ХАЛЫҚ ӘНДЕРІНІҢ БӘРІ – ХИТ
29.03.2019
2206
0

Айгүл ҚОСАНОВА:

Жүрек сөзін, көңіл назын, сезім сырын, қайғы мен қуанышты әуезді әнмен, ұйқасты өлеңмен жеткізген ата-бабамыздың бізге қалдырған қымбат мұрасының бірі – дәстүрлі әндер. Сол құндылықты жарқыратып, ұлттық өнерді насихаттап жүрген өнерпаздар аз емес. Сондай бірегейдің бірі – Батыс ән мектебінің өкілі, танымал әнші, ұстаз Айгүл Қосановамен аз-кем әңгімелескен едік.

«ҚҰСТАР ҚАЙТЫП БАРАДЫ» ӘНІ ӨЗГЕ БІР ҚЫРЫМДЫ АШТЫ

– Қазақ ән өнері туралы айт­қанда Шәмші Қалдаяқовтың есімін аттап өту қиын. Ол кісінің әндерін ата-бала-немере сияқты үш ұрпақ әлі күнге дейін тыңдап, орындап келе­ді. Өнердегі, әндегі өміршеңдік де­ген осы болар?
– Қазақ ән өнерінде өзіндік орны бар композиторлар көп. Бірақ солардың ішінде ең беделдісі – Шәмші Қалдаяқов. Ол кісінің әнін тыңдамаған, айтпаған бірде-бір буын жоқ деп айтсақ, қателес­пей­міз. Сол кездегі отырыс, кон­церт­тер мен басқосулардың бар­­лығында тек қана Шәмшінің әндері әуелейтін. Меніңше, Шәм­ші ағамыздың әндерінің өміршең­дігі – әр шығармасының халқына деген шексіз махаббаты­нан туған­дығы болса керек. Өйткені, өз ісін жақсы көрмейтін адамнан жақсы дүние қалуы мүмкін емес. Өзінің рия­сыз сезімімен, жүрекжарды мұң­ы­мен, шынайылығымен, ешкімге тәуелді болмай ән шы­ғарудың өзі үлкен жетістік. Ал, мәңгі есте қалу – бақыт.
– Н.Тілендиевтің «Құстар қайтып барады» деген әні сіздің тамаша даусыңызбен жүректен жүрекке жетті, жете бермек. Осы ән сіздің жан-дүниеңізге несімен жақын?
– Бұл ән менің тағы бір қы­рымды ашқан туынды болды. Осыдан бірнеше жыл бұрын бір ән жобасында әнші Саят Медеуовпен дуэт айту ұсынылды. Өзің білесің, дуэт айту оңай емес. Себебі, сен таңдаған ән қасыңдағы әншінің дауысына, табиғатына жат бол­мауы керек. Біз «Қандай ән айтсақ болады?» деп ойланып жүрдік. Бір күні композитор Бағлан Омаров­тан кеңес алуға бардық. Сол кезде Бағлан жайлап фортепианомен бір әуенді ойнап, «Осыны айтып көріңдерші» деп ұсыныс жасады. Содан айттық. Сәтті шықты. Бұл ән менің ең алғаш рет эстрадада айтқан әнім. Саяттың әдемі қоңыр даусымен менің даусым үйлесіп, үндесіп, халық өте жақсы қабыл­дады. Ең бастысы — Нұрғиса Тілен­диев атамыздың әнінің құдірет­тілігі еді. Ән әдемі болған соң, оны орын­даушы қалайда биікке шыға­рып айтуға, әннің обалына қалмауға міндетті.

Сұхбаттасқан
Дүйсенәлі ӘЛІМАҚЫН

(Сұхбаттың толық нұсқасын газеттің №13 (3647) санынан оқи аласыздар)

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір