Үгіт-насихаттық және ақпараттық баспа материалдарын «Қазақ әдебиеті» газетінде және www. qazaqadebieti.kz сайтында ұсыну тәртібі мен төлем мөлшері туралы мәліметтер
30.04.2019
1197
0

«Қазақ әдебиеті» және  www. qazaqadebieti.kz сайтының меншік иесі – Қазақстан Жазушылар Одағы.

«Қазақ әдебиеті» газеті –  1934 жылы, 10 қаңтардан бері қазақ тілінде жарық көріп келе жатқан әдеби, мәдени, өнер апталығы.

Газеттің форматы – А3

Газет аптасына 1 рет, жұма күні шығады.

Газеттің бір бетіндегі  жарнама көлемі – 1600 ш. см

Апталық тираж – 14779.

2019 жылғы 9 маусымда Қазақстан Республикасының Президент сайлауына қатысатын  кандидаттарға сайлауалды  үгіт-насихат  материалдарын жариялауға арналған баспа беттерін «Қазақ әдебиеті» газетінде  және www.qazaqadebieti.kz сайтында беру талаптары  жайында  хабарлайды.

Үгіт-насихаттық және ақпараттық баспа материалдарын ұсыну тәртібі

Үгіт-насихаттық баспа материалдары Газетке Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» Конституциялық Заңының 3-тармағының 28-бабында көзделген көлемде, Газеттің меншік иесімен басылымнан орын беру туралы келісімге қол қоюға өкілетті тұлғаның қолымен ұсынылады.

Үгіт-насихаттық және ақпараттық баспа материалдары Газетке модуль немесе мақала түрінде ұсынылады.

Үгіт-насихаттық және ақпараттық баспа материалдарын Газеттің беттерінде орналасуын  Редакция өзі анықтайды.

Үгіт-насихаттық және ақпараттық баспа материалдары Газетке  шығатын күнінен 3(үш) жұмыс күн бұрын беріледі.

Егер Президенттікке кандидат  сайлау  алдындағы  бағдарламасында  Республиканың  Конституциялық  құрылысын күштеп өзгерту,  оның тұтастығын бұзу, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты  қоздыру, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұру,  сондай-ақ заңдарда көзделмеген әскерилендірілген  құрылымдар құру  идеяларын уағыздайтын болса, газет үгіт-насихаттық және ақпараттық баспа материалдарын қабылдаудан бас тартуға құқылы.

Газеттің баспа бетіндегі орынның төлемақысы мен оны төлеу тәртібі

Үгіт-насихаттық және ақпараттық материалдар үшін басылым бетінен орын беру ақысы:

Дайын мақаланы немесе модульді ішкі бетке орналастыру 1 ш. см. –    1200 теңге ҚҚС қоса есептегенде.

Дайын мақаланы немесе  модульді 1-ші; 12-13-ші (түрлі-түсті бет) бетке орналастыру 1ш. см.  – 1400 теңге  ҚҚС қоса есептегенде.

Дайын мақаланы www. qazaqadebieti.kz сайтында  орналастыру (кеңістікті есептегенде әрбір 2500 п.б. дейін 1 күннен  кем емес) Модуль 3 – 250 000  теңге.

Төлем Газет  басылымнан  орын беруі туралы тиісті келісімшартында көрсетілген банк  реквизиттері  бойынша  немесе ұсынылған төлемшот негізінде  алдын ала, төлемшот  ұсынған  күннен бастап 3 (үш)  жұмыс күні ішінде төленуі тиіс.

Мекен жайы:  Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 105 үй,

№44 қабылдау бөлмесі, 3-қабат. Байланыс тел. 8 (727) 272-88-17,  272- 81-09, 272-81-10, 261-26-94

E-mail: Kazakh_adebiety@mail.ru

qazaqadebiety@gmail.com

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір