Жаңа әліпби ережесін қалай нақтылаймыз?

0
30 қаралды

Байынқол Қалиев,
филология ғылымдарының докторы,
профессор

Қалған Ғ, Ң дауыссыздарға келсек, латын әліпбиінде бұлар­дың жіңішке сыңар­ларының таңбалары бар (G, N). Осы таң­балардың үстіне шартты түрде жуандықты білдіреді деп, әлгі белгіні қойсақ болды, бұл ды­быс­­тардың жуан таңбалары жасалады. Мыс.: Ğ, Ñ.
Кейбіреулер «Қазақтың І/і дыбысының таңбасы ретінде латын­ның [і] әрпін алған жөн» дегенді айтады. Біздің ойы­мыз­ша, бұлай етуге болмайды. Неге десеңіз, сыртқы тұлғасы жағы­нан қазақтың І/і әрпі (дыбысы) латынның [і] әрпіне сай келгені­мен, оның жуан сыңары Ы-ның латын әліпбиінде таңба­сы (әрпі) жоқ. Сондықтан жуан­ды-жіңіш­келі екі дыбысқа латын­ның бір ғана Y таңбасын алып, жіңіш­кесінің үстіне әлгін­дей шартты белгіні қойсақ, сол жарап жатыр.
Міне, латынның небәрі 23 таңба­сымен (олардың алтауы­ның үстінде шартты белгі бар) қазақ тіліне тән 29 дыбысты таң­балап шықтық. Кейбіреу­лер­дің айтып жүргеніндей, қазақ тілінің 29 дыбысын таңбалау үшін латын­ның 26 әрпі жетпей қалған жоқ, қайта, керісінше, оның үш әрпі (V, F, Х) артылып қалды.
Енді өзімізге тақырып болып отырған «Қазақ емлесінің негізгі ережелеріндегі» баптарға ке­ле­йік.
6-10 баптардың бесеуінде де бір ғана I, Ý (кириллицада И, У) әріптерінің емлесі туралы ай­тыл­­ған. Бар гәп олардың жеке ды­быс­тар емес, қос дыбыстың, ай­та­лық, И – ый/ій, ұй/үй ды­быстарының, У – ұу/үу, ыу/іу дыбыстарының қосындысы екендіктерінде ғана.
Басқаша айтсақ, «Ережені» түзушілердің ұлттық тіліміздің ерекшеліктерін білмеуінде, білсе де оны мойындамауында. Олай болса, орыс тілінің (сөзде­рі­нің) қамын ойлап, соның ыр­қы­нан шыға алмай, қазақ тіліндегі ЫЙ/ІЙ, ҰЙ/ҮЙ ды­быс­тарын латынның бір ғана І таңбасымен, ал ҰУ/ҮУ, ЫУ/ІУ дыбыстарын латынның Ý таңба­сымен бер­ген­нен гөрі осы тір­кес­ті дыбыстарды жеке-жеке дыбыстарға тарқатып жіберіп, біздің ұсынымыз бойын­ша tуі/týі (тый/тій), uiyw/u’iýw (ұйыу/үйіу) деген сияқты таңбалармен белгілесек, Елба­сы­мыз айтқан­дай, «ұлттық код, ұлттық мә­де­ниет сақталған» бо­лар еді, жазу­да қазақ тілінің заң­ды­лықтары ескерілген болар еді.
Қайталап айтамыз, егер бұ­лай еткен болсақ, «Ереженің» 6-10 баптарында көрсетілген қи, ки, ми, си, баю, сүю сөздерінің жа­зылу­лары осы жерде көрсетіл­ген­дей емес, біз ұсын­ған­дай, ды­быс­талуы бойынша қый, кій, мый, сій, байыу, сүйіу деген түрде жазы­лар еді.

(Толық нұсқасын газеттің №10 (3644) санынан оқи аласыздар)

Пікір қосу

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.