Фантастикалық әдебиеттің аужайы
02.05.2019
77
0

Нарбин Кенжеғұлова

Әдеби жыл қорытынды­сында фантастика жанрының бүгінгі ахуалы бойынша баяндаманы жазушы Нарбин Кенжеғұлова жасады.

Фантастика жанрының ерекше қажет екенін қазіргі ғылым мен техниканың дамы­ған кезеңінде әркім біледі. Тіпті қазіргі заманауи технологиялардың жетіс­тіктері фантаст жазушы­лар­дың жазған­дарынан он есе асып түседі десек, ешбір қателеспейміз. Инновациялық технологиялар, VR-техно­логиялар, кеңістік пен уақыттың жай адам­дардың түсіне бермейтін тылсым дүние сияқты көрінетін жақтарын фантастика жанры орта білімі бар оқырманның сауатын ашып, ал ізденімпаз жастардың қиялдарын ұштап алға, жаңа көкжиектерге жетелейтіні барша қауымға болмаса да көзі ашық, көкірегі ояу жандарға мәлім…
Фантастика жанры жасөспірімдерді қалыптан тыс жаңаша ойлауға бейімдеп қана қоймайды, олардың ойлау қабілетін арттырып, ерекше жаңа тұлғаларды қалыптастыратынын тарихтан білеміз. Соңғы кездері біздің білім беру жүйесі осы жағдайды түсіне бастағанға ұқсайды.
Соңғы екі жылда әл-Фараби атында­ғы Қазақ Ұлттық университетінде, Елордамыздағы Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде ғылыми фантастика жанры бойынша үш диплом, бір магистрлік диссертация қорғалды. Енді міне, қазақстандық оқу саласында, қазақ әдебиеті тарихында тұңғыш рет ғылыми фантастикалық жанр шығармалары қазақ орта мектептері оқулықтарына еніп отыр. Өткен 2018 жылы төрт бірдей баспадан: «Жазушы», «Мектеп», «Атамұра» және «Арман-тв» баспаларынан жарық көрген қазақ орта мектептерінің 8 сыныбына арналған «Қазақ әдебиеті» оқулығы мен хрестоматиясына қазақ ғылыми фантастика жанрының бастау алу және даму тарихы енді. Онда фантастиканың бет-пердесін 1957 жылы өзінің «Жер астына саяхат» ғылыми-фантастикалық әңгімелерімен ашқан ұлы ғалым, геолог, фарабитанушы  Ақжан Жақсыбекұлы Машаниден бастап бүгінгі күнге дейінгі қаламгерлердің шығармалары мен жеткен жетістіктері толық қамтылған. Оқулықтарда қазақ фантастикасы жанрының оқытылуының методикалары берілген…

(Толық нұсқасын газеттің №17 (3651) санынан оқи аласыздар)

ПІКІР ҚОСУ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Имя
E-mail
Пікір
 

error: Көшіруге болмайды! Авторлық құқықты бұзбаңыз !!