Жаңа заманмен жаңғырған Наурыз
22.03.2019
697
0

Қазақтың «ақ бұлағы бал татып, ақ шабағы май татыған» ұшы-қиырсыз ұлы даласы бусана бастады. Табиғаттың қыр-сырын жақсы білген қазақ «күз – дәнімен сәнді, қыс – қарымен сәнді, көктем – әрімен сәнді, жаз – барымен сәнді» деген. Аспан-жер арасындағы ұлы жаратылыстың жан иесін жадыратар жаршысы – әз Наурыз келіп жетті.

Шаруа баққан қазақ өзінің сол мал­шаруа­шылық кәсібіне орай, күн райын қоса баққан. Мәселен: «жылқы жылы – осқырып кіреді, жылан жылы – ысқырып шығады»; «дәрия буланбай далаға шық түспейді, шық түспей тұрып, шөп буыны іспейді, шөп буыны іспей шыбышқа шыр бітпейді, қойға шел бітпейді. Қойға шел бітпей қожайынға төл бітпейді»; «күз құйынды болса, қыс аязды болады»; «бұғы бөктерді қыстаған жылы қыс жұт болады»; «күзде Жайық басынан жел тұрса, жаз да болса, қыс бола­ды»; «жұт болар жылдың күзі дауылымен әндетіп тұрады, құрғақшылық болар жылдың көктемі шаңдатып тұрады»; «күзгі бөрі сырғақта бір қырбақ жауады, қасқыр жем іздеп қораға шабады»; «қараша – қауыс, кәрі-құртаңды тауыс»; «қыстың жылымығы дұшпаныңның жымиғанындай-ақ»; «қыста ертеңгі күн құлақтанса, еліңді жау шапқандай күйін, кешкі күн құлақтанса, қатының ұл тапқандай сүйін»; «малдың терісін теспей етін жейтін, жілігін шақпай майын соратын қыс келеді»; «ай қораланса – аяғыңды сайла, күн қораланса – күрегіңді сайла»; «күзгі мұздың айнадайынан қорықпа, көктемгі мұздың жалтырағанынан қорық»; «көктемде көшпей жылжып қон, көктемнің күні көңілшек»; «көктемде көрініп тұрған ауылдан көрінбей тұрған бұлт жуық»; «отамалы оңынан келсе – ойланған­ша өтеді, терісіне бақса – отап кетеді»; «көбік қар жауғанда – көгі бар жерден сақтан, көк шыққанда – көделі жерден сақтан»; «күн райын тоққа санама, көктемгі боранды жоққа санама» деп ақырзаманды орната, шылқыған шындықты ақтара келіп, аяғын қорытқанда: «Наурыз келсе күн күркірейді, күн күркіресе, жер иір, жер иісе, мал иір»; «айран алғаш шыққанда – шарбат, қымыз шыққанда – іркіт болады» деп, қыстың қытымыр күндерінен құтылған жақсы лебізбен арқаны кеңге салғандай болады. Яғни, көшпенді ел өмір тынысының тірегі – 22-ші наурыздан ары қарай басталған…

Жанат Ахмади

(Толық нұсқасын газеттің №12 (3646) санынан оқи аласыздар)

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір