БАТЫРДЫҢ КЕСЕНЕСІНДЕ БОЛҒАН ӘҢГІМЕ
22.05.2019
1384
9

Қаракерей Қабанбай батыр­дың кесенесінде жеті-сегіз адам тарих жайлы әңгімелесіп отыр­ғанбыз. Үстімізге үш-төрт қария кіріп келді. Құран оқылып, аман­дық-саулық сұрасқан соң ақсақалдардың үлкені:
– Біз – Қоңырқұлжа сұлтанның тұсында Ақ патша Ақмолаға Қазаннан көшіріп әкеліп, бұл жақтағы қазақтарға ислам дінін үйреткен әулеттің ұрпағымыз. Жерсінбеген біраз туыстарымыз кейін көшіп кетіпті. Ал біз тұрып қалыппыз, – деп әңгіме бастады.
Бұл сөз құлағымда бар. Ақса­қалға дөрекілеу сұрақ қойдым.
– Сонда, Сіздер татарсыз­дар ма, қожасыздар ма? Қожа­лар өздерін: «Арабтармыз», «Пай­ғамбардың ұрпағымыз», – дейді ғой?
– Татармыз, – деді ақсақалдар­дың үлкені. – «Қожа» деп барлық дін таратушыларды атайды. Әртүрлі нәсіл мен рудан тұратын топ жиналып, Хожент қаласынан дін үйреніп, жан-жаққа аттаныпты. Содан осы «Хожент» кейін қожаға айналыпты. Қожаның екінші мағынасы – «үйретуші» деген сөз. Біз сол Қоңырқұлжа тұсынан, тіпті, одан да бұрын Арқадағы қазаққа дін үйретіп келеміз.
Қонақтарымның осы сөзі қып-қызыл өтірік. Арқада екі жарым ғасырдай тұрып, Жетісу мен шығысқа қарай көшіп кеткен найман мен абақ керейге, осы өлкеде тұрақтап қалған ашамайлы керей мен арғынға татарлар Ислам дінін таратқан емес. Бұл тақырыпты біршама зерттегенмін. Алдымен ақсақалға қарсы шықпай-ақ қояйын деп бір түйдім де, іле үндемей қалсам, қазақтың есесі кететінін ескеріп, сөз суырдым:
– «Арқадағы қазаққа татарлар Ислам дінін үйретуге келді» деген­деріңіз түбірімен жалған.
– Е, неге? Неге жалған? Сенен бірінші рет естіп тұрмыз! – десті қариялар.
Байқаймын, сөзімді жаратпай қалды. Алайда, алдында кеңес құрып отырған жұрт ынта танытты.
– Сіздер ары кетсе, 1822 жыл­дары немесе Ақмола әскери бе­кінісі құрылған 1832 жылы келіп, қоныстандыңыздар. Солай ма? – деп мен сөзімді жалғадым.
– Рас, солай.
– Ол кезде Арқада тұрып жат­қан арғын, найман, керей рулары, алды 350 жылдай бұрын Са­марқан, Бұхара, Хиуа, Нұрата, Түркістан, Сырдария бойынан көшіп келген еді. Бұған дәлел най­манның түп атасы Өкіреш Шал – Самарқанда, Төлегетай – Сыр бойында жерленген. Өкіреш Шал, мөлшері ХІІІ-ХІV ғасырларда, Төлегетай ХV ғасырда өмір сүрген тарихи тұлғалар. Бұл найман жайлы.
Енді мына деректерге қара­ңыз­дар. Арғын, найман, керей Шыңғыс ханның ұрпақтары шайбанидтер билік жүргізген Бұхара, Самарқан, Нұрата, Түркістан, Сыр­дың жоғары жағына ХІІІ ғасыр­дың бірінші жартысында орналасып алды. Бұл – бұлтартпас тарихи факт. Өсіп, өнді. Бұл қан­дай өлке еді? Ислам дінінің өркендеп, қанат жайған аймағы емес пе еді? Найманның Ұлы атасы Өкіреш Шалдың моласы Самарқаннан отыз шақырым жерде. Төлегетай баба Сырдың бойында тынымдаған дедік.
Арғынға келейік. Бұхар жы­рау­дың елі Бұхар туғанда ХVІІ ғасырдың ортасында Бұхараны мекендегенін профессор А.Сей­дім­беков, Қанжығалы Бөгенбай батыр­дың елі осы кездерде бүгінгі Түркістан облысындағы Сайрам ауданындағы Бөген өзенінің бойын мекендегенін профессор Ж.Артықбаев, Қаз дауысты Қазыбектің Түркістан – Сыр өңі­рінде туғанын профессор Марданов пен әйгілі бидің ұрпақтары, ғалымдар анықтап жазып жүр. Бұл дау тудырмайды. Жоңғар шап­қыншылығының алдында Абай елі – тобықтылардың Сыр бойындағы Шиеліні ме­кен­дегені ғылыми тұрғыдан дә­лел­денген. Міне, арғындардың Арқаға орналасқанға дейінгі атамекендері. Найман да, арғын да сол кездегі қазақ арасындағы Ислам дінінің кіндігінде отыр. Исламнан әбден сусындап, бойына сіңірген ел.

Камал Әбдірахман,
Қаракерей Қабанбай батыр кесенесінің шырақшысы

(Толық нұсқасын газеттің №20 (3654) санынан оқи аласыздар)

ПІКІРЛЕР9
Аноним 28.01.2020 | 16:34

Жалпы дін таратушыларды қожалар деп атаған. Татардың түк қатысы жоқ. Татар деген халық жоқ. Бұлар булгарлар қыпшақтанып кеткен. Алтын орданың құрамында болып біздің тілді алған. Біздің ғалымдар осыны біле түрып,татарларды бізге туыс қылуын қоймайды. Бұлардың түркіге,қыпшаққа еш қатысы жоқ.Булгарлар түркіленген,болмаса қыпшақтанған.

Аноним 09.07.2021 | 00:09

БЕКАРЫС
Сарманай
Ақсопы
Найман
Белгібай
Сүйінші
Төлекатай
Қынтай
Қаракерей
Еерторы
Бексыйык
Жирен
Жанғұлы
Тілеуімбет
Тайырқұл
Жəнібек
Əнет
Бекшойын
Садырбай
Серікбай
Əбдірахман
ФарһулФуат
Дүйсен
МҰРАТ

Аноним 09.07.2021 | 00:19

мен Мұрат Дүйсен ұлы шқо семей облысы Аякөз ауданы тансық кенті тарлаулы ауылының тумасы қозы көрпеш Баян сұлу ауылының тұрғыны мен əлемге əйгілі найман Жəнібек Тайырқұл ұлы ұлының Шөбересі найман Серікбай қажы Садырбай ұлы ұлының тікелей ұрпақтары боламын менің əкем 4-ағайынды болып келеді қазақтың қамалы Камал Кəдіржан ұлы қəдіржанов тансық елді мекенде Кəдіржан шаңырығында 1906 ж туып 1936-жылы қазақтың атақты халықтың даңты (димекең-димаш)
дінмұхамед Меңліахмет ұлы Қонаев тың туған əпкесімен 1936-жылы танысып 1981-ж75-жасында дүние салды

Аноним 07.12.2023 | 20:29

Мен Мұрат Дүйсен ұлы ФарһулФуат немересі әлемге әйгілі мәшһүр Найман тайпасының ҚАРАКЕРЕЙ Жанғұлы Руының Атақты биі Найман СЕРІКБАЙ Қажы Садырбай ұлы ұлының Текті СЕРІКБАЙ Әулетінің ұрпағымын Шқо . Абай Облысы Аякөз Ауданында Таңсық кентінде тарлаулы ауылының 1984.ж тумасы.
Камал Кәдіржанов Атындағы Қызыл қия Орта мектебінің 2000_&_2001.ж түлегі Мұрат_&_ФарһулФуат.ұлы
Атив_77750684303.
Билайн_77052735276.

Аноним 07.12.2023 | 20:34

Алаш.
Жайылған.
Майқы.
Сәпиян.
Айырқалпақ.
Қазақ.
БЕКАРЫС.
Сарманай.
Ақсопы.
Найман
БЕЛГІБАЙ.
Сүйінші.
Төлекатай.
Қынтай.
ҚАРАКЕРЕЙ.
Еерторы.
Бексыйық.
Жирен.
Жанғұлы.
Тілеуімбет.
Тәңірқұл.
Жәнібек.
Әнет.
Бекшойын.
Садырбай.
СЕРІКБАЙ.
Әбдірахман.
ФарһулФуат.
Дүйсен.
Мұрат.

Аноним 07.12.2023 | 20:47

Әлемге әйгілі мәшһүр Найман тайпасының ҚАРАКЕРЕЙ Жанғұлы Руының Атақты биі Найман СЕРІКБАЙ Қажы Садырбай ұлы ұлының Алғашқы Жары КЕРЕЙДІҢ Атақты биі палуаны Жаумен қызы Өрім_&_әжеміз 2_қыз 6_ұл құрсақ көтерген. Кіші қызы Көки СЕРІКБАЙ Қажы қызы. Басари Фердоуси.
Қашым_&_Мәжит.. Зұлғарыш__&__Зұлпатан. Мәжит.
Әлила_&_Ибадат.

Әлила_&_Әзімбай.қызы жары
Әуезов Разақ. Самархан ұлы.
Ғафура____&____Гүлнара.
Бағфур. Әмен.
Әлімқұл.ұлы. Мақат.ұлы.
Эрнес_&_Айдар.
1934. 1949.
Айдос. Данияр.
1967. 1971.
Александра. Дана Кәмила Меруерт.
1989. 1999. 2005. 2012.

Аноним 07.12.2023 | 20:52

Жәнібек.
Әнет.
Бекшойын.
Құрақбай
Әлтікеш.
Құсайын.
Зұбайыр
Жанат.
Сырымбет___&___Нұрлан.
1954_&_2017. 1959_&_2012.
Арман_1980. Мәди_1986.
Бақытжан_1982. Мақсат_1997.
Ғалымжан_1984. Медет_2000.
Тұрсын_1990.
Жүрсін_1992.

Аноним 07.12.2023 | 20:56

Жәнібек.
Әнет.
Бекшойын.
Садырбай
СЕРІКБАЙ.
Әбдірахман.
ФарһулФуат.
Дүйсен___&___Кенжебек.
1962. 1964_&_1989.
Мұрат_Қуат_Жанат. Қуаныш.
1984. 1986. 1988. 1987.
Қабанбай. Аңсар.

Аноним 07.12.2023 | 21:01

Кенжесопы.
Тобықты.
Рыспетек.
Мұсабай.
Сүйірбас.
Сары.
Кішік.
Әйтек_&_Әнет.
Айдос.
Ырғызбай
Өскенбай.
Құнанбай
Тәңірберді.
Әзімбай_1862_&_1918.
Басари.
Ғимран._1927_&_1982.
Құсман_1954.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір