Келер күннің кеспірі
15.02.2019
884
0

Сәкен Сыбанбайдың «Ғаламтордағы махаббаты» туралы

Дағдарып барып даңғылын қайта таба бастаған қазіргі қазақ прозасының көшіндегі қаламы қуатты жазушылары­мыздың бірі – Сәкен Сыбанбай екенін осы күні жалпы оқырман да, жазарман орта да танып, біліп отыр. Алайда, біздің бүгінгі әдеби қауым ұзақ үнсіздіктен әлі арыла қойған жоқ. Әйтсе де, шынайы шебер жазылған көркем туындылар пікір тудырмай қалмасы және анық. Осылай деуімізге Сәкеннің әңгімелері жайында жазылған жазушы, драматург Дулат Исабеков пен әдебиеттанушы Анар Қабылқақтың шағын сараптамасы дәлел болса керек.

Адамзатты тұйыққа апарып тірейтін утопияның бірі – урба­низм. Ал ақиқат біреу: адам – та­би­ғат перзенті, оны табиғат анадан ажыратуға, әсте, болмайды. Алайда, «адамзат игілігін» көзде­ген ірілі-ұсақты механизмдер бұл күні уақыттан оза шауып, бәрі­мізді дедектете әкетіп бара жат­қаны тағы шындық.
Адамның жады мен сезімін өшіріп, өзін механикаландырып, машинаға айналдырып жатқан жаһандану өркениетіне қарсылық – постмодернизм идеясында жатыр. Осындай тығырыққа протест идеясында жазылған шығармалар­дың бірі – Сәкен Сыбанбайдың «Ға­лам­тордағы махаббат» әңгі­месі.
Сәкен кейіпкерлері – жалғыз­басты келіншек пен оның жалғыз ұлы Санат өздеріндей мыңдаған қала тұрғындары сияқты төрт­бұ­рышты қуықтай пәтерде өмір сүреді:
«Есін еміс-еміс біле бастаған Санаттың жадына тұңғыш тұтыл­ған сурет – бір бөлмелі пәтердің төрт қабырғасы, төрдегі сидам сирақ­ты ескі орындыққа қонжи­ған қоңыр теледидар және соның ішіндегі құпия дүниенің құлпын ашар қара пультпен қаруланған қаршадай бала».

Анар Қабылқақ,
әдебиет­танушы

(Толық нұсқасын газеттің №7 (3641) санынан оқи аласыздар)

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір