2018 ЖЫЛДЫҢ ӘДЕБИ СЫНЫ
02.05.2019
1026
0

Жаңғара Дәдебаев

Биылғы Әдеби жыл қорытындысында әдеби сын бойынша баяндама жасаған Сын кеңесінің төрағасы Жаңғара Дәдебаев поэзия, проза, драма, театр сындарына тоқталып, біршама ойды ортаға салды.

«Поэзия сыны, проза сыны, драма сыны, театр сыны ойдағы ұғым ғана емес, бұлардың әрқайсысы қалыптасқан, іштей бірнеше құрамдас бірліктерден тұратын күрделі жанрлық түр. Сын – әдеби үдерістің іргелі саласы ғана емес, әдеби үдерістің қозғаушы күші болатын. Әдеби сын мақалалар Жазушылар одағының ұйымдастыруымен жыл сайын ұжымдық жинақ болып жарыққа шығып, әдеби сынның рецензия, мақала (шолу мақала, проблемалық мақала), шығармашылық портрет сияқты жанрлық түрлері жыл бойында арнайы айдар бойынша жарыса жарияланып жатқан кездер кейінде қалды. Әйтсе де қазақ әдеби сыны 2018 жылды лайықты жетістіктермен өткізді».
Мұнан соң сыншы екі автордың – Амангелді Кеңшілікұлы мен Ардақ Нұрғазының еңбегіне ерекше ден қойып, өзге еңбектерден бөліп атады.
«Әдебиет сыншыларының қазіргі әдебиеттің зәру мәселеле­ріне арналған сын кітаптарынан екі кітапты ерекше атап өткім келеді. Олар – Амангелді Кеңшілік­ұлының «Тұрақсыз әлемнің сурет­кері: әдеби сын, эсселер» кітабы мен Ардақ Нұрғазының «Таным мен талғам: сын кітабы». 2018 жылдың әдеби сынының ажарын ашып тұрған – осы екі кітап. Сын кеңесінің қарауына ұсынылған басқа кітаптардың бірі – монография, бірі – оқу құралы, енді бірі – сын-зерттеу болды (Б.Ыбырайым, Ж.Дәдебаев, Қ.Мәдібаева үшеуінің «Ұлттық рух және шығармашылық даралық» монографиясы, Ұларбек Нұрғалымұлының «Әкім Тарази прозасындағы ұлт болмысы. Оқу құралы», Жәди Шәкенұлының «Қы­тай қазақтарының әдебиеті: сын-зерттеу мақалалары»). Мұнан әрі баяндамашы газет-журналдарға, сайттарға шыққан сыни һәм зерттеу мақалаларын егжей-тегжейлі атап өтті…

(Толық нұсқасын газеттің №17 (3651) санынан оқи аласыздар)

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір