Жан Ата – жұмбақ, ғажап ата
15.02.2019
1110
0

Жан АТА

«Қазақстан рекордтар кітабы. 2014-2018» жинағын парақтап отырып, алғашқы беттердің бірінен мынадай қызықты мәліметке кезіктім: «Алматы қаласының тұрғыны, бокс, самбодан КСРО спорт шебері Жан Ата (1940 ж. туған) бірегей қабілеттерге ие. Ол 78 жасында 4 сағат 22 минут ішінде 6 кг 150 г ағаш қайрақты үздіксіз 9000 рет көтерді. Сонымен қатар, ол 3 сағат ішінде тоқтаусыз 5105 рет отырып тұра алады. Ішкі энергиясы, күші мен жігерінің көмегінің арқасында Жан Ата биіктігі 1,5 м және диаметрі 40 см бокс грушасын оған мүлдем тимей қозғалтады. Ол 15 градустық аязда жалаң аяқ қардың үстімен 3 км жүгіріп өте алады. 5 сағат бойы арқасымен жатып, Жан Ата 5 кг металл сүйменді 11 111 рет иеді. 145 минут бойы (2,5 сағатқа жуық) жанып тұрған майшамға кеңсіріктен 25-27 см қашықтықта бірде-бір рет көзін жұмбай қарады – бұл көздің көруін қалпына келтіреді, адам аурасын тазалайды, өз-өзін жетілдіру үшін адамның ішкі энергиялық мүмкіндіктерін нығайтады. 2018 жылы сәуірде Жан Ата жаңа рекорд орнатты – орындықта отырып, 24-25 см қашықтықта 5 сағат 5 минут 5 секунд бойы бірде-бір рет көзін жұмбай, жанып тұрған майшамға қарады. Бұл рекорд 33 белгілі Қазақстанның және әлемдік қоғамдастықтың адамдарынан құралған қазылар алқасының қатысуымен орнатылды». Осыдан кейін көп ұзамай, журналистік әуестікпен ғажайып атаның өзін іздеп тауып, әңгіме-дүкен құрдым…

…1942 жыл. Қараша айының басы. Екінші дүниежүзілік соғыс жүріп жатқан кез. Кеңес Одағы­ның пойызы Мәскеу маңындағы Подольск қаласына жетіп тоқтай­ды. Бір күні сыртта тынығып отырған жауынгерлердің жанына екі-үш жас шамасындағы кішкен­тай бала келіп, нан сұрайды. Қаб­дол­динов дейтін қазақ жауынгері аш-жалаңаш бөбекке тамақ беріп, үстіне бүтін киім кигізіп, бір-екі күндей өз қамқорлығына алады. Жол жүрер алдында командирінің айтуымен сол жердегі Балалар үйіне өткізеді. Старшина Қабдол­ди­нов­тің ұлты қазақ болғандық­тан, құжатқа баланың да ұлты «қазақ» деп жазылады. Алайда, жақын маңайда, негізінен, бурят­тар мен хакастар тұратындықтан, «бурят» сөзін де қосады. Осылай­ша, Балалар үйіндегі 11 қарияның ішінен Иван атайдың атын иелен­ген, «бурят баласы» деген лақап аты бар кішкентай Иван Ивано­вич­­тің жаңа өмірі басталып ке­теді…
Бала Иван намысқой, жігерлі, батыл болып өседі. Қандай жағ­дай­да да өз-өзін қорғай білетін. Сабақты да жақсы оқитын. Бала­лар үйінде жеті жыл тәрбиеленген ол әрі қарай Рязань жоғары әуе-десанттық командалық учили­ще­сінде білім алады. Қазақстанның Панфилов қаласында (қазіргі Жаркент) әскери борышын өтейді. Содан Мәскеуге, Мемлекеттік қауіпсіздік комитетіне жіберіліп, онда 37 жыл қызмет етеді. Өмірінің бес жылын Шаолинь ғибадатха­на­сында өткізген ол онда Шығыс фило­софиясы, гипноз, медитация, хиромантия, мимика және жест тілі, акупунктура, шөп терапиясы, ой терапиясымен қатар, кунг-фу, каратэ, айкидо, таэквондо секілді Шығыс жекпе-жектерін үйренген.

Мәдина СЕЙІТМАҒАМБЕТОВА

(Толық нұсқасын газеттің №7 (3641) санына оқи аласыздар)

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір