Құлап түскен ғұн жылқысы секілді…
14.05.2019
1845
1

Балапан РАБАТ

Жаратылысынан ақын боп туған Балапан Рабат есімі арғы беттегі қазақ әдебиетіндегі, оның ішіндегі поэзия жанрындағы жиі аталатын есімнің бірі. Ол Тәңірі сыйға берген таланты арқылы өмірді өзінше сезініп, өзінше жырлаған ақын. Оның осыған дейін «Дәурен-ай», «Ақша қарда із жатыр», «Сырғалым», «108-пәтер» қатарлы поэзия-прозалық кітаптары жарық көрген.
Б.Рабат қазір Бейжіңдегі Орталық радиосында қазақ бөлімінің дикторы.

* * *

Ұлы Қорған етегінде кешкілік,
Күз желімен жапырақтар
ескіріп.
Құлап түскен Ғұн жылқысы
секілді,
Сұлап жатыр ескі үміт.

Есесіне өре тұрып жаңа
орман,
Бірте-бірте біраз нәрсе
жаңарған.
Саудагердің сайқалдығын
мойындап,
Аңқаяды аларман.

Тау басына тасылған тас,
кесектен,
Еңбекшілер елестейді кеше
өткен.
Бүгін міне өзімді алып шығуға,
Шыдамайды қос өкпем.

Ұлы десе, ұлы болар қорған-ақ,
Тәніндегі тарих қаны
сорғалап.
Тас айдаһар бара жатқан
тәрізді,
Бауырымен жорғалап.

«Ер емеспіз шыға алмасақ
саған біз!»
Қарыса да тас қабырға,
таған – мұз.
Сені қалай көтеріп тұр,
көрдің бе,
Сабырлы тау, сабаз құз.

Секілденіп көкейдегі көп өлең,
Қарлығаштар ұшып өтті
төбеден.
Тәңіртауға талпындырмай
құсымды,
Неге тұрмын, неге мен?

* * *

Өмір деген көп сұрақ,
Жауап та көп, әрине.
Үміт деген шоқ-шырақ,
Жылтыраған әр үйде.

Бақытың да баянсыз,
Қуаныш та өтпелі.
Шен шіркін де аялсыз,
Ауыспалы шекпені.

Абырой да аумалы,
Алжасады атақ та.
Ымыраның ауданы,
Ұласады шатаққа.

Шырғалайды шындықты,
Өріп жүрген өтірік.
Білімдәрсіп бір мықты,
Отырады көпіріп.

Тиының да таптырмай,
Титықтайды тұрмыс та.
Тек жүруді жақтырмай,
Ілігесің қылмысқа.
Ақиқат та құбыжық,
Ақ пен қара тел есім.
Аппақ болып туылып,
Қап-қара боп өлесің.

Есенғали әсері

Мұңдаған ылғи мұратын елдің,
Періште құсқа тұратын
елітіп.
Желтоқсан айын аңызға
бөлеп, 
Пекинге биыл бір ақын келді.
Лебізі жұмсақ мінезі жайлы, 
Тісінен түгел сыр азынайды.
Жалпымен бірге қуанғанымен,
Жалқымен бірге құлазымайды.
Ұстамы қандай, ұшқыны
қандай, 
Алақанының ыстығы қандай?!
Көкірегіне көк аспан сыйып, 
Көмекейіне құс тығылғандай.
Ақсары жүзді, қызыл майкелі, 
Бабадан жеткен
бұзылмай тегі.
Сұлу жыр барда,
жігіттер жағы
Қаланың ару-қызын қайтеді?
Періште құсқа берілген ақын,
Көкке ұшып, жерден жерінген
ақын.
Бір сәтке біздің арамызда
отыр, 
Патша болудан ерінген ақын.
Айтары бардай ақынға бөлек,
Ұмсынар іні ақылға зерек.
Ұмытып өзін ұрыншақ біреу,
Арақ пен етке тақымдап
әлек.
Ұзатып салып Есенғалиды,
Ұзыннан-ұзақ көшем налиды.
Бедел мен шенге бас ұрған бізге,
Бекзаттық мінез
қашан дариды?!

ПІКІРЛЕР1
Аноним 10.06.2020 | 22:41

ұлы қорған етегінде күшті өлең, .бәкеңнің өлеңдерінің көбісі тағдырлы жырлар есебінде,

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір