Хахахулап жар салдым…
15.03.2019
1324
0

Алып едім,
Таудай биік,
Даладай кең едім.
Жұлдызы құйылып жатқан
Көк аспанмен тең едім.
Жауларым
Айтқанына жүргізіп,
Айдауына көндірмек болды
Мені өлтірмек болды.
Ернеуі таудай биік,
Даладай үлкен
Табыт жасады.
Басымды жерге тигізді,
Үстіме кебін кигізді.
Бірақ мен көнбедім.
Өлтірем десе де,
Өлмедім.
Табытты қайық еттім.
Кебінін жыртып
Желкен еттім.
Тәлкек еттім.
Әлі күнге мен табыт-қайықпен
Жүзіп келемін.
Кебінімді желкен етіп
Албастыдай өкірген,
Жындай көпірген
Арасат толқындарын
Бұзып келемін.
Е, Тәңірі,
Жолымды оңғара көр!
Аждаһаның деміндей
Оттай жел шығып
Жерімді жалап тұр.

Темірхан МЕДЕТБЕК


– «Алтынкөпірліктер» жайлы жазды­ңыз. Бүгінгі жастарды оқып жүрсіз бе? Біздің поэзия қай бағытқа бет бұрғаны дұрыс?
– «Алтынкөпірліктер» деген сөзді қолданысқа енгізген – Маралтай. «Біз алтын көпір болдық» деп айтып жүретін. Сол бір ауыр, қиын кезеңдерде, «алтын­кө­пірлік­тің» бірінің өлеңінде: «…қайыр­шы­ның алдына түскен тиынға да көзімізді саттық», – деген жолдар болатын. Олар қиындықты көрді. Десе де, өлең жазбай кеткен жоқ. Олар өткен дәуір мен бүгінгі кезеңді жалғастыруға алтын көпір бола білді. Бір өкініштісі, мен он бестен астам ақынды сол кезде жазған болатынмын. Солардың қазір бес-алтауын ғана анда-санда көремін. Қалғанынан көз жазып қалдым. Қайда кетті? Күнкөрістің қамы­мен өлеңнен алшақтап кеткен секілді. Көбі: «Мен бәрін бітірдім», – дейді, бірақ бәрін бітірдім деген адам – ештеңе бітірмеген адам. Мәселен, менің өмірге еш өкінішім жоқ, бірақ, өлең туралы, шығармашылық туралы оқысам, запы кеткен, босқа өткен жылдарыма өкінем… Соның есесін қайтарайын десем, күш-қуатым азайып қалды. Өкініп қалмас үшін адам жұмыс істеуі керек. Ал, таланты, потенциалы, негізі таусылып қалса, әрине, оған жазудың қажеті жоқ. Егер оны өзі сезінсе. Ол әдебиетті бүлдіруі мүмкін. Кейде потенциалы бар адамдар­дың өзі ішкілікке салынып, не қызық-думанға бой алдырып кетеді. Ондай ақындардан өлең үркеді, кие қашады, кірпияз өнер суиды…

Сұхбаттасқан Батырхан Сәрсенхан

(Толық нұсқасын газеттің №11 (3646) санынан оқи аласыздар)

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір