Теміржолшылар әулетінен шыққан
24.10.2015
1613
0
OLYMPUS DIGITAL CAMERA

OLYMPUS DIGITAL CAMERA

Саналы ғұмырын еліміздің білім және ғылым салаларында өткізіп келе жатқан Ілияс Абылайұлы Әйтімбет Алматы темір жолы техникумын аяқтаған бетте Шу темір жол депосына жұмысқа тұрып, алдымен машинистің көмекшісі, сонан соң қазақ темір жолындағы ең жас машинист болып еңбек жолын бастайды. Аңырақай стансасында өмірге келген Ілиястың әкесі – Сталинград шайқасының ардагері Абылай Әйтімбет те, ағасы Әбілмәмбет те темір жолшылар-тын. Яғни ол теміржолшылар әулетінен болады. Білім мен ғылымға деген ынта оны Қазақ Ұлттық университетінің философия факультетіне алып келеді.

Университеттен соң аспирантураға түс­кен Ілияс енді ғылым арқылы жұмысшы та­қырыбына жаңа сапада оралып, тәуелсіз даму жолына түскен Азия және Африка ел­деріндегі жұмысшылар табының қоғамдық са­насы мен ұлттық бірегейлік ұстанымының қа­лыптасу негіздері мен барысын зерттеді. Ға­лымның диссертациялық зерттеуінде жа­саған батыл да тың тұжырымдары бүгін де өзектілігін жоғалтқан жоқ.
Ілияс тынымсыз ізденісте жүретін педагог. Оның бұл қасиеті қырық жылдан асқан оқыту­шылық қызметінде өз жемісін беріп келеді. Философия және социология ол үшін абст­рактілі, өмірден алыс жатқан ғылым са­лалары емес, қайта күнделікті өмірде туын­дап жататын сан-қилы сауалдарға жа­уап табуға көмектесетін құрал. Профессор Ілияс Абылайұлынан дәріс алатын студент жастардың социология пәніне зор ықылас танытып, ұстаздарына құрметпен қарай­тын­дығы да соған байланысты болса керек.
Ілекең асыл жары, ол дағы педагог Гүл­бағдат (марқұм) екеуі Ләззат, Дос, Әлия сияқ­ты перзенттеріне жақсы тәрбие және бі­лім берді, олар қазір жемісті еңбек етуде, өз ортасына қадірлі азаматтар.
Білім мен ғылымдағы еңбегіңіз ұзақ та нәтижелі бола берсін, Ілеке!

М.Қ.Қойгелдиев.
Газетіміздің белсенді авторы
І.Әйтімбетке арналған бұл жүрекжарды құттықтауға
«Қазақ әдебиеті» ұжымы да қосылады.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір