Жаңа әліпби ережесін қалай нақтылаймыз?
01.03.2019
844
0

Байынқол Қалиев,
филология ғылымдарының докторы,
профессор

Латын әліпбиіне көшу мәселесі қоғамда қызу пікірталас тудыруы заңдылық. Әсіресе, ғылыми орта, тіл мамандары бұл тақырыпта өз ұсыныс-пікірлерін айтып, әліпбидің жаңа нұсқасы мен емлесіне қатысты көзқарастарын білдіріп келеді. Сала мамандарының ғылыми, тұжырымды пікірлері аса маңызды. Олардың ой-тұжырымын газетімізде бұған дейін де бергенбіз. Бүгін белгілі ғалым Байынқол Қалиевтің мақаласын ұсынып отырмыз. Бұл мақалада «Латын графикасына негізделген қазақ тілінің әліпбиіндегі» кейбір олқы тұстар көрсетіліп, оны түзетуге қатысты ұсыныстар айтылады және «Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелерінің» жетістіктері мен кемшіліктері сөз етіледі.

Редакциядан

­Қолымызға «Жаңа әліпби не­гізіндегі қазақ тілі емлесі ере­же­лерінің» 2-ші нұсқа-жобасы ти­ді. Жобаның 1-ші нұсқасына пікірімізді өз уақтысында айтқан болатынбыз. Енді оның 2-ші нұсқасына байланысты кейбір ойларымызды тағы да көпші­лік­тің ортасына салмақшымыз.
«Қазақ емлесінің негізгі ере­же­леріне» (ары қарай – Ереже) тоқталмас бұрын ең алдымен латын графикасына негізделген қазақ әліпбиін түбегейлі шешіп алған жөн сияқты деген ой айт­қым келеді. Өйткені қабылданған жаңа әліпбиде президентіміз Н.Ә.Назарбаев айтқан «Ұлттық код, ұлттық мәдениет сақтал­ма­са, ешқандай жаңару болмайды» деген және қазақ тіл білімінің негізін қалаушы ардақтымыз А.Байтұрсынұлы жазған «Халық­тың сөйлеу тілімен санасу керек» деген тұжырымдар толық түрінде сақталмаған. Оған дәлел:
1) Сонау 1912 жылдан бастап күні кешеге дейінгі барлық «Қа­зақ тілі» оқулықтарында Ы/І ды­быстары қатар беріліп, «бірі – жуан, екіншісі – жіңішке қысаң дауысты» деп түсіндіріліп келген болатын. Жаңа әліпбиде бұлар бір-бірінен жырақ жатқан ла­тын­ның Y, I деген бөлек-бөлек әріп­терімен таңбаланыпты. Біздің ұсынысымыз: егер жаңа әліпбиде қазақтың Ы дыбысын латынның Y әрпімен белгілейтін болсақ, онда тіліміздегі осы ды­быс­тың жіңішке сыңарын (І ды­­бысын) Ý әрпімен таңба­лаған жөн.
2) Кирилл графикасында бір-бі­рінен әжептеуір айырмашы­лық­­тары бар, бірі – ұзын И, екіншісі – қысқа Й-лер жаңа әліп­биде латынның бір ғана І таң­ба­сымен белгіленіпті. Бірін­ші­ден, бұлар бір дыбыс емес, екі дыбыс. Екі дыбысты бір әріппен таңбалауға болмайды. Екінші­ден, Й – дауыссыз дыбыс. Оны латынның İ әрпімен белгілегені орынды болар еді.
Шындыққа жүгінсек, И – бірі жуан (ый), екіншісі жіңішке (ій) қос дыбыстың тіркесі. Мы­салы: қый/кій, сый/сій, тый/тій, т.б. Біздің ойымызша, бұларды латынның қосарлы Yі/ Ý і әріп­те­рімен белгілеген дұрыс болады. Егер осылай еткен болсақ, осы дыбыстарға байланысты жобада көрсетілген 5 бірдей баптар (тар­мақтар) «Ереже» құрамынан шығып қалған болар еді…
…..

(Толық нұсқасын газеттің №9 (3643) санынан оқи аласыздар)

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір