Абай мұражайының шығармашылық байланыстары
24.10.2015
1688
0
539692_1045153045_muzei_abai75 жылдық тарихы бар Абай қорық-мұражайы республика көлеміндегі алдыңғы қатарлы үлкен рухани мәдениеті қалыптасқан қарашаңырақ деп айтсақ, артық болмас. Ұлы ақын атын иеленген киелі де тарихи орда бүгінде Абайдың 170 жылдық мерейтойымен бірге өзінің 75 жылдық мерейтойын тойлау үстінде. Әрине, бұл да бір өзіндік бір үндестік үйлесімін тапқан мерейлі той. Мұндай мерейлі датаны елеусіз қалдыру біздер, яғни мұражай қызметкерлері үшін үлкен сын болар еді. Абай мұражайының қазақ мәдениетінің өркендеуіне аянбай үлес қосып келе жатқандығы баршамызға аян. Абай мұрасын, оның ақындық айналасын жан-жақты насихаттап, сан жылдар бойы асыл сөздің атасы Абайдан қалған асыл қазынаны барша ұрпаққа дәріптеп, ел назарына ұсынуда. Жыл өткен сайын мұражайға келушілер де, атқарылған жұмыстар саны да артып келеді.

Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени жә­не әдеби-мемориалдық қорық-мұра­жайы Қазақстандағы ірі мәдени орталық. Қорық-мұражайдың негізгі қызметі – Абай­дың өмірі мен шығармашылығын жә­не оның ақындық өнер айналасын, сол за­мандағы тарих пен мәдениет құбы­лыс­та­рын, заттық, құжаттық жәдігерлерді зерт­теу, сақтау, насихаттау, қорғау.
Жалпы, Абай мұражайы бірнеше ба­ғыт­та жұмыс жасайды. Соның бір бағыты – мұражайдың шығармашылық байланысы. Яғни қаламыздағы білім ордаларымен, әртүрлі мекемелермен бірге атқаратын жұ­мыстарына тоқталып өтпекпін.
Ең басты шығармашылық байланыстағы му­зей педагогикасын дамыту мақсатында мұра­жайда біршама жұмыстар атқарылып жа­тыр. Соның дәлелі ретінде музейімізде ашыл­ған «Өлең – сөздің патшасы…» атты мә­нерлеп оқу мектебін, «Асыл қазына» ақын­дар клубын атап айтсақ болады.
Музей педагогикасының қажеттілігі бү­гінгі күні еліміздегі музей қызметінің жүйе­­сіне мектеп оқушыларының көптеп тар­тылуымен байланысты. Жалпы алғанда, му­зей педагогикасы бұл музей мен мектеп арасындағы қарым-қатынасқа бағытталған пән болып табылады, өйткені музейдің мә­дени білім берудегі деңгейі өте жоғары бо­­лып келеді. Осының негізінде жаңағы атап өткен мектептердің маңыздылығы ерек­ше. Мұнда оқушылардың жан-жақты дамуына үлкен ықпал жасаймыз. Бойында ақындық қабілеті, өлеңге құштарлығы бар оқушылар ақындар клубына мүше болу арқылы өз талабын ұштай түссе, мәнерлеп оқу мектебінен сөз шешендігі, поэзия, про­за, көркемсөз оқу шеберлігі бойынша ме­к­тептен тыс бағдарлама бойынша көп­теген бағыттар алып, шеберліктерін шы­ң­дай түсуге мүмкіндік мол. Клуб мүшелері мұ­ражайда өтетін әр- түрлі шараларға, әде­би-танымдық кештерге, жыл сайын дәс­түрлі түрде өтетін Абай, Мұхтар, Шәкә­рім оқуларына қатысып жүлделі орындарға ие болып жатады.Бұл да осы музейлік пе­да­гогиканың нәтижесі деп білеміз.
Осы бағыт негізінде мұражай қызмет­кер­лері әрбір мерейлі күндерге, мемле­кет­тік мереке күндеріне арналған кешенді іс-шаралар, танымдық сабақтар, лекциялар, тақырыптық экскурсиялар, тарихи жер­лерге экскурсия, жылжымалы көрме­лер тағы да басқа жұмыс түрлерін ұйым­дас­тырып, қаламыздың барлық мектеп оқу­шылары мен студенттерін қамтуда. Сон­дай-ақ, қаламыздағы «Жас қанат» ба­ла­­лар орталығы, №4 нашар еститін бала­лар­ға арналған мектеп интернатымен ты­ғыз шығармашылық байланыс орнатып, жыл сайын мұражайда осы аталған орта­лықтардың жеке көрмелерін өткізіп келеді. Биылғы жылы Абайдың 170 жылдық, Қазақ хандығының 550 жылдығы, мұражайдың 75 жылдығына арналған «Жас қанат» ор­та­лығының «Қазақстан – алтын бесігім» жә­не №4 мектеп-интернаттың «Мерейлі бе­лестер және рухани құндылық» атты көр­мелері ұйымдастырылып, мұражай экс­позициясынан ерекше орын алды. Оқу­шылардың өз қолдарынан шыққан қолөнер бұйымдары, картиналары осы көрмелер арқылы көпшілік назарына ұсынылып, өз ба­ғасын алып жатады. Осындай мұражай мен мектеп арасындағы екі жақтық шы­ғар­машылық келісім-шарт негізінде түрлі ба­ғыттағы қызмет түрлері арқылы оқушы­лар­ға қазақтың ұлы ақыны Абай Құнан­бай­ұлының мұрасын, шәкәрімтану, мұх­тар­тану, алаштану, саласындағы ең­бек­терді кеңінен насихаттаймыз, терең білуге ынталандырамыз.
Мұражай қызметкерлерінің өткізетін іс-шараларының мектеп бағдарламасынан тағы бір ерекшелігі – мұражай қорында сақ­таулы Ұлы Абайдың өмірі шығармашы­лы­ғы, ақындық айналасына қатысты ар­хив­тік құжаттар, қолжазбалар, сирек фо­тосуреттер, мектеп бағдарламасынан бө­лек тың материалдар, деректерді бейне­баян көрсету арқылы оқушының қызығу­шы­лығын арттырып, ой-өрісін, сөйлеу ше­берлігін дамытуда, әдеби қорын кеңей­туде, шығармашылыққа баулуда маңызы зор.
Қалалық білім бөлімі, дене шынықтыру жә­не спорт бөлімі және мәдениет бөлі­мі­мен де бірлесе көптеген шаралар ұйым­дастырылып отырады. Атап айтсақ, жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін республикалық «Абай оқулары», биыл облыстық деңгейде өт­кен «Абайды оқы, таңырқа…» білім сайысы, семинарлар, дөңгелек үстелдер, то-ғызқұмалақ және дойбыдан жекелей бі­рін­шіліктер, жергілікті ақын- жазушылардың шығармашылық кештері, кітаптардың тұсау­кесері, т.б. көптеген мәдени шаралар осы Абай мұражайынан бастау алып жата­ды. Оқушыларға ұлы ақынның мұрасын та­нытуда, интеллектуалдық пайым-пара­са­тын арттыруда мұндай шаралардың да өзіндік маңызы бар.
Бұл мұражайдың білім ордаларымен шы­ғармашылық байланысының бір қыры болса, екінші – ол мекемелермен байланыс ор­нату. Бұл ретте де үлкен жетістіктерге же­тіп отыр. Қаламыздағы әр мекемені қам­ту мұражай қызметкерлерінің енші­сін­де. Осы орайда музейде арнайы экскурсия ұйымдастыру, ұсыныстар бойынша арнайы мекемелерге барып лекция, жылжымалы көрмелер апарып, Абай, Шәкәрім, Мұхтар мұ­раларымен таныстырып, насихат жұ­мыстарын жүргізу – мұражай қызметінің бір бағыты болып саналады. Жыл басынан Абай­дың 170 жылдық мерейтойы бастау алғаннан бастап «Абай әлемі» тақы­ры­бын­дағы іс-шаралар қаламыздағы Қорғаныс істер жөніндегі басқармасы, Шығыс әске­ри қолбасшылығында, қалалық Салық бас­қармасында, түрлі мәдениет ошақ­та­рында, жоғары оқу орындарында, т.б. мекемелерде жүзеге асып жатыр.
Қазіргі кезде елімізде мұражай – ғы­лым­ның, білімінің, мәдениеттің қалып­тасуы­на ықпал ететін ғылыми-танымдық ба­ғытта қызмет атқаратын өз алдына дер­бес мекеме.
Жалпы айтқанда, жас жеткіншектерге бі­лім беру, шығармашылыққа баулуда, отан­сүйгіштік рухта тәрбиелеуде мұражай қыз­метінің атқарып отырған үлесі зор еке­нін айтып өткеніміз жөн.
Музей – ел тарихы, ұлттың мәдение­тінен ха­бар беретін тарихтың қайнар көзі. Музейде сақталған әрбір құндылықтан жеке мұра тарихын ғана емес, сол мұраға байланысты кезеңді, оны жасаған халық­тың мәдени деңгейін, тарихын көруге бола­ды. Абай мұражайына келген әрбір көрер­мен осы құндылықтарды өз көз­де­рімен көру арқылы үлкен рухани азық ала алады.

Гүлжан Құдайбергенова,
Абай қорық-мұражайының
ғылыми қызметкері.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір