегі дертін» төгіп салды:
– Мен не айтсам соны орында! Бұл – бұйрық! То есть өтініш. Орындамасақ, болмайды!.. Мынадай «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманда» мұғалімдер алдыңғы сапта болуы керек! Біз – мұғалімдер, «полувоенный» адам болуымыз керек!..
…Жиналыс басталды.
– Қымбатты мұғалімдер, күн тәртібіндегі келесі мәселеге кө­шейік. Бұл мәселені біліп отыр­сың­дар. Енді екі-үш мұғалімнен бөлі­ніп, ауылды аралаймыз. Әр үйде қанша күркетауық бар, соны анықтауымыз керек…
Үнемі көзәйнегінің бір айнасын ақ жіппен шандып байлап жүретін физика пәнінің мұғалімі: «Қоразын қосып санаймыз ба, бөлек санаймыз ба?», – деп сұрақ қойып еді, бүкіл мұғалім ду күлді. Қоразды айтқан соң ба, әлде барлық мұғалімдер мәз-мәйрам болып күліп жатқан соң ба, қабағы түндей түнеріп тұрған директордың бетіне қан жүгір­ді. «Бұл күлкі жақсы болды, мұға­лім­дер енді жақсы көңіл күй­мен тауық санауға кіріседі, рахмет қораз туралы сұрақ қойған мұға­лімге…», – деді ішінен күбірлеп.
Осы кезде анау күні бойы аузы-басы жыбырлап жүретін әдебиетші мұғалім орнынан тұрып:
– Жұмыртқа да санайық!.. – деді.
Қыран-топан күлкі. Енді директор көзінен жас аққанша күлді. Алдыңғы қатарда отырған үш мұғалім орындыққа жатып алып, ішін басып күліп жатыр. Біреуі: «Ішім-ішім…», – деп күлкіге булығып қалды. Көзінен аққан жасты беторамалымен сүртіп, мектеп директорына алақтай қарайды…

(Толық нұсқасын газеттің №20 (3654) санынан оқи аласыздар)

ПІКІР ҚОСУ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Имя
E-mail
Пікір
 

error: Көшіруге болмайды! Авторлық құқықты бұзбаңыз !!