ЕРНАЗАР ГАННИБАЛ МА?
09.04.2019
1136
0

Қазақ ертегілерінің төресі «Ер Төстікті» «Azia animation» атты компанияның иелері Игорь Краус пен Артур Краус дегендер 2016 жылы толықметражды мультфильмге айналдырыпты. Осыған дейін youtube желісінде 1 879 868 рет қаралған аталмыш мультфильмді жуырда біз де бастан-аяқ қарап шықтық. Кез келген қазаққа «Ер Төстік» ертегісінің желісі әбден таныс. Біз Краустардың қазақ ертегісін «жүнін жұлған тауықтай жұлмалағанымен» қоймай, білген­дерінше бұрмалап, кілең қанішер, кісіжегіш кейіпкерлер жасағанына не түрткі болғанын түсінбедік. Мультфильмнің сапасы туралы сөз бөлек, бізді оқиға желісі әлемдік кез келген ертегі сюжеттерінен артық болмаса, кем емес Ер Төстікті осынша қор қылуға Краустарға кім рұқсат берді деген сұрақ мазалайды.

Ерназар Ер Төстікті неге қуды?

«Ерте заманда Ерназар деген кісі болыпты. Ерназардың сегіз ұлы болыпты. Бір жылы үлкен жұт болып, ел малын алысқа айдапты. Ерназардың сегіз ұлы да соның ішінде кетіпті». Ер Төстік осылай бастал­маушы ма еді? Ал біздің ақылман Краустар сегіз ұлды алты ұлға қысқартып, оларды қалыңдық іздеп, қызық қуған жанға, Ерназарды көрсеқызар, менмен шалға айналдырыпты. Ағайынды алты жігіт бір күні өздерімен бірдей алты апалы-сіңлілі жар іздейміз деп, жолға шығады да, сол күйі оралмайды. Ерназардың мыңғырған малы бағусыз қалып, кемпір мен шал аштан бұратылады. Ұлдарын қарғап-сілеген Ерназар атқан оғы жерге түспейтін кәнігі аңшы екенін еске алып, садақ асып, дала кезеді. Алдынан кезіккен аңдардың ешқайсысына атқан оғы дарымайды. Осы жерде мультфильм жасағандар Ерназарға қабанды ұзақ қуалатады. Әрине, Ертөстік ертегісінің исламмен қатысы жоқ. Бірақ ертегіде Ерназардың қабан қуалауы туралы бір сөз кезікпейді. Ендеше, мультфильм авторлары неге басқа емес, қабанды таңдады деген сұрақ туады?

Т.ӨСКЕНБАЙ

(Толық нұсқасын газеттің №14 (3648) санынан оқи аласыздар)

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір