ОҚУШЫЛАР ЕНДІ «ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР» ЖЫРЫН ЖАТҚА АЙТАДЫ
15.02.2019
1404
0

Өткен жылғы «Тұлпар мініп, ту алған» бәйгесін ұйымдастырушылар биыл енді оқушыларға «Қобыланды батыр» жырын жатқа айтқызбақ.

6-10 сынып оқушылары арасында өте­тін байқауға 50 мың оқушы қатысады. Байқауға қатысты ұйымдастырылған шарада ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев жобаның ерекшелі­гіне тоқтала келіп: «Жоба мемлекет басшы­сының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласымен де, биылғы Жастар жылымен де тығыз байланысты. Басты мақсат – оқушыларды рухани адамгершілік қырынан дамыту және қазақ халқының «Алпамыс батыр», «Ер Тарғын», «Қобыланды батыр» және тағы басқа эпостары арқылы бай этномәдени және философиялық мұрасы негізінде тәрбиелеу», – деді. Байқауға қаты­сатын оқушылар «Қобыланды батыр» жырының Марабай жырау нұсқасын жаттайтын болады және алдын ала БАҚ-та жарияланған тақырыптар бойынша эссе жазады. Байқау үш кезеңнен (екеуі – іріктеу, біреуі – ақтық) тұрады. Аудандық кезең осы жылдың 22-28 сәуірі аралығында, облыстық кезең 29 сәуір мен 23 мамыр аралығында, ал республикалық кезең маусым не шілде айында өтпек. Сынға түскен мектеп оқу­шысы 107 беттен тұратын «Қобыланды батыр» жырын толық жаттаса, аталған көрсеткішті «Гиннесс» рекордтар кітабына өтінім беру де жоспарда бар.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір