КВАНТ
29.03.2019
1408
0

Досхан Жылқыбай

– Бек! Бе-е-е-к!
– Ау?
– Шықсаңшы. Кешігеміз ғой.
– Қазір.
Феннің ызыңы естілгенде ба­рып Бекбол өзінің қарсысында тұрған кір мәшине үстіндегі бар­мақ жуандығындай целло­фан­ның аузын буып, ваннаның ас­тын­­дағы кішігірім банкаға жа­сыр­ды. Астыңғы ерініне салған қошқыл иістіні раковинаға түкі­ріп жатып, шұбатыла созылған көкжілтім сілекейінен жиіркен­ген­дей жыл­дам су ағызған. Үй­рен­бегендікі ме, жүрегі лоблып, запыран көтерілді. Жайшылықта тістеріне щетка жуытуы қиын еді. Осы жо­лы ұзақ ысқылады. Лоқ­сы­ғанына қарамай, щеткасын тілінің үстіне де біраз сырғанатып алған. Бұл жуынып шыққанда Кәмилә да шашын желпілдетіп болған екен.
– Сонша ұзақ отырғаның не?
– Темекі қойғалы бері қиын боп қалды…
– Үйреніп кетесің. Иісі жағым­сыз. – Кәмилә тыжырынып ке­ліп, құлағының үстін ебедейсіз жапқан Бекболдың шашын та­рады. – Бүгін қидырып тас­тайық.
– Иісінің жағымсыз екенін бү­гін байқадың ба?
– Киін енді. Емтиханға кеші­геміз.
– Қай аудитория еді?
Асханада қуырған жұмыртқа­сын тәрелкеге салып жатқан Кә­милә:
– Үш жүз сегіз, – деп дауысын көтеріңкіреді.
– Екеуміз бір аудиториядамыз ғой.
– Иә, Бек! Қай пиджагімді ки­сем болады?
– Түнде сұрыңды дайындап қойып ең ғой, Ками!
Тағы да тыжырынды.
– Осы не әдет?
– Ол түндегі көңіл күймен таң­дал­ған.
– Түс көрдің бе немене?
– Иә. Айтпақшы тойды күзде жасасақ қайтеді?
– Ұзатуыңды жасағың келсе… Ал негізі үйлену той жазда ғой.
Қастарының түйіскен жері мен мұрнының үсті әнтек әжім­денді де:
– Қой. Қызылымды киіп шы­ға берейін, – деп пиджагін қо­лына ұстаған күйі сыртқы есікке бет­теді.
Жол бойына шыға қалғанда екеуінің қол көтеруін күтпестен қызыл Tоyota тоқтады. Баратын жерлері жақын болса да, көліктің жаңалығын ұнатқан Бекбол төрт жүз теңгеге келіскен. Артқы орын­­ды­ғына жайғасып, қозғал­ған көліктің жүрісін жүргізуші екін­шіге ауыстырғанда барып Кәмилә баж ете қалды:
– Ойбай, ұмыттым. Кеше түн­де сұр пиджагімнің қалтасына салып, дайындап қойған едім.
– Нені?
– Шпоргалка.
– Үйге кірсек кешігеміз. Уай­ым­­дамашы. Берілген парақ­тар­ды толтырып шықсаң жетеді емес пе?
– Тү-у-у, қиын болды…
Радио сарнап тұр.
– Соғыс оты сөнбеген Сирия­дан отандастарымыз елге оралды. Президенттің тікелей тапсырма­сы­мен жасалған «Жусан» гумани­тарлық операциясының нәтиже­сінде 47 қандасымыз туған жерге аяқ басты…

(Толық нұсқасын газеттің №13 (3647) санынан оқи аласыздар)

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір