Пішту, пысқырғаным…
08.05.2019
1484
0

Өріс Яшүкір­қызы

Оспанхан марқұм: «Қыздар маған неге «қырғидай тиеді», – деуші еді. «Қай жағынан», – десем, миығынан күліп: «Әзіл-қалжыңнан соларды таппағандықтан, әзіл-қалжың дариясына қармақ салсам, еш сықақшы қармағымды қаппағандықтан», – деп қапаланушы еді. Сол үңірейген орындардың бірін толтырып жатқан Өріс Яшүкірқызы екенін оқырман жұртшылық мойындағалы да біраз жыл болды.
Өрістің күлкі өрісі кеңейгелі қоғамымыздағы көлеңкелі жақтар ғана емес, адам тынысындағы жанға жағымсыз қайсыбір әрекеттер де қағаберіс қалар емес.

Қашаннан халықтан қарыс елі қалмайтын Өсек елімізге демократия келгелі бері еркек жарықтықтарға қарай көшіп кетті. Мұның, әрине, объективті және субъективті себептері бар. Біріншіден, сол алғаш демократия жылдарында еркектер қызыл билеттері (коммунистік билетті айтам) қалталарынан босап, «лишний құжат» боп бос қалғанда үлкен дағдарысқа ұшырады. Ерлерді қоғамда Адам қылған сол билет екен ғой. Қызыл билеттің күші кеткен соң еркектер өздерін Адаммын деп есептеуге қатты ұялып, беттерінің бәрі қызара «күйіп» ішіп кетті емес пе. Ішкеннен кейін жағдай белгілі. Әрқайсысы әр жерге: біреулері жындыханаға, біреулері үйқамаққа, енді біреулері түрмеге түсіп кескіндерін жоғалтты.
Осы кез әйел жарықтықтарға оңай болған жоқ. Әр жерге «түсіп» кеткен күйеулерін шығарып алды. Бұл – бір. Екінші, үйдегі бала-шағасын енді кім асырамақ. Күйеу болса анау. Әйелдер ерлік жасап, бос жылай бермей бастарын көтерді. Ала дорбаны арсынбай арқаға салды, базарға шықты. Түнгі күзеттен түршікпеді. Күзетке тұрды. Қолдан не келеді, соның бәрінде жүрді. Старт алғанша тоқтаған жоқ. Ал, старт алғандары Қытай мен Алматы, Түркия мен Ташкенттің, алыс-жақын шетелдердің арасын ауыл арасындай аралап, сауда шіркіннің қара суынан май қалқытты. Әжептәуір бизнесін жасап көтерілді. Бұған қоса отбасының барлық тірлігін де мойындарынан босатқан жоқ. Міне, сол әйелдердің біразы әлі күнге дейін саусақтары тілім-тілім болып көше тазалап, әжетхана жуып, байшыкеш мырзалардың моншада арқасын қасып, денесін уқалаумен жүр. Бұған елімізде ешкім намыстанып жатқан жоқ. Анау айтуға тұрмайтын 20 мың теңгені қыруар сөз қылып жатқанын айтсайшы… Сол үшін жүз бір құжат толтыртып жатқаны талай жылдан бері күлуді ұмытқан әйелдерді бір күлдірді.
«Не бопты сонша әйелдер күлмейтіндей» деуі мүмкін қазір біреу. Ия, біздің елде әйелдер күлмейді, күлімдемейді де. Өсекпен де жаны қас. Мұның бәрі бала-шағаны асыраудың қамынан туған жәйлар. Бір нәпақасы біреуіне жетсе, біреуіне жетпей жатса, ертелі-кеш сарсылып жүгірумен жүрсе ненің күлкісі? «Ден сау болса, болғаны-ай» деген әннен де болдырып отыр. Біреуге сөз айтуға да, сөзін тыңдауға да әйелдерде уақыт жоқ. Бір жүгіріс. Және ол шексіз болып кеткендей.
Ал, еркектерге келсек, шамалы өзгеше. Әйелдері әртүрлі «есік», «тесіктерден» шығарып алған соң, еркектер әйелдердің иығына құлай кетті ғой. «Әйел біледі. Әйел шешеді». Басқа шаруа жоқ. Әйел тапсырмасымен үйдегі бала-шағаның ең үлкені болып, өзінің алтын босағасында арқансыз «Бас бұзау» қамытын киген. Емізулі жас балаға қарайды. Кір жуады. Тамақ пісіреді. Кейде расы керек, олар да адам ғой, қонақ күтеді…

(Толық нұсқасын газеттің №18 (3652) санынан оқи аласыздар)

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір