АЛАШ АРЫСТАРЫ ҚАЙТА ЖЕРЛЕНСЕ…
12.04.2019
893
0

Екінші дүниежүзілік соғыста опат болып, ормандарда, батпақтарда, окоптарда, тіпті, суға батып кеткен жауынгерлердің сүйектері ыждағаттылықпен жиналып, жер қойнына тапсырылып, есімдері мәрмәр тасқа қашалып жазылып, олардың ағайын-туыстары бастарына барып тағзым ететін жағдай жасалғанын көріп, біліп отырмыз.

Зұлмат (1937-38) жылдары жазықсыз атылып кеткен Алаш арыстарының ақтал­ға­нына – 60, Тәуелсіз мемлекет болғаны­мызға 27 жылдан асса да, қазіргі ғылым мен технология дамыған заманда әрқайсысы­ның сүйектері жеке-дара сарапталып, жер қойнына ислам шартымен әлі тапсырылған жоқ.
Алаш арыстарының бүгінге дейін ресми бейітінің болмауы біздің мемлекеттігімізге, қала берді тәуелсіздігімізге өзге мемлекет­тер мен ұлттар алдында үлкен сын. Ұлт мойнына қарыз. Атылған жері белгілі, денелері қапқа салынып (жерленген емес), көмілген орны белгілі. «Биссимилласын» да айта алмай, асыл азаматтарымыздың көздерін көр топырақ көмді. Сырт елдерде емес, Қазақстан жерінде жатыр.
Мен осы мәселені 2018 жылдың 1-2 қа­раша күндері Т.Жүргеновтің 120 жылды­ғына арналған VІІ Орта Азия елдерінің те­атр фестивалі аясында ұйымдастырылған екі ғылыми-танымдық (Талдықорған қаласында Ілияс Жансүгіров атындағы университетте және Алматыдағы Т.Жүр­ге­нов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академия­сында) халықаралық конферен­цияларда өз баяндамамда айттым. Аталған екі ғылыми конференцияның тұжырымда­масына енді.
Конференцияға қатысушылар баян­да­ма­ларды талқылаудың нәтижесінде қарас­ты­рылған мәселелердің өзектілігін негізге ала отырып, қабылдаған ұсыныстардың бірі – өзім айтып отырған мәселеге тікелей байланысты. Сөзбе-сөз келтірсем: «Рухқа тағзым етуге келген ұрпақтардың жадында олардың есімін мәңгі қалдыру үшін Алаш арыстарын жер қойнына қайта тапсырып, бастарына зират орнатуды қолға алу»…

Сәби АҢСАТ,
Темірбек Жүргенов атындағы қоғамдық қордың төрағасы,
«Құрмет» орденінің иегері

(Толық нұсқасын газеттің №15 (3649) санынан оқи аласыздар)

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір