ЖАҺАНДЫ ЖАЛТ ҚАРАТҚАН МҰЗДАҒЫ АРУ
29.03.2019
898
0

Ұлтты әлемге танытатын бірден бір тетік – өнер. Біршама уақыт бұрын талантты спортшымыз Денис Теннің беймезгіл қазасы жанымызды жабырқатқан еді. Жақында Жапонияның Сайтама шаһарында мәнерлеп сырғанаудан әлем біріншілігі өтті. Сол жарыста топ жарып, қазақстандық спортшы Элизабет Тұрсынбаева күміс жүлдегер атанды. Сарапшылар мұндай көрсеткіштің бұрын-соңды болмағанын жарыса айтуда. Бір ғажабы, Лиза негізгі бағдарламада 4 айналым сальхов жасап, әлемді дүр сілкіндірді. Мұндай элементті мінсіз орындаған биік көрсеткіш Қазақстан түгіл, бүкіл жаһанда жоқ екені анықталды. Тұрсынбаева ең алғашқы болып тарихқа енді.

Бұл нәтижеге 19 жастағы бой­жет­кен оңай жеткен жоқ. 4 айналым сальховты жасау үшін үш жыл тер төккен. Салмағы 40 келі, бойы 148 см спортшының сол еңбегі ақталып, бүгінде әлем жұртшылығының таңдайын қақтырып отыр.
Ресейлік танымал жаттықтыру­шы Татьяна Тарасова таңданысын жасыра алмады. Талай дарабоз саң­лақ­тарды бәйгеге қосып, шәкірттері әлем чемпионатынан жүлделі бо­лып жүрген тәжірибелі бапкер біз­дің спортшымыз жайлы бүй деді: «4 айналым сальхов элементі техни­калық тұрғыдан таза орындалды. Тұрсынбаева мұны әлем чемпиона­тын­да жасады. Бұл тарихи сәтті есте сақтаңыздар. Тұрсынбаева Тут­бе­рид­зенің командасына ауысқалы мүлдем өзгерген. Техникасы, қи­мыл­дары дамыған. Танымай қал­дым!» Ал, қос бірдей шәкірті жүл­делі болған Лизаның бапкері Этери Тутберидзе болса: «2019 жылғы әлем чемпионаты бүкіл команда үшін сәтті өтті. Дәл қазір түрлі се­зім­ді бастан өткеріп тұрмыз. Қыз­дардың жеңісіне қатты қуандық. Олар діттеген мақсаттарына жету үшін барын салды, әлемге орын үшін та­ласқан әдемі күрес үлгісін көр­сетті. Былтыр Олимпиада медаль­да­рын иеленгенде не істерімізді білмей, біртүрлі күй кешкен едік. Мы­на жеңістен кейін сезім түгел сырт­қа шыққандай болды. Загитова мен Тұрсынбаеваға алғысымды білдіремін. Барша топқа жасаған ең кермет сый бол­ды», – дейді ағынан жарыла…

Тілекберді Құмарбек

(Толық нұсқасын газеттің №13 (3647) санынан оқи аласыздар)

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір