Ел иесі құт болса…
22.03.2019
1283
0

Қазақ қоғамында ұлы өзгерістер болып жатыр. Президент ауысты, астананың аты өзгермек… Жә, біз бұл өзгерістерден не күтеміз? Алаш көсемі Әлихан Бөкейхан: «Елдің тұрмысын, тілін, мінезін білмеген кісі көш басын да алып жүре алмайды» деген екен. Ендеше, ел қандай басшыға мұқтаж, елдің аңсағаны қандай көшбасшы? «Халық қаласа, хан түйесін сояды» деп мақалдаған қазақ демократиясының қағидалары бүгінгі күннің шындығымен сәйкес келе ме?

Қит етсе, Батысқа жүгінетін жаман әдетіміз бар: сонда деймін-ау, қазақта демократия – халық билігі болмаған ба? Егер болмаса, «бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ», «бай болғысы келмейтін адам жоқ, Құдайы қаламайды, хан бол­ғысы келмейтін адам жоқ, халқы қала­майды» деген мақалдар қайдан шыққан?
Сұрақ көп. Жауап беруге міндеттіміз. Меніңше, демократияның нағыз үлгісі қазақта болған. Алысқа бармай-ақ қояйын, «Қазақ» деген этнонимнің өзі – «еркін өмір сүруші, шекараға кетіп қалушы» деген мағынаны білдіреді. Оған дәлел, тоқсан екі баулы Көшпелі Өзбек мемлекетінен «қазақ шыққан» Керей мен Жәнібек, Ресей империясы­ның қыспағына шыдамай, «Қазақ бола­мыз», «еркін өмір сүреміз» деп, қиыр жайлап, шет қонған кешегі казактар.
«Қазақ болу» – өмір сүру салты – ер­кіндікке ұмтылғандардың ерікті қоғамы. Басқасын былай қойғанда, біз егер «Қа­зақ» сөзінің энергетикасын, тұла бойына жасырған потенциялын, бұла күшін алып шығып, айдай әлемге, бірінші – өзімізге айшықтап түсіндіріп бермесек, Қазақ мемлекетінің ұлттық болмысы ешуақытта ашылмақ емес.
Қазақ қоғамындағы Көшбасшы – сакральды тұлға – жаратушы Көк Тәңі­рі­мен тікелей байланысты; Тәңірі­нің өзінен тікелей жаратылған, Тәңірінің бар қасиетін, құтын – бойына жиған ерекше адам.

«Тәңірідей, Тәңірден жаралған
Бабам Естеми Қаған».
Ата-бабаларымыз тасқа қашап жа­зып кеткен асыл лепес осылай дейді.
Шоқан жазады: «Бабаларымыз бұрын Тәңірі деген, қазір Алла дейді, ата-баба аруағын бұрын Онгон деген, қазір Аруақ дейді – аты өзгергенмен идеясы сол қалпында қалды» деп. Ежелден Бай Тәңірі ислам діні келген­нен соң жаңа мазмұнға ие болып одан сайын байи түсті. Биліктің сакральдығы жаңа жағдайда «Патша Алланың жердегі көлеңкесі» деген ұғымға ауысты.

(Толық нұсқасын газеттің №12 (3646) санынан оқи аласыздар)

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір