ӘЙЕЛІ БАР ЕРКЕКТІ СҮЙ
12.04.2019
1460
0

Толымбек Әлімбекұлы

(«Әйелдерге төрт ақыл» өлеңінің бір түрі)

Сан пікірлер айтылса да үйде мың,
Сен алаулап өртенбегін, күймегін.
Шын жүрегін ұсынса да тізерлеп,
Үйленбеген сен бойдақты сүймегін!

Олар босқа өртенбейді, күймейді,
Жаса оған мың құрмет, сый мейлі.
Саған дейін ешкімді де сүймеген,
Сені де ол жақсы көріп, сүймейді.

Талай-талай жүректерді өртепті,
Көрінгенмен мінезді де өр, текті.
Сүйе көрме «сүй» десе де жалынып,
Әйелдері өліп қалған еркекті.

Құлағың сал әңгіменің жөніне,
Сүйе көрме ол еркекті тегінде.
Үйреншікті әдетімен бір күні
Көрге тығар күйіп, сүйіп сені де!

Үмітіңнің желпілдейді етегі,
Осы болар еркектердің бөтені.
Сүйе көрме ажырасқан еркекті,
Сенімен де ажырасып кетеді.

Махаббатқа жан-тәнімен берілген,
Өзгелерді сүюге де ерінген.
Әйелі бар еркекті сүй, сүйсең сен,
Махаббаттың орын алған төрінен.

Махаббаттың пернесі де, тиегі ол,
Осы еркекке шын мәнінде ие бол!
Басқа жаққа мойынын да бұрмастан
Әйелін де, сені де адал сүйеді ол!

(Толық нұсқасын газеттің №15 (3649) санынан оқи аласыздар)

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір