Сарыарқадағы САМУРАЙ
27.02.2019
934
0

1 наурыз елімізде – Алғыс айту күні. «Бұл күні Қазақстандағы өзге ұлт өкілдері қазақ халқына рахмет айтып, алғыс білдіруі керек» дегенді алдымен ескерткен Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев болды. Жетісу жеріне, оның ішінде Шамалған стансасына жер ауып келген қаріп-қасірлерді қаршадайынан көріп өскен болашақ президент туған елінің кеңдігіне, адамзаттың бәрін сүйген, жоқ-жітікті бауырына басқан дархандығына шексіз сүйінсе керек. Сол жылдары Сталиндік депортацияға ұшыраған жазықсыз жандардың қатары қазақ жерінде іргесі бекіген саяси лагерьлердегі тұтқындармен де еселене түскен еді. Солардың бірі – Сарыарқаның самурайы Ахико Тецуро болса керек. Басынан сан қилы кезеңді өткерген Ахико-санды тауып алып, оның есімін көпке әйгілі еткен ғалым, бүгінгі Мәжіліс депутаты – Нұрлан Дулатбеков. Нұрекең Ахиконы қазақ театрының сахнасынан көргісі келіп, ол жайында жазушы-драматург Мәдина Омароваға қолқа салады. Театр басшылығынан тікелей тапсырма алған Мәдина Нұрлан ағасына еріп Ақтас кентінде тұратын Ахико Тецуромен жүздесіп, «Ақтастағы Ахико» пьесасын жазды. Бұл шығарма осыдан екі жыл бұрын Жапонияның театрларында қойылып, самурайлар мен сeгундар елін дүр сілкіндіріп қайтқан еді.
Алдымен Қарағандының, содан соң Астананың театрында сахналанған, осы күні Алматыдағы «әкемтеардың» репертуарына енген пьесаның жазылуын, Ахико Тецуромен кездескенін жазушы-драматург Мәдина Омарова былайша әңгімелейді:

– 1945 жылы Қызыл әскер Оң­түс­тік Сахалинге дейін барады. Ол кезде Ахико жас курсант болса ке­рек. 1948 жылы тұтқынға тү­сіп, 10 жылға сотталады. Оны өз­ге жапондармен бірге жүк кемесі арқылы Владивостокқа әкелген. Ол кейін Петропавлда, сосын Жезқазғанда болып, ақыр аяғы Қар­лаг­тың тұтқынына айналады. Ахико тек 1989 жылы ғана ақ­тал­ды. Оны туған еліндегі туыстары мен жақындары тек жарты ғасыр өткен соң ғана көрген. «Әкесі – елге қай­тып орал» деп хат жазып жі­беріп­ті. Оның отбасы болды. Бәрін тас­тап кеткісі келмеді», – дейді Тецу­роның жары Елена Ахи­ко. Қа­зақс­тандық жапон Жа­понияға тоғыз рет барған. Бірақ, түбегейлі қалып қоймай, Қазақ­станға ора­лып отырған. «Саха­лин­де күн суық. Әскерилерден қал­ған күрте­шені тауып киіп, жағалауда тен­тіреп жүргенімде совет әскерлері ұстап алып, абақ­тыға қамады. Бірден: «Жапон тың­шысысың», – де­ді. Мен олай емес екенін түсін­діруге тырыстым. Бірақ, көп ұза­май шын­дықты айтқаннан гөрі жапон тыңшысы болғанның анағұрлым қауіпсіз еке­нін ұқтым. Сөйтіп, тер­геу­шілерге қарсы­лас­қанды тоқ­тат­тым. Мойындадым. Олар маған қалың папка ашып, бума-бу­ма қағаз арнады. Мен бә­рі­мен келіс­тім… Қарлагқа түс­кенде он жеті жас­та едім. Тажал машина жаңа туған сәбиден бастап, ең­кейген, мүгедек кемпір-шалға дейін ші­мірік­пей жұтатын. Қар­лаг­тың қапасында 50 мыңнан аса жапон отырды, еңбек етті, өмір үшін күресті. Солардың бірі мен ед­ім», – дейді ол кейінірек актер Дулы­ға Ақмолда сомдаған образда.

(Толық нұсқасын газеттің №8 (3642) санынан оқи аласыздар)

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір