ШӨЛДЕН ӨЛГЕН ӨЗЕН
23.04.2019
951
0

Махмұд Дәруіш – тағдырлы тұлға. Ол – Палестинаның ұлт ақыны, қоғам қайраткері. Жеті жас кезінде оның ешкімге ұқсамайтын қиын өмірі басталды. Аяусыз қырғыншылықтан әкесі қазаға ұшырап, отбасы амалсыз жағдайда Ливанға қоныс аударуға мәжбүр болады. Израиль армиясы зорлықпен Палестинаны басып алып, ақынның туған өңірін быт-шыт етеді.

Осы бір қатыгез қолдармен жасалған қастандық бала Дәруіштің жүрегіне шемен болып жабысады. Ақын өзімен қоса 400 неше ауылдасының өзгелер тарапынан аяусыз азап шеккенін ойлап, соған жауап ретінде алғашқы жүрекжарды өлеңдерін жазады. Сол үшін де ол «қанжарға қауіп төнді» деген секілді тіркестерді ойлы өлеңдеріне қосып, назалы да жаралы жүрегін поэзияның күшімен емдеуге талпынады. Оның алғашқы жыр топтамасы – «Қанатсыз құс» кітап болып шыққанда Махмұд Дәруіш небәрі 19 жаста болатын. Ол ел алдында өз өлеңдерін оқығаны үшін Израиль күштері тарапынан түрмеге жабылады. Осының салдарынан 1970 жылы Палестинадан кетіп, Ресейге барып, Москва университетінде бір жыл білім алады. Кейінгі жылдарғы ақынның өмірі Египеттің Кайро қаласында өтеді.
Ұлтының тауқыметін сөз ету, азат күнді аңсау, басынан өткен қиын шақтарды жырға айналдыру – оның шығармаларынан көп кездеседі. Көзі тірісінде оның 30 неше жыр жинақ, 8-ден астам прозалық кітаптары жарық көрген. Алғашында дәстүрлі араб өлең үлгісімен поэзияға қадам тастаған ол кейін келе еркін өлең үлгісімен жаза бастайды.
Дәруіштің әр өлең жинағындағы рухты жырлар оның атын айналасына мойындатқаны туралы араб әдебиет сыншылары мен өзге елдегі әдебиетші қауым жиі жазып келеді. Бір ойланарлығы – ақын әр кітабының, әрбір жырларының атын өз өмірі мен өзі өмір сүрген дәуірге сәйкес ретінде қойғанға ұқсайды. Айталық, «Қанатсыз құстан» кейін, «Зәйтүн жапырақтары», «Бұл өлең аяқталмаса екен», «Шөлден өлген өзен», «Палестинаны сүюші», «Соңғы кеш», «Палестина жарасының күнделіктері», «Менің сүйіктім оянды», «Мылтық ұңғысындағы жазу», «Күз соңындағы жылы жаңбыр», «Сені сүйемін, сені сүймеймін», «Түсінде ақ лалагүлін көретін солдат», прозадан «Елсіз азаматтың күнделігі», «Отан туралы әңгіме» атты шығармалары оның өмірге құштар, Отанына ғашық жүрегінен, қуатты қаламынан туындады. Ақынның «Шөлден өлген өзен» атты кітабын парақтай отырып, төмендегідей отты жырларды ағылшыл тілінен тәржімәладым…

Дүйсенәлі ӘЛІМАҚЫН

(Толық нұсқасын газеттің №16 (3650) санынан оқи аласыздар)

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір