Қазақ болмысы және ұлттық құндылық
12.04.2019
1717
0

Әбдірашит БӘКІРҰЛЫ,
философ-публицист,
Алматы қаласы Жетісу ауданы
Ардагерлер Кеңесі төрағасының
орынбасары

Ғұламаны өмірге келтірген халық пен мемлекетке немесе ұлтқа ғұлама даңқы абырой-атақ үшін қажет емес. Даналар  қашанда халқына үлгі-өнеге, рухани бағдар. Даналары мен ғұламалары танылған халықтарға интелектуалдық әлеуетін өсіруге мүмкіндік ашылады. Даналығы бар халық мәдени және рухани тұрғыда кемел жұрт қатарына қосылады. Олар даналарының даңқы ұлт мақтанышын оятады дейді. Өз кезегінде – ұлттық мақтаныш халық пен ұлтты ұйыстыруға әкеледі, одан қалды, ұлттық намысқа қалқан болады деп сенеді. Сондықтан, әр халық даналарының даңқы халық игілігіне айналса деп армандайды, оған үнемі ұмтылады. Қажет болса – күреседі. Бұл − ұлттық маңызы бар мәселе.

«САҚТАРДЫҢ ЖАУЫНГЕРЛІК ЖОРЫҒЫ» ат спорты көпсайысы

…Бұл ат ойынының жаңа түрі. Мұнда ғасырлар бойы Ұлы даланы дүбірлеткен ата-бабалардың жауынгерлік ерлігін паш ету көзделген. Тарихта «Кентавр» деген аңыз атқа ие болған, ежелгі Сақ жауынгерлерінің жорық сәттері жарыс барысында толық қамтылады.
Жарыстың мақсаты:
І. Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласының мазмұнын спорттық шоу түрі арқылы дәріптеу, насихаттау.
ІІ. Жастарды батырлық рухта және ұлттық болмыста тәрбиелеу, халқымыздың ұлы тарихына патриоттық және философиялық көзқарасты қалыптастыру;
ІІІ. Салауатты өмір салтын қалыптастыру;
IV. Ұлттық мәдениетті және қолданбалы өнер түрлерін дамы­туға серпін беру (қару-жарақ және құрал-саймандар жасауды дамыту);
V. Елімізге шет ел туристерін тартуға ықпал ету
Эстафеталық жарыс этаптары:
«Жау келді» – бірінші жауын­гердің айналымға кетуі (1-ші этап);
«Қол жию» – оң жақтан сол жаққа тастарды тасып үйіу (бұл Сақ сарбазының жорыққа аттанар дәстүрі). (Екінші сарбаздың айналымға кетуі (2-ші этап);
«Жекпе жек» – найзамен нысананы шаншу. (Үшінші сарбаздың айналымға кетуі (3-этап);
«Бет қаратпас» – садақпен нысана ату. (Төртінші сарбаздың айналымға кетуі (4-этап);
«Гүрсіл» – шоқпармен нысана қирату. (Бесінші сарбаздың айналымға кетуі (5-этап);
«Оралу-Ақсарбас» – Жеңіс. Соғыстан оралу рәсімі. (үйілме тасты орына келтіру). (Алтыншы сарбаздың айналымға кетуі (6-этап);
«Елқұшақ» – жетінші сар­баздың қолдағы тумен айналымға кетуі, Туды тұғырға қадау. Сапқа тұру. Абыздың батасы. Елмен көрісу (Елқұшақ).
Айта кетейін, бұл жоба өзім тұратын Алматы қаласы Жеті­су ауданы әкімшілігі атынан 2018 жылы 19 желтоқсанында Президент әкімшілігінде қара­лып, мақұлданған болатын. Мақ­сатымыз – Елбасы атап өткен «Атқа міну мәдениеті» атты ұлы мұрамызды жаңа заман тұр­ғы­сынан түрлендіріп, мәде­ни-спорттық шоуға айналдыру. Енді осыны іске асыру үшін кө­мек керек, әрине. Сондықтан, «Қазақ әдебиеті» газеті бетінен Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының, туризм мейлінше қарқынды дами бастаған Түркістан, Жамбыл, Алматы, Ақмола және басқа облыс әкімдерінің «құлақтарына алтын сырға» дер едім…

(Толық нұсқасын газеттің №15 (3649) санынан оқи аласыздар)

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір